Экономика | Бастапқы мәліметтер сапасын реттеу

Ұзақ мерзімді міндеттемелерге мыналар жатады - банктердің ұзақ мерзімді қарыздар
- банктен тыс ұзақ мерзімдік қарыздар
- мерзімі шегерілген корпоративтіқ табыс салығы.
Банктердің және банктен тыс мекемелердің ұзақ мерзімді қарыздары 1жылдан астам мерзімге, әдепте, жаңа техниканы енгізу шығындарына, өндірісті кеңейтуге,оны қайта құруға, қымбат бағалы жабдықты алуға және басқа мақсатты бағдарламаларға беріледі.
Қарыздарды алу және өтеу бойынша операциялардың арнайы аудитін өткізу үшін келесі көрсетілген шоттар. 3010 «Банк қарыздар», 3020 «Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарызы» және 3390 бөлімшенің «Қарыздар», 3050 «Басқалар» қолданылды. Оларға «Ұзақ мерзімді қарыздар» мен «Қысқа мерзімді қарыздар» аралық шоттар 1040 бөлімшенің “Банктердегі аккредетивтердегі, чектердегі; карт-шоттардагы ақша,” 1050 ”Ұлттықвалютада ағымдағы корреспонденттік шоттардағы ақша” 3320 Еншілес ұйымдарға кредиторлық берешек”, 3310 Берушілермен және мердігерлермен есеп айырысу” және басқа шоттармен корреспонденцияда алынған қарыздар сомалары кредит бойынша, ал дебет бойынша- ақша есебі жүргізілетін шоттармен корреспонденцияда өтелген қарыздар соммасы беріледі.
Қарыздарды беру мен өтеуге байланысты барлық мәселелер банк ережелерімен және қарыз алушы ұйым мен банк арасындағы кредиттік шарттармен реттеледі. Бұл мақсат үшін кредиттік шарт рәсімделеді, онда кредиттеу обьектісі, қарыз беру мен қайтару мерзімдері проценттік мөлшерлемелер, оларды төлеу тәртібі, тараптардың қарызды берумен өтеу жөніндегі міндеттемелерді, құқықтары мен жауапкершілігі, құжаттар тізбесі және оларды банкке ұсынудың мерзімділігі мен басқа жағдай көрсетіледі.
Ұзақ мерзімді міндеттемелерді тексерген де, аудитор бәрінен бұрын баланста көрсетілген, есепті кезеңнің басы соңындағы қалдықтың бас кітаптың жоғарда аталған шоттарының журнал ордердің мәліметтеріне қарап сәйкестігін анықтауға тиіс.
Алайда мұны бірден жасауға болмайды, өйткені баланста синтетикалық шоттардың қалдықтары емес, аналитикалық есептің мәліметтері келтіріледе. Басқаша айтсақ, баланстың «Қамтамасыз етілген қарыздар», «Қамтамасыз етілмеген қарыздар» және «Ұйымдардың бір-біріне және еншілес ұйымдарға беретін қарыздары», бабтары аналитикалық есеп мәліметтер негізінде толтырылуы тиіс. Сондықтан аудитор синтетикалық есептің аналитикалыққа сәйкес болуына баса назар аударуына тиіс.....
Рефераттар
Толық