Қазақ әдебиеті | Алтынайұлы Қарасай

Алтынайұлы Қарасай (1598-1671) — қазақтың қаһарман батыры, әйгiлi қолбасшысы, есiмi Шапырашты руының ұранына шыққан аса көрнектi тарихи тұлға. Қарасай батыр Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Суықтөбе тауының етегiнде Қарасаз деген жерде дүниеге келiп, Арқа жерiнде Көкшетау үшiн болған қанды шайқаста ауыр жараланып дүние салған. Топырақ Көкшетау алабындағы айыртау сiлемiнiң Құлшынбай деп аталатын төбесiнен бұйырған. Қасына өзiнiң қанды көйлек досы арғын Ағынтай батыр жерленген. Қос арыс-шапырашты Қарасай батыр мен арғын Ағынтай батырға және олармен бiрге қанды шайқаста қаза болған сарбаздарға қос күмбездi кесене орнатылған (1999).
Қарасай батырдың шыққан тегi ұлы жүз Шапырашты. Шежiре дерегi бойынша, Шапырашты Шам (Ыстық), одан Малды, Желдi, Қалды есiмдi үш ұл туады. Малдыдан Екей, Емiл есiмдi екi ұл туған. Емiлден Жайық пен Есқожа туған. Есқожадан Алысай, Алтынай, Шуаш есiмдi үш ұл туған. Алтынайдың үшiншi әйелiнен
.....
Рефераттар
Толық