Биология | Эксикоз

ксикоз дегеніміз- организмнің сусыздануы.



Себебі: диарея мен құсулармен өтетін жедел ішек инфекциялары. Клиникалық айқындалуына байланысты 3 түрі бар:



1. Клетка ішілік (су тапшылықты эксикоз),



2. клетка сыртылық (тұз тапшылықты эксикоз),



3. клетка ішілік және сыртылық (изотоникалы эксикоз).



Су тапшылықты эксикоз. Әдетте, құсу мен іш өту салдарынан су жоғалтудан болады. Сусызданудың бұл түрі, құсудан іш өту басым болғанда дамиды. Бұл жағдайда су клеткадан қан плазмасына ауысып, клетка ішілік сусыздану тудырады.



Тұз тапшылық эксикоз әдетте, құсу іш өтуден басымдығында баяу дамиды. Көбіне ем кеш басталғанда немесе бала организміне парентеральді артық глюкоза енгізілгенде , бұрыс регидратациялық ем жүргізілгенде болады. Соның нәтижесінде "судан улану” болады. Тұздың көп мөлшерде жоғалуы не оларды шамадан тыс артық еріту, сұйықты клетка ішіне ығыстырады.



Изотоникалы эксикоз құсық және іш өтуден су мен тұздың біркелкі жоғалуымен сипатталады. Эксикоздың бұл түрінің ағымы неғұрлым жеңіл. .....
Рефераттар
Толық