Қылмыстық құқықтың пәні түсінігі міндеттері мен принциптері

Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қолсұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді. Мұндай реттеу үш түрлі жолмен жүзеге асырылады. Оның біріншісі, қылмыстық құқық нормасы арқылы қоғамдық қатынастарды реттеу функциясы болып табылады. Ол қылмыс істеуге байланысты қылмыс жасаған адам мен (субъекті мен) мемлекет арасында пайда болады. Мұндай құқықтық қатынасқа қатысушылардың әрқайсысының өзіне тән құқықтары, міндеттері пайда болады. Субъект қылмыс істеуге байланысты қылмыстық жауапқа және жазаға тартылуға міндетті болса, екінші субъект әділ сот органдары (сот, тергеу, прокуратура) қылмыс істеген адамды сол міндетті орындауға күшпен міндеттейді. Сонымен, қылмыстық құқықтық қатынастарды реттейтін бұл функция орын алған қылмыс оқиғасына байланысты қылмыстық жауаптылықты және жазаны қолдану немесе қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату сияқты мәселелерді жүзеге асырады.
Екіншіден, қылмыстық құқық нормасы арқылы жазамен қорқытып, тыйым салынған іс-әрекеттерді істеуге байланысты қоғам¬дық қатынастар реттеледі.
Яғни, қылмыстық заңның болуы және оны бұзған адамдарға қолданылатын жазаның қылмыстық құқықтық нормаларда көрініс алуы осы көрсетілген құқықтық функцияның толық жүзе¬ге асырылуына мүмкіндік туғызады. Үшіншіден, қылмыстық құқық қылмыстық құқықтың нормасы арқылы азаматтарға қылмыстық жолмен қиянат келтірілгенде олардың одан қорғануға байланысты қатынастарын ретке келтіреді. ....
Рефераттар
Толық

Әлеуметтану | Әлеуметтік топтардың әлеуметтік психологиялық ұйымдастырылуы

Әлеуметтік топтар мынадай топтарға жіктеледі:
Үлкен топтар ,орта топтар,шағын топтар, микротоптар,
ұйымдасқан топтар,ұйымдаспаған топтар,формалды емес (ресми емес) топтар,ресми топтар,әлсіз дамыған топтар,жоғары дамыған топтар, референттік топтар.
Әлуметтік шағын топтардың әлеуметтік – психологиялық ұйымдастырылуы мынадай түрде болады:
Шағын топ,шартты топ, нақты топтардағы, ресми топтарға, бейресми топтар, әлсіз дамыған топтар,дамуы жоғары топтар,диффузиялық топтар – (лат.diffusio – сейілу, төгіліп-жойылу),
ұжым, референттік топтар, референттік емес топтар
Әлеуметтік ірі топтардың ұйымдастырылуы
Үлкен топ дегеніміз – белгілі бір әлеуметтік нышандары, топтық қатыстылығы, жасы, жынысы, ұлты және тағы басқа белгілері негізінде сараланатын, адам саны жағынан шектелмеген шартты қауымдастық.
Әлеуметтік үлкен топтар – бұл адамдардың қауымдастығы, шағын топтарға қарағанда олар өкілдерінің арасындағы тұрақты әлсіз байланыстарының болуымен ерекшеленеді, бірақ көбіне ұйымшылдығы мен бірлігі кем емес, кейде күшейеді, сондықтан қоғам өміріне тигізетін әсері мол.
Этнопсихологияда әртүрлі этностардың өзіне тән ұлттық мінезін, этносын, өзіне тән психологиялық ерекшеліктерін зерттеу үлкен рөл атқарады.
Әлеуметтік – психологиялық зерттеулерде үлкен топтардың сипаттамаларын беруде қиыншылықтарға кездесуге болады. Таптардың, ұлттардың және тағы басқа топтардың психологиялық ерекшелігін зерттеудің жоқтығы көптеген қарама-қайшылықтарға әкеледі. Мұнан кейде үлкен топтардың психологиясын зерттеуде ғылыми талдау жасау мүмкін емес сияқты болып көрінеді. Г.Г.Дилигенскйдің қарастыруынша, үлкен топтардың психологиясы әлеуметтіу психология мәселелерімен қатар қойылған.
Жүйе құрастыратын қабат қоғам психологиясының сапалық ерекшеліктерін білдіреді және оның тұтастығының негізгі ерекшелігін анықтайды. Бұл қабат консервативтіліктің және өзгерістерді ң қиындығына, ұзақ тарихи тәжірибелер мен тұжырымдарға қатты берілген. Оларға қоғамның қызығушылығы, қажеттілігі, сенімі, мұраттары, есі, нанымдары, дәстүрі, салттары, қоғам пікірлерінің ауысуы, көңіл-күйі, шешімдері, т.б. жатады. ....
Рефераттар
Толық

Психология | Адам мотивациялық сферасының құрылымы қызмет етуі және дамуы

Мотивация адам өмірінің бұрынғы ғылымында орын ала бастаған. Жүз жылдықтың бірінші жарты жылында әр елдерде мотивация туралы ұғымдарды жан-жақты әр түрлі қарастыра бастаған. Мысалы, өздерінің түрткі және мотивация туралы зерттеулерін Фрейд Австралияда, Левин Германияда жүргізе бастаған және мотивация туралы пікірлер әр түрлі жағдайларда көп қарастырылған. «Түрткі» өзіне нақты жағдайда жүре бастаған талап етуді, қозуды, тырысуды тағы басқа қасиеттерді қосып алады. Осы терминдер динамикалық жағдайда бағытталып, іс-әрекеттің нақты бағалық жағдайын, субъективті тырысуын бағыттайды. Осы қасиеттердің барлығын қорытындылай келе және мотивацияның психологиялық зерттеулерін жүргізе отырып «түрткі» және «мотивация» деген ұғымдар туады. Түрткі бұл барлық қарым-қатынастағы «индивид-орта». Егерде түркіні бір шеңбердің ішіндегі қарым-қатынастың «индывид-ортасы» деп түсінсек, онда бұдан шыққан мотивацияның психологиялық мәселелерінің негізгі сегіз түрін атап өтуге болады:
1) «Индивид-орта» қарым-қатынастың эквиваленттілігі.
2) Жеке даралы өсу кезінде және нақты бағалы диспозиция қалыптасқанда түрткі қалыптасады.
3) Адамдардың жеке тұлғалық қасиеттері мен бірге түрткілері де өзгеріп отырады.
4) Адамның мінезі нақты бір жағдайда әр түрлі түрткіні иерархияға бағытталып, түрткілері әр түрлі жағдайға тап болып келеді.
5) Мотивация мінез-құлықтан қалыптасқандықтан түрткісі қалады.
6) Қозудың іс-әрекеттегі байланысын мотивация ретінде түрткі анықтайды.
7) Мотивация жеке процес емес, бұл мінез-құлықты басынан аяғына дейін анықтайды.
8) Мотивтендірілген іс-әрекетті мотивациямен салыстыруға болмайды. Іс-әрекет әр түрлі функционалды компоненттерден тұрады және мотивациядан осы қабілеттерде ары қарай бағытталып, қолдануын қажет етеді. Көп жағдайда біз мәселелердің қорытысында көрсетілген мотивациямен кездесеміз. Буржуазиялық психолгтер мотивация жайлы былай деген: «Сотивация өзіне нақты механизмдердің бөлінуін, мазмұнды жақтарын қоспайтын қандай да белсенді таза энергетикалық жинақ». Фриердан ойынша түрткі бұл энергиялық аспект реакциясының тәжірибесі.....
Рефераттар
Толық

Экономика | Бухгалтерлік есеп туралы түсінік және оның атқаратын қызметі

Қандай ғылымның болмасын пайда болу тарихы, маңызы мен мақсаты және қоғамда алатын өз орны бар екендігі белгілі. Солардың ішінде басқа салалардан өзінің ерекшелігімен оқшауланатын Бухгалтерлік есеп саласы бұдан бірнеше жүздеген жылдар бұрын пайда болып, күнделікті өмірде қолданылуы барысында қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайларына қарай өзгерістерге ұшырап келе жатқан ғылым болып табылады. Бухгалтерлік есеп туралы белгілі ғалым Б.Де Солозано “Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес және де бухгалтерлік есепсіз әлемді басқару мүмкін емес, адамдар да бірін-бірі түсінбес еді ” – деген болса, оның әріптесі П. Самуэльсон “Біздің ғасырымыз - машина ғасыры, сондай-ақ ол Бухгалтерлік есеп ғасыры болып табылады ”, - дейді. Ал осы ғылымды зерттей келе Р.А. Фаулки “Есеп – барлық бизнестің тілі, яғни философиясы”, - деп айтса, Л. Фон Мизес “Есеп – бұл бизнестің ар-ожданы, ұяты”, - деп жазған. Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпараттарын өлшейтін, өңдейтін, есептейтін және оны пайдаланушылардың қолдануына ыңғайлы етіп жеткізіп беріп отыратын жүйе болып табылады. Бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды орындардың бірін иеленеді. Бұған дәлел ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының 1992 жылы өткізген конференциясында “Есептей алмаған, басқара алмайды”, - деген сөздің жайдан-жай айтылмағандығын атап өтуге болады. Жалпы, бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілді функцияларды орындау үшін қажет. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы және өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді. Тек қана бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның кірістері мен шығыстарын және шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесін анықтауға болады. Бухгалтерлік есеп қаржылық (сыртқы) және басқарушы (ішкі) есеп болып екіге бөлінеді. Басқарушы есеп кәсіпорынның қаржылық ақпараттарын ішкі пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болса, ал қаржылық есеп жоғарыда айтылған қаржылық ақпараттарды ішкі пайдаланушылармен қатар сыртқы пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе. Яғни, басқарушы есептің мәліметтерін кәсіпорын басшылары қандай да бір шешім қабылдау үшін пайдаланатын болса, қаржылық есептің мәліметін бұлармен қоса жабдықтаушы (мердігер) кәсіпорындар, банк мекемелері, салық органдары және тағы да басқалар пайдаланады. Кез-келген ұйым үшін қаржылық есеп міндетті түрде жүргізілетін болса, басқарушы есептің жүргізілуі және оның тәртібі әрбір кәсіпорынның экономикалық саясатына байланысты. ....
Рефераттар
Толық