РЫНОКТЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ РОЛІ

Өтпелі кезең экономикасындағы мемлекеттің ролін жаңаша ойластыру қажет. Бұл кезде мемлекеттің экономикалық сфераларға тікелей араласуы кеміп, бірте-бірте жанама реттеумен алмастыратыны айқын. Расында, әрбір кәсіпорынға жоспар белгілеп берудің қажеттігі жоқ. Мекемелер мен кәсіпорын ұжымдарының өкілдіктерін кеңейтіп, оларға дербестік берген, мемлекет өзіне тән іс – дамудың стратегиясын анықтаумен шұғылдануға мол мүмкіндік алатыны тәжірибеден белгілі.
Қысқаша айтқанда, рыноктық экономика жағдайдағы мемлекттің рөлі әкімшілдік-әміршілдік жүйедегі жағдайдан мүлдем басқаша болуы тиіс. Азаматтер, жеке кәсіпкерлер немесе еңбек ұжымдары шешім қабылда процесінде дербестік пен жауапкершілікті өз мойнына алып, «бәрін» мемлекет органдарына мойынсұнудан арылуы қажет. Мемлекет рөлінің күшейюі оның жаңа заңдаржасап барлық азаматтарды бірдей, тең жағдайлы мүмкіндіктердің алдына қоюынан көрінеді. Мұның өзі демократиялық мемлекеттің дамуы мен кемелденуінің кепілі.
Осы негізде, мемлекет қоғамға пайдалы, іс-әрекеттерді жүргізу үшін өзінің әр түрлі функцияларын пайдаланады. Олардың ішінен заң шығару, кәсіпкерлік пен халықаралық байланыстарды нығайту функцияларын атап айтуға болады.....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасының портфелдік инвестиция жағдайы

Нарық экономикасына көшу мынадай компоненттердің: сұраныс пен ұсыныстың; табыстар мен шығындардың; ақша массасы, айналым қаражаты мен инвестициялық ресурстардың белгілі бір келісілуін білдіреді. Бұған мемлекет иелігінен алу және жекешелендіруді жүргізу, яғни жеке меншік институтын енгізу жолымен ғана қол жеткізуге болатын еді.
Мемлекеттік экономикалық саясат ақша-кредит, салық-бюджет, баға және антимонополиялык, инвестициялық, технологиялық саясат кіруі тиіс болды. Бұл екі деңгейлі банк жүйесін құруды, алтын-валюта резервінің қорлануын, қор биржасы, салық, кеден және басқа органдар секілді жаңа мемлекеттік институттарды қалыпта дамытуды талап етті.
Бірінші кезеңде өзекті міндет басқарудың әміршіл-әкімшіл әдістерін алмастыру болды. Өйтпеген жағдайда туындаған проблемаларды шеш алмас едік. Ал олар анық көрініс берді.
Тұтыну тауарларын өндіру барынша азайды. Қаңыраған сөрелер сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігін көрсетіп тұрды. Тек бағаны өсіру есебінен пайда қуушылықтың жалпыға ортақ жарысы басталып кетті.
Тауар тапшылығы, өсіп бара жатқан гиперинфляция жағдайына тап болған біз бірінші кезекте бағаның ырықтандырылуын жарияладық, ол нарықка өтудің табанды қадамы болды. Сұраныс ұсынысты туғызады деген классикалық кестені іске косу керек болды. Бірақ та адамдар бұл шараны, бағалар кілт аспандап кеткендіктен, ауыр қабылдады.
Кеңестік экономикада бағалар сұраныс пен ұсынысты ескеріп емес, саяси және идеологиялық себептер бойынша белгіленетін. Сондықтан да экономика әрдайым тапшылыкты және инфляциялық болды. Оның үстіне тауарлармен және қызметтермен қамтамасыз етілмеген артық ақша проблемасын жоспарлы экономика әдістерімен шешу мүмкін емес. Бұл жағдайдан бірден-бір шығу жолы тұмшаланған инфляцияны ашық инфляцияға айналдыру болып табылатындықтан, кесімді бағалардан еркін бағаларға біртіндеп көшу сәтсіздікке ұшырайтын еді, сондықтан да онымен классикалык, әдістер бойынша күресу көмектеспеді.
Алайда рынокты тұтыну тауарларымен толтыру айтарлықтай тез жүрді, кезектер жоғалды, карточкалық жүйе алып тасталды. Адамдар өз бизнесін ұйымдастыра бастады, белгілі бір дәрежеде кәсіпкерлік бастамашылық көрініс берді. Бұл сұраныс пен ұсыныс экономикасының алғашқы нәтижесі болды.
Бірақ та өндіріс тоқтап, байланыстар үзілген ретт біздің біртұтас рубль аймағында тұрып жатуымыздан жағдай күрделі болып қала берді. Мұндағы келеңсіз үрдістер Мәскеу жүргізіп отырған жүйесіз ақша эмиссиясымен айқындалды. Ресейден Қазақстанға ескі рубльдер вагондап жөнелтілді, мұның өзі инфляция үшін нәрлі топырақ болды. Біз таңдау алдында тұрдық — не ақша массасын қысу керек, не бағаға қатаң мемлекеттік бақылау орнату керек. Екінші нұсқа ескі кезеңдерден әлдеқайда қалыпты болып көрінетін, бірақ та әу бастан-ақ реформалар қисынына қайшы келетін....
Рефераттар
Толық

Экономика | Ақшаның пайда болуы мәні және қызметтері Осы күнгі ақша

Ақша- жалпыға бірдей балама ретінде барлық басқа тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар. Ақша барлық тауар өндірушілер, сатушылар, тұтынушылар арасындағы экономикалық бйланысты қамтамасыз етеді.Ақша тауар өндірісі мен тауар айырбасының тарихи дамуы нәтижесінде пайда болды. Алғашқы бір еңбек өнімі екінші еңбек өніміне тікелей айырбасталды. Кейінірек айырбас сауда дамуының барысында құнның толық және жайылыңқы формасы келді. Одан әрі өндіріс пен айырбастың дамуы нәтижесінде тауарлар арасынан бір тауар бөлініп шығып, басқа тауарлар осы тауарға айырбасталды.Сөйтіп құнның толық және жайылыңқы формасы құнның жалпылық формасына орын берді. Құнның ең жоғарғы ақша формасындағы жалпыға бірдей балама рөлі бір тауардың еншісіне тиді, яғни ерекше тауар түрі-ақша пайда болды. Осы кезде әр түрлі тайпалар мен халықтар арасында ақша ретінде ішні және сыртқы сауда-саттықтың басты заттары болып табылатын тауарлар бөлініп шықты. Бертін келе тауар өндірісі мен тауар айырбасының дамуы және халықтар арасындағы қарым-қатынастың ұлғаюы нәтижесінде ақща түрлі металдарға ауыса бастады. Өйткені металл (әсіресе, алтын, күиіс) өзінің табиғи қасиетінің арқасында ақша рөлін атқаруға өте қолайлы болды. Алтын мен күмістің жалпыға бірдей балама рөлін атқаруына байланысты құнның жалпылық формасы ақша формасымен айырбасталды. Ол кез келген тауарға айырбасталды....
Рефераттар
Толық