Топырақтың түйіртпектілігі

Топырақ үгілу нәтижесінен пайда болғаны әр түрлі механикалық бөлшектерден тұрады. Осы механикалық бөлшектер топырақ түзілу және оның әрі қарай даму процестерінде топырақ шіріндісі, өсімдік тамырлары, топырақтағы жәндіктер әрекеттері арқылы бір-бірінен желімденіп, жабысып, әр түрлі топырақ түйіртпектерін –агрегаттарын құрады яғни Топырақтың түйіртпектілігі деп атаймыз. Бұл топырақ құрылымына (структурасына) кіреді. Топырақ бөлшектерінің құрылымы .
1. Құрылымы жоқ, шаң-тозаңды,борпылдақ.
2. Құрылымы майда түіртпекті, оқ дәрәсіндей, мөлшері 0,5-1 мм.
3. Дәнді түйіртпекті, диаметрі 1-5мм.
4. Жаңғақоты құрылым, 5-10мм.
5. Майда кесекті құрылым, топырақ бөлшектерінің көлемі бірнеше см-ге жетеді. Топырақ түйіршектері неғұрлым ірілеу болса, соғұрлым топырақтар балшықты-сазды келеді. Ал топырақ түйіршіктері ірілеу болған жағдайда ол құмдақ жағдайда ол немесе құмды болады. Егер де топырақ құрамында майда түіршіктер мен ірілеу түйіршіктер аралас кезедессе, бұл топырақтар құм –балшықты топырақтар болып саналады.Әдетте,топырақ негізінен майда ұнтақталған түйіршіктерден тұратын болғандықтан, түйіршік көлемі оның диаметрінің ұзындығымен өлшенеді. Топырақтану саласындағы ірі ғалым профессор Н.А. Качинскийдің зерттеуі бойынша топырақ құрамындағы түйіршік өзщдерінің көлеміне қарай төмендегідей бөлінеді: Диаметрі 3ммден іріректерітастар, 1мм-ден 3мм-ге дейін –ірі құм, 0,25 мм-ден 1мм-ге дейін орташа құм, 0,05 мм-ден 0,25 мм-ден ұсақ құм, 0,01-ден 0,05-ке дейін –ірі шаң, 0,001-ден 0,005-ке дейін ұсақ шаң, ал даметрі 0,001мм-ден кішілеу –торзаң, 0,0001мм-ден кішілері-коллоидтар.....
Рефераттар
Толық