Отбасы мүшелерінің құқықтары

Отбасы құқығы некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы тәрбиесіне қабылдаудың басқада нысандарына орай, пайда болатын яғни отбасы қатынастарын, өзіндік және соған байланысты мүліктік қатынастарды, яғни отбасы қатынастарын реттейтін құқық саласы болып табылады. Отбасы құқығының пәнін құрайтын қоғамдық қатынастар өзіндік (мүлітік емес) немесе мүліктік болуы мүмкін. Мүліктік және өзіндік құқықтың басқа да саларының бірінші кезекте азаматтық құқықты реттейтін пәнін құруды мүмкін. Бірақ, аталған қатынастардың басымдығы, бір жағынан, азаматтық құқықта, екінші жағынан, отбасы құқығында бірдей емес. Азаматтық құқықтың негізгі міндеті мүліктік қатынастарды реттеу болып табылады. Ол өзіндік қатынастарды, олар мүліктік қатынастардан туындайтын болса, немесе қандай да болмасын өзіндік қатынастарды реттеу туралы арнайы нұсқау болса ғана реттейді. Бұған керісінше өзіндік қатынастарды реттеу отбасы құқығының негізгі міндеті болып табылады. Отбасы құқығының пәніне кіретін мүліктік қатынастар жеке адамның құқықтары мен міндетттеріне байланысты болады. Отбасы құқығының азаматтық құқықтан айырмашылығы да, міне, осында жатыр.
Сонымен бірге жеке қатынастардың артықшылығы жөнінде қозғағанда мынаны ескерген жөн: бұл қатынастардың барлығы бірден құқықтық реттеуге жатпайды. Профессор О.С. Иофоде атап көрсеткенде, жеке отбасы қатынастырына жататын заңды тұрғыда нормалаудың обьектік мүмкіндіктері белгісі бір дәрәжеде шектеулі болады да, сырттан бақылаудың ырқынына шығып кетеді ....
Рефераттар
Толық