ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРКЕТИНГТІҢ ҰҒЫМЫ МЕН МАҢЫЗЫ

Маркетинг – іскерлік, кәсіпкерлік,
тапқырлық, дарындылық икемділік,
сезімталдық және білімділік мектебі.

Адамзат тіршілігіндегі әрбір жаңа кезеңнің өзіне тән жетістігі мен мұқтажы болады. Өркениет деңгейіне қарай өсе түскен өмірлік қажеттілік өндіру мен тұтыну арасындағы оралымдылыққа қол жеткізуді алға тартады. Осы талапты жүзеге асыру өмірге маркетингті алып келіп отыр.
Біздегі өтпелі дәуір деп аталып жүрген нарықтық экономикаға көшу кезеңі маркетингке үлкен жаңалық енгізеді деген сенім бар. Өйткені ғасырлар бойы жинақталған нарықтық экономика саласындағы тәжірибеге, қуатты экономикалық әлеуметке, жоғары дәрежедегі бизнестік білім мен психологиялық дайындыққа сүйенген маркетингті біздің жағдайымызға бейімдеудің өзіндік ерекшеліктері бар.
Ал менің курстық жұмысыма арқау болып отырған халықаралық маркетинг туралы айта кету қажет.
Халықаралық маркетинг дегеніміз – фирма мен ұйымдардың сыртқы немес әлемдік нарықтағы қызмет. Халықаралық маркетингтің ерекше формасы ретінде трансұлттық компаниялардың кез келеген бір елдің нарығына ену қызметіне мегамаркетинг әрекет етеді.
Міне тәуелсіздік алғанымызға он бес жылдай уақыт болды. Қазақстан Президентінің биылғы жылғы Жолдауында біздің мемлекетіміздің қандай өнеркәсіп салаларын дамыта отырып ДСҰ-ға (дүниежізілік сауда ұйымына) кіретініміз және халықаралық экономикалық қатынастарда маркетингтің алатын рөлі біздер үшін ұлғая түспек. Осы тұрғыдан алғанда бұл тақырыпты терең түсініп, оны пайымдап келешекте қолдануға біздер дайын болуымыз керек.
Мысалы, Жапония екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қауырт өсу жолына түскен кезде Министрлер кабинеті арнайы 25-жылдық жоспар жасап шетелдердегі нарықтарды жіті бақылап және соған жауап қата отырып әлемдегі экономикалық күш – қуаты жөнінен АҚШ-тан кейінгі ірі державаға айналды. Осындай кезеңді ГФР-да бастан кешірді. Яғни, халықаралық маркетингті ұғынудың маңызызор екні осы мысалдардан – ақ байқалып отыр емес пе?
Біздер мән беріп отырған халықаралық маркетинг тақырыбы біздің еңсесін жаңа тіктеп, қанатын енді жайып келе жатқан еліміз үшін өте өзекті мәселе. Біздердің құрдастарымыз жапон, корей, елдеріндегі студенттер де осы салаға зор мән беріп келешекте біздің сауда – экономикалық бәсекелестеріміз болады. Сондықтан осынау өскелең заманда еліміздегі саяси тұрақтылықты баянды ете отырып, еліміздің экономикалық ахуалын өркендету жолында біздер ешкімнен ұтылмауға мейлінше күш сала отырып осындай маңызды экономикалық білім көздеріне ден қоюымыз қажет ....
Рефераттар
Толық