Экология | КАСПИЙ ӨҢІРІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Қоғам дамуда, онымен қатар шаруашылық та, өндіріс те дамуда. Қазіргі қоғамдағы адамның сұранысы өте жоғары. Осы сұраныстарды қанағаттандыру үшін ғылыми-техникалық прогресс те қарқынды сипатта, ал ҒТП-ң өнімдерін жүзеге асыру үшін жаңа өндірістер салынуда. Әрине, мұның бәрінің адамзат дамуында пайдасы зор екені сөзсіз, бірақ, артымызға қарайықшы. Біз өз ұрпағымызға, келешекке не қалдырамыз? Қарасақ, көретініміз тау-тау қалдықтар, ауаның көмірқышқыл газымен ластануы, теңіздерге мұнай және басқа да зиянды заттардың төгілуі, осы экологиялық мәселелердің нәтижесінде ондағы флора мен фаунаның зардап шегуі. Ал егер сол жердің флорасы мен фаунасы бүлінетін болса, онда көп кешікпей бұл жердің экосистемасының өзгеруіне әкеп соғады. Мәселен, дүниежүзілік мұхиттар қарапайым ғана өзендерді арқылы ластанады. Сонымен қатар мұнай өнімдері мұхитқа балласт суларын төккенде, кемелердің апаты кезінде, теңізде мұнай мен газ өндіргенде түседі. Мұнаймен ластанған теңіздер мен мұхиттардың биологиялық тепе-теңдігінің бұзылуына алып келеді. Мұнай судың бетін қабықшамен жауып, оттегінің өтуіне кедергі жасайды, суда оттегі мөлшері азаяды, соның нәтижесінде тірі организмдердің өміріне қауіп төнеді.
«Қайран елім – өз елім!..» демекші алысқа бармай-ақ, өз туған жерімнің экологиялық проблемасына тоқталғым келіп отыр. Өкінішке орай, біздің елімізде де экологиялық проблемалар жеткілікті. Ол дүниежүзіліс сипат алған Арал теңізінің апаты, сондай-ақ Семей полигонының орнындағы радиоактивтілік мәселесі, Каспий теңізінің зауыт қалдықтары мен мұнай өнімдері әсерінен ластануы, Байқоңыр ғарыш станциясының проблемалары, азон қабатының тесілуі, қалаларда ауа ластануы, айта берсек қағаз жетпес. Соның ішінде өзіміздің туған жеріміз киелі өлке Маңғыстаудың кейбір экологиялық проблемаларына шолу жасағымыз келеді.
Маңғыстаудың бұл тұрғыдан жағдайы нашар. Оған біз Каспий теңізінің ластануын, кезінде уран өндірілген кен орнының жағдайын, Қошқар-ата көлінің проблемасын, Үстірттегі жарылыстар нәтижелерін және т. б. жатқызамыз. Енді осы мәселелерге толығырақ тоқталып кетсек. ....
Рефераттар
Толық