Құқық | Конституциялық реформалар

Конституциялық реформалардың алғышарттарын қоғамдық дамудың бүкіл объективтік барысы әзірлейді. Олардың уақтылы ескерілмей қалуы да мүмкін, мұндай жағдайда қажетті конституциялық реформалар кешеуілдеп жүргізіледі немесе мүлде жүргізілмей қалады. Мұның қоғамдық қозғалыстың жүрісін тежері даусыз.
Егер конституциялық реформалар қажетті себептерсіз, алғышарттарсыз жүргізілсе, тіпті қоғамдық даму кезеңдерінен ілгерілеп кетсе, онда мұның өзі оның шын болмыстан алшақтауына, сондай - ақ қоғамға теріс ықпал жасауына әкеліп соғары сөзсіз, өйткені шешімі әлі пісіп - жетілмеген міндеттерді алға тартуы ықтимал. Конституциялық реформа жүргізудің алғышарттары мен сәттерін анықтаудағы қателіктердің екі жағдайда да ұзақ мерзімдік зардаптары болады, өйткені Конституция мен оның нормалары ұзақ бойы қолданылады, ал кей кездерде Конституцияның қате ережесін бірден түзетудің мүмкіндігі бола бермейді. Сол себепті конституциялық реформалар туралы, оны жүргізудің алғышарттары туралы мәселе барынша байыпты ғылыми тұрғыдан келуді қажетсінген еді, Назарбаевтың абыройына қарай, конституциялық реформалардың, Конституцияның өзінің негізгі идеяларының авторы ретінде оның бұл міндетті терең ғылыми негізде барынша нәтижелі орындап шыққанын айту керек.
Бұл міндеттерді шешу барысында ол конституциялық құрылыстың, елімізде жинақталған тәжірибесімен және басқа мемлекеттердің орасан мол тәжірибесімен егжей - тегжейлі танысты. Оның " Ғасырлар тоғысында " кітабында мынадай бір айғақ бар: конституциялық реформаларға әзірленген кезде жинақтаған мол білімі өз алдына, ол конституция жөніндегі референдумның алдына (тіпті демалыста жүріп) әлемнің он екі елінің конституцияларын зерделген екен.
1993 жылғы Конституция қабылданғаннан кейін де өмір бір орынында тұрып қалған жоқ. Назарбаев өмірдің өзі - ақ оның кемшіліктерін, әлеуметтік - экономикалық және саяси процестердің шын ахуалынан аулақ жатқандығын көрсеткенін жазады. Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу объективтік тұрғыдан қажеттіліке айналды. Осындай жағдайда ол, егкр халық қолдайтын болса, онда конституциялық реформаларды ары қарай жүргізе беру жөнінде тоқтамаға келеді. Конституцияны өзгерту және толықтыру қажеттігін немесе жаңа Конституция қабылдау қажеттігін негіздегенде, ал Ата Заңның ұзақ мерзімнің ішінде тұрақты болуға тиіс екеніне, әрі қазіргі уақытта қанша сапалы болғанына қарамастан, Конституцияның, әсіресе, өтпелі кезеңде өзгермей тұрмасын да ескерусіз қалдыра алмады.
Президент былай дейді: "... қоғамның бір орында тұрмайтынын, жаңа сан қилы саплық деңгейлерге котерілетінін, кез келген мемлекеттік шешімдер мен құжаттардың ерте ме, кеш пе, бәрібір уақыт талабынан қалып қоятындығын ойладым. Ондай көптеген қоғам мен мемлекет өмірінде болып жатқан шын өзгерістерді бейнелеуге тиісті Конституцияның да қашып құтыла алмайтындығы даусыз. Сондықтан кез келген елдегі конституциялық процесс Конституцияның қабылдануымен тоқтап қалмайды. Әлеуметтік - экономикалық және саяси процестердің құықтық кепілдемесі қоғамдағы өзгерістер қарқынына ілесіп қана қоймай, алға озып отыруға тиісті"....
Рефераттар
Толық