Экономика | Байқоңыр

Бұдан 40 жыл бұрын қазақтың Бақыты болған Байқоңыр, қазір – Соры. Бұдан 5 жыл бұрын Байқоңыр Ресейге 99 жылға берілетін бопты деген сыбыс шығысымен Байқоңырдың Қазақстан үшін қаншалықты қауіпті екенін жақсы білетін.
Бүкіл үндеуді жазып отырған Байқоңыр аймағында тұратын, Байқоңырдың қасіретінен көз ашпай келе жатқан, соры бес елі, бақытсыз қазақтар. Біз Байқоңырдан бір емес, екі бірдей қасірет шегіп келеміз. Бірі - жан қасіреті, бірі - тән қасіреті. Жан қасіреті сол - ата-бабаларымыз қасық қанды да, шыбын жанын да аямай қорғап, бізге мұра етіп қалдырған жерімізге қазір кім ие? Орыстар ие. О жер қазір қазақтың жері емес, орыстың жері. О жерге бірде бір қазақ аттап кіре алмайды. О жерде Қазақтсанның бір де бір заңы, тіпті Ата заңы да жүрмейді. Ал енді, айналайын ағайындар-оу, өз жеріңе өзің ие болмаудан асқан не қасірет бар? Біздің қазір шегіп отырған жан қасіретіміз - міне, осы. Ал, тән қасіретіне келер болсақ, біздің қазір суымыз да у, тамағымыз да у, ауамыз да у. Бүкіл аймақта дені сау адам жоқ. Бәрі ауру, бәрі мүгедек. Еңкейген шалдан, еңбектеген балаға дейін ауру. Тіпті құрсақтағы баланың өзі туғанда ауру боп туады. Ал жеріміз ше? Жеріміздің халі бұдан да жаман. Жеріміз күннен күнге қу медиен далаға, Сахараға айналып барады. Бұ қалпымен бүгінгі Байқоңырдың айналасы қу медиен далаға айналса, ертең Қазақстанның бүкіл оңтүстігі қу медиен далаға айналатын болады. Одан бүкіл Қазақстан қу медиен далаға айналатын болады. Содан не істеуіміз керек? Байқоңырды жабуымыз керек. Бұған Президентіміз келісе ме? Келіседі. Келісетіні, оның ойы да біздің ойымыз сияқты. «Байқоңыр Ресейге берілетін болыпты» деген қауесет тарасымен, Президенттің бұған не дегенін бүкіл қазақ біледі. «Жоқ, Байқоңырды Ресейге бермейміз!» дегенді Президент нық айтқан. Және бір айтпай, бірнеше рет айтқан. «Олай болса, Президент Байқоңырды Ресейге неге беріп қойды?» деген сұрақ туады. Беріп қойғаны оны со кезде ешкім қолданған жоқ. Президент: «Жоқ, Байқоңырды Ресейге бермейміз!» дегенде, «Иә, Байқоңырды Ресейге бермейміз!» деген бір қазақ болды ма? Болған жоқ. Бізді қойшы, біз малдың ізіне қараған қазақпыз. Ал, астанадағы халықтың қамын ойлайтын, көзі ашық, көкірегі ояу қазақтар қайда қарады? Олар да жұмған ауыздарын ашқан жоқ. Ал енді халқы қолдамаған Президент не істесін? Ешнәрсе істей алмайды. Ал осындай, іштен тынып, көніп жүрген кезінде бүкіл халық болып: «Байқоңырды өзімізге қаратып алайық!» десек ше? Ол бұған қуана-қуана келіседі. Келісетіні, оның күні-түні ойлайтыны – халықтың қамы. Бізге не керек? Не қымбат? Ғарышты зерттеу қымбат па? Жоқ, қазақтың жері қымбат па? Жалпы, біз не үшін өмір сүреміз? ....
Рефераттар
Толық