Тарих | Батыс түрік және Түргеш қағанаттары

VI-X ғасырларда Қазақстан жеріндегі алғашқы феодалдық мемлекеттер Көне және Батыс түрік қағанаттары еді.V ғасырға қарай Солтүстік Моңғолиядан Орта Азиядағы Әмудария өзенінің бойына дейін созылған кең байтақ жердің бәрін тирек /телэ/ деген жалпы атпен бірнеше тайпа мекен етті. Солардың бірі түрік тайпасы.Түрік деген ат алғаш рет 542-жылы аталды. Қытайдың солтүстік батысына орналасқан Вэй князьдігіне түріктер /туцюе/ жыл сайын шабуыл жасап,ойрандап отырған.Қытайлар түріктерді сюнну-ғұндар деп атаған.
546-жылы тирек /телэ/ тайпалары Моңғолияның онтүстік және орталық аудандарын мекендеген аварларға /жуан-жуань/ қарсы жорық жасайды.Осы кезде күтпеген жерден түріктердің қағаны Тумын /Бумын/ басқаруымен тирек /телэ/ әскерлеріне шабуыл жасап, жеңіп, 50 мың әскерін тұтқынға алады. Осыдан кейін түріктер күшейіп,енді аварларға /жуан-жуань/ қарсы шығып,авар қағаны үйінің ханшасын Тумынге әйелдікке беруді талап етеді.Авардың қағаны бұрын тәуелді болып келген түріктердің елшісін үйінен қуып шығады.552-жылы көктемде түріктер аварлардың ордасын талқандайды,авардың қағаны Анағүй өзін-өзі өлтіреді.Осы кезден бастап Тумын түрік билептөсеушілердің қағаны деген атаққа ие болады.Тумын 553-жылы қаза табады.
Тумын өлгеннен кейін,таққа оның інісі Қара-Еске отырады. Ол Орхонның жоғарғы жағында аварларды екінші рет жеңеді.Қара-Ескеден кейін, оның мұрагер інісі Еркінді-Мұқан деген атпен қаған болады.Оныың ел билеген кезі 553-572 жылдар.563-567ж.ж. Эфталит патшалығын басып алады. Осыдан кейін олардың жері Каспий теңізінен Солтүстік Индияға дейін және Шығыс Түркістанға дейін созылып жатыр.
Түріктер Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Жерорта теңізіне баратые Жібек жолына иелік етеді.Олар өздерінің жаулап алу жорықтарын жүргізуде Иранға қарсы Византиямен одақтасты, 571 жылы түріктердің әскери қолбасшысы Естеми Солтүстік Кавказды басып алады, сөйтіп Керчь түбегіне (Боспорға) шықты. Оның баласы Түріксанф Керчьті басып алып, 576 жылы Қырымға шабуыл жасады. Бірақ Естеми өлгеннен кейін 582-593 жылдары билік үшін қырқыс басталды. Өзара қырқыс пен әлеуметтік қайшылықтар қағанатты қатты әлсіретті. Күшейіп алған Иран 588 ж. Герат түбінде түріктерді жеңіп шығады.Византия 590 жылы Боспорды қайтадан жаулап алады.....
Рефераттар
Толық