Тұлғаның дамуы

Жаңа туған нәресте адам деп аталғанымен, тұлға деген атқа көпке дейін ие бола алмайды. Өйткені, кісі болып, ержету үшін бала оңы мен солын, өзінің «менің» басқа «мендерден», яғни басқа адамдардан ажырата білуі тиіс. Сондықтан да нәресте ,сәби, бөбектерді кісі,тұлға деп айту қиын. Есейіп,ер жетіп, өз бетінше әрекет ете алатын адамды ғана кісі, не тұлға дейміз. Қандай да болмасын бір іспен айналысатын, азды-көпті өмір тәжірибәсі, білімі мен дағдысы, икемі, дүние танымы, сенімі мен талғам-мұраты, бағыт-бағдары бар адамды тұлға деуге болады. Мінез қабілеті бір сыдырғы қалыптасып үлгерген, өзінің іс-әрекетін тізгіндей білетін, өз бойындағы жаман-жақсы қылықтары үшін жауап бере алатын адамды да кісі, не тұлға деймиз. Тұлғаның түрлері сан алуан. Оның жақсы, озық, ерен, топжарған түрлерімен қатар жауыз, керітартпа, бұзық қасқай т.б толып өкілдері болады. Мәселен, бүкіл әлемді қан қақсатқан Гитлер адамзатқа қас жауыз тұлға.
Халық түсінігінде мінез-құлықтың әр түрлі жағымды жақтары ' «кісілік» ұғымының төңірегіне топтасады. Кісіліктің басты белгілері: ар- ұятты қастерлеп сақтау, намыстылык, мейірімділік пен қайырымдылық, ізеттілік, адамдық пен шыншылдык, ілтипаттылық пен кішіпейілділік. Қазақ дәстүріндегі үлкенді сыйлау, оның алдынан кесе өтпеу, оған міндетті түрде сәлем беру, үйге келгенде төрдең орын беріп, кісінің көңіл-күйіне қарап, орынсыз сөзге араласпау кісілікке жарасымды қасиеттер.
Сондықтан адамның жеке басының психологиясын ұғыну үшін ен алдымен оның әлеуметтік жағдайын,яғни оның қандай коғамның мүшесі, қандай таптың өкілі екендігін, нақтылы кәсібін, білімін, іс-тәжірибесін білуіміз қажет.
"Тұлға" (лат. personalitas) ұғымы жеке адамды белгілі бір қоғамның немесе қауымдастықтың мүшесі ретінде сипаттайтын, оның әлеуметтік маңызды нышандарының орнықты жүйесі мағынасында қолданылады. Мысалы, педагог оқушы-жасөспірімнің тұлғасы туралы; әлеуметтанушы жұмысшының тұлғасы туралы; криминалист қылмыскердің тұлғасы туралы; психиатр холериктің тұлғасы туралы айтқанда, олардың әрқайсысы, ең алдымен, адамды — оқушы-жасөспірім, жұмысшы, қылмыскер немесе холерик етіп тұрған, солар үшін тұрпатты және мәнді, оларды өзгелерден абстракциялап тұратын нышандарды меңзеп отыр деп түсіну керек.....
Рефераттар
Толық