Информатика | Мультимедиа мүмкіндіктерін пайдалану

Мультимедиа — бұл қарқынды дамып келе жатқан, өзіне теледидарлық кескіндеудің жөне стереодыбыстық бейнелілігі мен нақтылығын дербес компьютердің интерактивтілік (үздіксіз әрекеттесу) мүмкіндіктерімен біріктірген ақпараттық технология. Осы негізгі үш құраушылар, яғни үш орта мультимедиа (multimedia) терминін түсіндіреді, оның ең қысқа анықтамаларының бірі — көру және дыбыстық әсерлерінің (эффектілердің) интерактивтік программалық жабдықтаманың басқаруымен өзара әрекеттестігі.
Мультимедиа құралдары деп бірыңғай басқару элементі — компьютермен жалпы негізде өнделетін өзара байланысты мәтіндік, графикалық, көру (визуалдық) және дыбыстық дерекгердің комбинациясын (үйлесуін) атайды. Мұнда жалпы негіз деп деректердің цифрлық, түрі ұғынылады. Мультимедиа құралдары ішкі логикалық байланыстары және жеке тасушылардың қосынды қуатынан өлдеқайда артық қуаты бар жоғары деңгейде жинақталған жүйелер.
Мультимедиа құралдарының ақпараттық дәстүрлі тасу-шыларынан негізгі айырмашылығы — интерактивтілігі, еркін түсінілуі және қатынасқа бейімділігі (коммуникабельділігі). ....
Рефераттар
Толық

Информатика | Мектеп информатика курсы бойынша өткізілетін дәстүрден тыс сабақтарға талдау

Мектептегі информатика курсының практикалық мақсаты – оқушылардың еңбекке және политехникалық дайындығына үлес қосу, олардың мектеп бітіргеннен кейінгі еңбек етуіне дайындығын қамтамасыз ететін білімдермен, дағдылармен және іскерліктермен қаруландыру.
Курстың бұл мақсаты қолданбалы және теориялық аспектілердің байланысын жүйелі түрде ашып көрсетіп, алгоритмдеудің, программалаудың ЭЕМ-ның қазіргі кезеңдегі өндірістегі ролі мен маңызын айқындау болып табылады.
Қорыта келгенде, информатика курсының мақсаты – оқушыларды практикалық қызметке, еңбекке, басқа пәндерді оқыту процесінде практикалық есептер шешуге және оны информациялық қоғамда өмір сүруге дайындауға бағытталған. ....
Рефераттар
Толық

Информатика | Өңдірісте

Өңдірісте, ауыл шаруашылығы мен оқу орындарында, коммерциялық мекемелерде және т.б. салаларда түрлі берілгендерді дайындау, оларды өңдеу, сақтау жиі кездеседі.
Оларды сақтаудың көп тараған әдісі – компьютерде деректер қоры түрінде сақтау. Деректер қоры (ДҚ) – құрылымы берілген тәсіл бойынша ұйымдастырылған арнайы форматтағы файл (деректер қорын кейде берілгендер қоры деп те атайды). ДҚ-да сақталатын берілгендер кесте түрінде дайындалады. Яғни дискілік файл – деректер қоры, оған енгізілетін кесте – ДҚ құрамында сақталушы объект. Деректердің байланысты элементтер тобын жазба деп атайды. ....
Рефераттар
Толық

Информатика | МББЖ Access

Мәліметтер базасында жобалау кезендері.
Мәліметтер базасында белгілі – бір пәндік облыс туралы ақпарат көрінеді. Пәндік облыс (ПО) деп нақты зертеу үшін қызығұшылық білдіретін реалды әлемнің бөлігі аталады. Автоматтандырылған ақпараттық жүелердепәндік облыстың көрінісі мәліметтердің бірнеше деңгейлерінің модельдерімен ұсынылады. Модельдердің деңгейлерінің саны МББЖ – нің ерекшеліктеріне тәуельді болады. Әрі қарай біздер МББЖ - ге деректер базаларын жобалауда сұрақтарын қарастырамыз, құрылымдық деректер модельдерін қолдаймыз. Модельдер логикалық және физикалыһ деңгейде бөлек түрінде қолданатына қарамастан, методологиялық көзқарастан мөдельдердің деңгейлерін және деректер базаларының жобалау кезендерін бәрі – бір белгілеуге болады. ....
Рефераттар
Толық

Информатика | Мәтіндік информацияны

Көкейкестілігі: Ms Word – мәтіндік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows жүйесінің қосымша бағдарламасы. Ол – мәтіндік және графиктік мәліметтерді өңдеу барысында жүзден аса операцияларды орындай алатын ең кең тараған мәтін редакторларының бірі.
Мәтіндік информацияны енгізу, теру және өзгерту үшін мәтінді өңдеудің арнайы жүйесі қолданылады (оларды әдетте мәтіндік редакторлар деп атайды).
ЭЕМ мәтінге қолданатын амалдарды автоматтандыруға мүмкіндік береді, мысалы, бүкіл мәтіндегі бір сөзді басқа сөзбен ауыстыруға, мәтіннің қажет үзіндісін немесе белгілі бір суретке сілтемелердің барлығын оңай табуға мүмкіндік береді.
Мысалы, мәтінге қосымша бір – екі сөз қосып жазу керек болсын, онда бүкіл мәтін қалқып кетеді, бұрын бір жолдан екінші жолға тасымалданып жазылған сөздер енді жолдың ортасында болуы мүмкін, ал жол ортасындағы сөз – жолдың шетіне ауысуы мүмкін. Жаңа сөздер қосылғаннан кейін «тегіс» мәтін алу үшін сөздердің жаңадан орналасу жағдайын есептеп, олардың жолдары бойынша орналастыру қажет. Осындай шығармашылық емес, техникалық жұмысты қазіргі заманғы мәтіндік өңдеу жүйелері ешқандай қиындықсыз орындай алады.....
Рефераттар
Толық

Информатика | Мәліметтер үлгілерінің түрлері

Мәліметтер үлгісінің ұғымы дегенде мәліметтерге қолданылатын амалдарды және мәліметтердің сақталған мәндеріне шектеулерді айтуға болады.
Жалпы мәліметтер қоймасында мәліметтерді бейнелеп сипаттаудың екі деңгейі бар. Ол ақпараттық үлгі және мәліметтердің физикалық үлгісі.
Ақпараттық үлгі бағдарламалық жабдықтауды қолданушыға түсінікті болатындай түрде бейнелеуі тиіс. Ондай ақпарат қолданушыны қызықтыратын жағдайлар мен олардың өзара байланысы, қасиеттері болып келеді.
Мәліметтер базасын басқару жүйесін (МББЖ) қолдайтын мәліметтер үлгісінің өз құрылымы, оларға қолданылатын амалдар жиыны болады.
Мәліметтер базасын басқару жүйесінің жабдықтарымен қолданылатын логикалық деңгейдегі мәліметтер үлгілерін даталогиялық үлгі деп атайды. Бұл үлгі мәліметтердің элементтері арасындағы қисынды байланысты олардың мазмұны мен сақталу орындарынан тәуелсіз түрде сипаттайды.
Даталогиялық үлгіні тұрғызу барысында бейнеленгелі отырған пәндік саланың ерекшеліктері ескеріледі. Мәліметтер базасы мәліметтердің біріктіріліп және өзара байланыстық сақталуын қамтиды. Сол себепті де, ондай үлгіні жобалауда пәндік саланы сәйкестендіріп сипаттаған дұрыс.
Егер Мәліметтер базасын тұрғызғанда пәндік сала туралы ұқсас ақпарат қажет болса және сол пәндік саланы сипаттау – қолданылатын бағдарламалық, техникалық жабдықтардан тәуелсіз болса, ондай үлгіні пәндік саланың инфологиялық үлгісі деп атайды. Пәндік саланың инфологиялық үлгісі даталогиялық үлгіге қарағанда, бастапқы кейіптегі үлгі болып саналады.....
Рефераттар
Толық

Информатика | Мәліметтер Базасын Басқару Жүйесі

Электронды есептегіш машиналардың маңызды ерекшеліктерінің бірі – ақпараттың мол көлемін сақтау және өңдеу, сонымен бірге мәтіндік және графикалық құжаттар ғана емес жарандық жүйе, дыбыстық және бейнефайлдардың беттері де жинақталады. Бұл мүмкіндіктер МБ-ның көмегімен іске асады.
МБ-белгілі бір арқаулы ауқымға қатысты мәліметтерді баяндау, сақтау мен амал – тәсілдермен ұқсата білудің жалпы принциптерін қарастыратын белгілі бір ережелер бойынша ұйымдастырылған мәліметтердің жиынтығы. Адамның қатысуы ықтимал, автоматтық құралдармен өңдеуге жарамды түрде ұсынылған ақпарат мәліметтер ретінде түсініледі.
Мәліметтер базасы дегеніміз ақпаратты сақтауға және жинақтауға арналған ұйымдасқан құрылым.
Электронды МБ-ның басты қасиеті – ақпаратты тез іздестіру мен сұрыптау, сондай – ақ берілген форма бойынша есепті қарапайым түрлендіру мүмкіндігі. ....
Рефераттар
Толық

Информатика | Мәліметтер базасы және мәліметтер базасын басқару жүйесі

Мәліметтер базасы дегеніміз ақпаратты сақтауға және жинақтауға арналған ұйымдасқанан құрылым. Ең алғаш мәліметтер базасы ұғымы жаңадан қалыптасқан кезде онда шындығында мәліметтер сақталатын. Бірақ қазіргі кездегі көптеген мәліметтер базсын басқару жүйелері өздерінің құрылымдарында тек мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар олардың тұтынушымен және басқа да ақпараттық-программалық кешендермен қарым-қатынасының әдістерін де қамтиды. Сондықтан біз қазіргі заманғы мәліметтер базасында тек мәліметтер ғана емес, ақпаратта сақталады деп айта аламыз.
Осы аталғанды мысалмен түсіндіре кетелік. Үлкен банкінің мәліметтер базасын қарастыралық. Мұнда тұтынушы туралы, оның адресі жайлы, қаржылық амалдары несие алу тарихы және т.б. мәліметтер бар. Бұл мәліметтер базасына көптеген көптеген банк қызметкерлері қатынай алады, бірақ олардың ішінде тұтастай базаға кіріп, оғған өзгерістер енгізе алатын қызметкер жоқ. Сонымен қатар әрбір қызметкердің өзіне берілген нақты мәіліметтермен жұмыс істеуін қамтамасыз ететін мәліметтер базасының әдістері мен құралдары да бар.
Мәліметтер базасын басқару жүйесі дегеніміз жаңа мәліметтер базасын құруға, оны мәліметтермен толдыруға, оның мазмұнын редакциялауға, оларды реттеуге, безендіруге және баспа құралдарына шығаруға немесе байланыс арналарына жөнелтуге арналған программалық құралдар кешені. ....
Рефераттар
Толық

Информатика | Мәліметтер базасын арнайы өңдеу әдістерін таңдау

Әрбір МҚБЖ-ның өзіндік тіл жабдығы бар. Олар мәліметтерді сипаттап жазу үшін, мәліметтерді басқару амалдарын жасап және оларға ену үшін қажет.
Қазіргі уақытта АЖ-ны ұйымдастыру үшін көп мөлшерде әртүрлі МҚБЖ-ны қолданып отыр. Әрбір АЖ нақты МҚБЖ-нгы қолданса, экономикада көбінесе FoxBase, FoxPro, PARADOX, Access, ORACLE және басқада МҚБЖ қолданылады.

Кез келген МББЖ мәліметтермен төрт қарапайым операция орындауға мүмкіндік береді:
• Кестеге бір немесе бірнеше жазбаны қосу;
• Кестеден бір немесе бірнеше жазбаны қою;
• Кейбір өрістердің бір немесе бірнеше жазбаларындағы мәндерді жаңарту;
• Берілген шартты қанағаттандыратын бір немесе бірнеше жазбаларды табу.
Кез келген МББЖ-мен жұмыс процесінде мәліметтер базасында файл жасау басталған жері болып саналады.
Access мәліметтер базасын құра алатын объектілердің типтеріне басты
терезенің негізгі бөліктері сәйкес келеді. Бұлар Таблицалар, Сұрау салулар, Есептер, Парақтар, Макростар мен Модульдер.
Терезе тақырыбы – мәліметтер базасының файл атауы.
Мәліметтер базасының негізгі объектілерге арналған қосымшасынан
басқа үш бұйрықтық кнопкалар бар: Ашу, Конструктор, Құру. Олардың көмегімен кесте жұмысының режимі таңдалады. ....
Рефераттар
Толық

Информатика | Мәліметтер базасы

ЭЕМ (электронды есептегіш машиналардың) маңызды ерекшеліктерінің бірі – ақпараттың мол көлемін сақтау және өңдеу , сонымен бірге мәтіндік және графикалық құжаттар (суреттер, сызулар , фотосуреттер , географиялық карталар) ғана емес , жаһандық жүйе , дыбыстық және бейне файлдардың беттері де жинақталады. Бұл мүмкіндіктер мәліметер базасының көмегімен іске асады.
Мәліметтер базасы (МБ) - белгілі бір арқаулы ауқымға қатысты мәліметтерді баяндау , сақтау мен амал – тәсілдермен ұқсата біліудің жалпы принциптерін қарастыратын белгілі бір ережелер бойынша ұмдастырылған мәліметтердің жиынтығы. Адамның қатысуы ықтимал , автоматтық түрде ұсынылған ақпарат мәліметтер ретінде түсініледі.
Арқаулы ауқым ретінде нақты зерттеуші үшін қызықты нақты әлемнің бөлігі түсініледі.
Қарапайым мысал ретінде телефон анықтамалығын , поездар қозғалысы кестесін, кәсіпорын қыметкерлері туралы мәліметтерді , студенттердің сессия тапсыру қорытындылары және тағы басқаны атауға болады.
Электронды МБ – сының басты қасиеті – ақпаратты тез іздестіру мен сұрыптау (іріктеу), сондай – ақ берілген форма бойынша есепті қарапайым түрлендіру (жасау) мүмкіндігі. Мысалы , сынақ кітапшаларының нөмерлері бойынша студенттердің аты - жөндерін оңай айыруға болады немесе жазушының аты – жөні бойынша шығармаларының тізімін жасауға болады.
Мәліметтер базасын басқару теориясы дербес пән ретінде шамамен алғанда ХХ ғасырдың 50-жылдарының басынан бері дами бастады. Осы уақыт ішінде белгілі бір іргелі ұғымдар жүйесі қалыптасты. Олардың бірқатарын келтірейік.
Объект – деп мағлұматтарды мәліметтер базасында сақталатын ақпараттық жүйенің элементтері аталады. ....
Рефераттар
Толық