Экономика | Киім

Адамға ауа райының қолайсыз жағдайынан қорғану үшін және көріктілік үшін де киім қажет. Ертедегі адамдардың киім-кешектері мал терісінен жасалатын еді. Әсіресе, теріні сырт киім үшін пайдаланатын –ды. Оның бірі — тон. Ол «қаптама», «камйолша» атанып екіге бөлінген. Қаптамасы суықка сырттан киетін тон. Махамбеттің «Қаптай соққан боранда, қаптама киген тонар ма?» — дейтіні осы. Қамзолшасы етегі тізеден жоғары келетін тон. Тон орнына қасқырдың, түлкінің, қарсақтың, күзеннің, басқа аңдардың терісімен астарлап, сыртын матамен тыстап тігетін киімнің аты ішік. Ішіктің толып жатқан түрлері болады. Мысалы, түлкі терісінен, оның жөн, бауыр, аяқ терілерінен — қараяқ ішіктер жасалады. Кейде, құндыз, бүлғынның қымбат терілерінен де ішік жасалады. Оған Абайдың Ақылбай деген баласы шығарған ән сөзіндегі «Бұлғын ішік мен кидім, құндыз жаға» деген жолы куә.
Құндыз қазақта аса бағалы аң саналған. Қазақтар оның сала-құлаш терілерін төрдегі кереге басына сән үшің ілген. Ертеде бұл аң қазақ даласында көп болғандығына «Құндызды» аталатын өзен мен (Қостанайда), «Қамқа» (құндыздың бір түрі) атты келдің болуы куә. Кейін ел жиілене келе бұл сулардан құндыз бен қамқа ауып кеткен.
Құлынның терісінен астарсыз тігілетін тонды «жарғак» дейді, Оның қара кұлынның терісінен сәндеп тігілетіні жоғары бағаланады. Қасқыр терісінен астарланатын ішік те қымбатқа саналады. Ішікті қазақтар тыстап киген.
Кедей адамдар ішікті қоян, тарақ кұйрық (сарышұнақ) сияқты арзан терілерден де жасаған. Бірақ олардың сапасы оншама болмайды. Сондықтан «бір жылға қоян терісі де шыдайды» деуде де мән бар.
Ішіктің тысы, әдетте шұға, мәуіті сияқты қальщ мата-лардан тігіледі. Тері мен тыстың арасьш қалыңдату үшін тозған маталардан, жүннен «бидай» саналады.
Тонның жағасы жоғары етіп жасалады да, боран-шашында оны көтеріп алса, басқа суық тигізбейді. «Ел ағасыз, тон жағасыз болмайды» деу содан. Жағаға қымбат аң терісі, қозының, лақтың бұйра елтірісі сияқты терілер салынады. Тонның белі тарылып тігілетіндері «қынамал», қынамайтындары «қаптал» деп аталады.
Тысқы киімнің біреуі — күпі. Ол қойдың және түйенің жабағасынан жасалады да, жылылығы тері тоннан кем болмайды.
Жаздың сырткы киімі, түйенің иә қойдың жүнінен тоқылатын шекпен, түйе жүнінен тоқылған шекпен дәулетті адамдардын, қолына түскен. Шамасы келмеген кедейлер шекпенді қойдың жүнінен жасайды. ....
Рефераттар
Толық