Экономика | Қазақстан Республикасының білімі туралы

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына Қазақстан Республикасының жалпы орта, кәсiптiк бастауыш, орта кәсiптiк және жоғары кәсiптiк бiлiмi бар азаматтар, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар қабылданады.
Жоғары оқу орындарында студенттер контингентiн қалыптастыру мемлекеттiк маман даярлау тапсырыс (мемлекеттiк бiлiм гранты ) бюджеттiк қаражат негiзiнде және жеке тұлғалардың өз қаражаты мен басқа қаражат көздерi арқылы жүзеге асырылады.
Қазақ ұлтының басқа мемлекет азаматы болып табылатын өкiлдерiне, шет ел азаматтарына және Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын азаматтығы жоқ тұлғаларға, сонымен бiрге Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының, Тәжiкстан Республикасының және Қырғыз Республикасының азаматтарына мемлекеттiк бiлiм грантын алуға Қазақстан Республикасының азаматымен бiрдей құқық берiледi.
Шет мемлекеттердiң басқа азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар жоғары оқу орындарына (ЖОО) Қазақстан Республикасының заңдылықтарында, сондай-ақ халықаралық келiсiмдерге сәйкес, Қазақстан Республикасында белгiленген тәртiппен қабылданады.
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына азаматтарды қабылдау ұлттық бiрыңғай тестiлеудiң (бұдан әрi - ҰБТ) немесе Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Бiлiм беру мен тестiлеудiң мемлекеттiк стандарттарының ұлттық орталығы (бұдан әрi БТМСҰО) әзiрлеген технология бойынша өткiзiлетiн кешендi тестiлеудiң нәтижесi бойынша берiлген сертификаттағы баллдарға сәйкес азаматтардың өтініштері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.
ҰБТ ағымдағы жылы орта білім беру ұйымдары бiтiрушiлер үшiн өткiзiледi. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі

Мемлекетік бюджет дегеніміз мемлекет пен қоғамдық өндіріс қатысушылары арасында қоғамдық ұлттық өнімді мемлекеттің орталықтандырылған ақша қаражат қорларын ұйымдастыру мен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру, ұдайы өндірісті қеңейту мақсатында қолдану жолымен қоғамдық өнімді қайта бөлу процесінде туындайтын ерекше экономикалық қатынастар. Жалпы қоғамдық өнімді бөлудің дербес сферасы ретінде бюджеттің болуы қоғамдық құрылыммен анықталады. Қай мемлекетте болса да бюджеттің болуы шарт және оның мәні кірістері мен шығыстарының құрылымдарымен ашылады. Бүгінгі таңда қазақстандық бюджет ұлттық экономиканы басқарудың маңызды құралы болып табылады. Бәрімізге белгілі, қандай да бір реформаны жүргізу экономикаға, әлеуметтік салаға және инфрақұрылымды дамытуға елеулі қаржы жұмсауды қажет етеді. Және де осы реформалардың негізгі ауыртпалығы республиканың қаржы сферасына түседі, өйткені қоғамдық өмірдің барлық салаларын: халық шаруашылығы, әлеуметтік қорғау, білім, ғылым, мәдениет, өнер, денсаулық, қорғаныс және басқаруды қамтитын экономикалық реформаларды жүргізуге қажетті мемлекеттің ішкі, сонымен бірге сыртқы қаржы ресурстарын қаржы сферасы ғана жұмылдыра алады. Яғни бюджеттің маңыздылығы, ең алдымен, салықтар, басқа да міндетті төлемдер, салықтық емес түсімдер ретінде мемлекет меншігіне түсетін ақша қаражаттарының мемлекеттік бюджетке түсуінен көрінеді. Міне, сол себептен бұл жұмыс мемлекеттік бюджет кірістері мен олардың көздерін талдауға және олардың қалыптасу мәселелері мен оны жетілдіру жолдарын анықтауға арналады. Осыған байланысты бұл жұмыстың басты мақсаты – Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі мемлекеттік бюджетін, оның құрылысын, құрамы мен құрылымын біліп, бюджеттің кірістер бөлігін талдау және оларды қалыптастыру процесінің қазіргі жағдайы мен оны жетілдіру жолдарын табу.
Мақсатпен байланысты осы жұмыстың жазылуының келесідей міндеттерін көрсетуге болады:
- мемлекеттік бюджетке түсінік беру;
- мемлекеттік бюджеттің құрылысын, құрамын және құрылымын анықтау;
- соңғы екі жылдағы ҚР-ның мемлекеттік бюджет кірістеріне талдау жасау;
- салықтық, салықтық емес түсімдерді ажырату және ресми трансферттер, негізгі капиталдан түсетін түсімдерге анықтама беру;
- мемлекеттік бюджет кірістерін қалыптастырудың қазіргі кездегі процесіне баға беріп, оны жетілдіру жолдарын көрсету ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасының бюджеті

Қазақстан Республикасында экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін қазіргі кезеңге дейін нарықтық экономика аумағындағы жинақталған жалпы қаржы қарым қатынасының даму тәжірибелерін біліп, дұрыс пайдалану қажет.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының бүкіл қаржы жүйесін реформалау, оның негізгі тармағы бюджеттік жүйені күрделі түрде қайта құруын мәжбүр . Сол реформалаудың логикалық жалғасы ол жаңа бюджеттік заңнама жасау және қабылдау. Нәтижесінде, 2004 жылы көкек айының 24 жұлдызында Қазақстан Республикасының жаңа Бюджеттік кодексі қабылданып, 2005 жылы қаңтар айының 1 жұлдызында қолдануға енгізілді.
Жаңа Бюджеттік кодекстің ережелері біздің республикамыздың бүгінгі күнгі қаржылық қарым қатынас пен жалпы бюджеттік саясаттың даму жағдайын көрсетеді. Кодексте бюджеттік процеске қатынасушылардың барлық іс әрекеттерінің тәртібі мен ережелері толық және жан жағынан жазылып дәлелденген. Бұл бірыңғай құжатқа мемлекеттік міндеттемелері мен функцияларын орындауға арналған ақша қаражаттарын қалыптастыру мен оларды жұмсау процестері толығымен анықталған.....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасының валютасы

Тәуелсіз егемен мемлекеттің міндетті рәміздерінің бірі оның ұлттық валютасы болып табылады. Кез келген мемлекеттің тарихына оның бір-ақ рет енгізілетін өз валютасының тарихы да кіреді. Басқа көптеген елдердің ұлттық валютасының тарихы сан ғасырлар бойы қалыптасқан. Кез келген ұлттық валюта елдің өткенін, бүгінгісін және болашағын бейнелейді. Ал Теңгенің - Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тарихы Президенттің 1993 жылғы 15 қарашадағы жарлығынан басталды. Алғашқы кезде Теңгенің бірінші шығарылған қатары (1 теңге = 100 тиын) мынадай номиналдардан тұрды:
• 1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік банкноттар
• 1, 3, 5, 10, 20 теңгелік монеталар ,
• 1, 3, 5, 10, 20 және 50 тиындық монеталар ( бастапқыда қағаздан жасалған ).
Кейіннен айналысқа : 1994 жылы 1993 жылғы үлгідегі номиналы 200 теңгелік және 1994 жылғы үлгідегі 500 теңгелік банкноттар ;
• 1995 жылы 1994 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттар ;
• 1996 жылы 1996 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкноттар ;
• 1997 жылы номиналы 1, 5, 10, 20, 50 теңгелік монеталар (жаңа дизайны);
• 1999 жылы 1998 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкноттар;
• 2000 жылы 1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар (дизайны өзгертілген),
2001 жылы :
• 2000 жылғы үлгідегі номиналы 1000 және 2000 теңгелік банкноттар ( дизайны өзгертілген );
• 2001 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар ( дизайны ішінара өзгертілген );
• Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік мерейтойлық банкноттар ;
• 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік банкноттар ( дизайны ішінара өзгертілген ). ....
Рефераттар
Толық

Экономика | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЖАҒДАЙЫ

Жалпы жұмыссыздық термині бірінші рет 1911 жылы Ұлыбритания энциклопедиясында 1915 жылы АҚШ-тың Минтруд әдебиетінде қолданған. Қазіргі кезде жұмыссыздық дүние жүзінің барлық елдерінде әр түрлі формада, көлмде, ұзақтықта қатысуда.
Елдегі ңбекке жарамды халықтың қоғамдың өндірісте тұрақты қатысуы. Ол әр бір елдің сақтандыруды қамсыздандыруы ең негізгі факторларының бірі болып табылады.
Әміршіл-әкімшіл экономикадан рыноктік бағдарға ауысуы көптеген жұмысшылардың жұмысынан айырылуына әкеп соғады. Рыноктік қатынастардың дамуы кәсіпкершіліктің қауыпі өндірстік сферадан еңбек, жұмысбастылықтан туындайды. Яғни рынокке ауысудан жұмыссыздықтың, мәні – объективтік процесс, ал басқа жағынан – қоғам, ол жұмыссыздық табиғи деңгейін сақтандырудың ұйғарымды шегін талап етеді. Оның осы қоғамдық шектен шығуы өткір проблема тұғызады.
Жалпы жұмыссыздықты түсіндіруді бүгінгі кезде “қарабайыр” деп атауға болады: бұған еңбектегі баға мен еңбекке ұсыныстың өзара қарым-қатынасы деп айтуға болады. Жалақының төмендеуі еңбекке деген сұранысқа жағдай жасайды және де осыдан жұмысбастылық; жалақы өсімі еңбекке деген ұсынысты өбейтеді, бірақ сұраныс өсімін тоқтатады. Жұмыссыздықтың себептерін талдауды көптеген экономикалық мектептер береді. Ең алғаш жұмыссыздықты түсіндіру туралы ағылшын экономисті Т. Мальтустың “Халықтың өсу тәжірибесі” еңбегінде көрсетілген. Мальтустың айтуы бойынша жұмыссыздық демографиялық себептерге әкеліп соғады, соның нәтижесінде халықтың өсуі қарқыны өндірістің өсу қарқынынан асып түседі.
Ал Марксистік әдебиетте Мальтустың теориясын “тұрпайы” және дәрменсіздік деп қарап тұрақты дәстүр қалыптасқан. Мұнда айтылады: “жұмыссыздықтың түп негізін өзінен іздеу емес, оны дәл экономикалық шаруашылық жүйеден іздеу керек” дейді.
Жалпы К.Маркс жұмыссыздықты өзінің “Капитал” еңбегінде зерттеп қарастырған. Ол айтып кеткен, техникалық өрлеумен өндіріс жабдықтарының көлемі мен бағасы өседі, жан басына шаққанда 1 жұмысшыға. Бұл жағдай Марксті сенгіздіреді, экономикалық өркендеу капиталды жинақтау қарқынынан еңбекке деген сұранысқа әкеп соғады, осыдан келіп жұмыссыздық себептері көрінеді. Бұл трактовка байланыссыз болып есептеледі, егер жұмысшы күшіне сұраныс өссе, онда жұмыссыздық жойылады, немесе ең болмаса қысқарады, капитал жинақтаудан одан әрмен жоғары қарқынмен (нақтаудан одан әрмен) болады.
Бұл жұмыссыздықтың түсіндіруін толық деп санауға болмайды. Маркс және де басқа себептеріне болжам жасады.
Рыноктік шаруашылықтың дамуы, оны өркендеген рыноктік шаруашылықтың серігі жасайды. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасының Көлік инфрақұрылымы

Мемлекет Басшысы «Қазақстан – 2030. Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Қазақстан халқына Жолдауында мынадай міндет қойды:
Қазақстан әлемдік көлік-коммуникация жүйесінің бөлігі болуы тиіс, бұл бізден елдің бүкіл көлік инфрақұрылымының озыңқы дамуын қажет етеді.
Қойылған міндетті шешуде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі көлік саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыратын және іске асыруды қамтамасыз ететін уәкілетті орган болып табылады.
Қазақстан Республикасының көлік-коммуникация кешені темір жол, автомобиль, су, авиация көліктерін, сондай-ақ технологиялық көліктің әр алуан басқа да түрлерін біріктіреді.
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі көлік және коммуникация саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыру мәселелері бойынша салааралық үйлестіруді және басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Әкімшілік реформа аясында Министрлікте көлік-коммуникация кешенінің қолданыстағы 8 салалық заңы бойынша («Қазақстан Республикасындағы көлік туралы», «Автомобиль көлігі туралы», «Ішкі су көлігі туралы», «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы», «Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы», «Қазақстан Республикасының авиация қызметін және әуе кеңістігін пайдалану туралы», «Темір жол көлігі туралы», «Автомобиль жолы туралы») заңды түрде бекітілген міндеттері бойынша функционалдық талдау жүргізілді.
Ішінара алғанда, көлік саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін Парламентпен; «Нұр Отан» ХДП; экономика және бюджеттік жоспарлау, индустрия және сауда, білім және ғылым, қаржы, әділет министрліктерімен; табиғи монополияны реттеу, бәсекелестікті қорғау агенттіктерімен; мемхолдингтермен; әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялармен; облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерімен, қоғаммен және басқаларымен өзара тығыз іс-қимыл жасау қажет.
Көлік процестерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ішкі істер, экономика және бюджеттік жоспарлау, төтенше жағдайлар, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау министрліктерімен және «Самұрық-Қазына» ҰАҚ өзара әрекеттесу қажет.
Транзит-көлік әлеуетін іске асыру үшін индустрия және сауда, экономика және бюджеттік жоспарлау, сыртқы істер, ішкі істер, қаржы (салық және кедендік бақылау комитеттері), туризм және спорт, денсаулық сақтау (Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті) ауыл шаруашылығы (АӨК мемлекеттік бақылау комитеті) министрліктерімен; Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметімен; «Самұрық-Қазына» ҰАҚ; қоғамдық ұйымдармен өзара әрекеттесуі қажет.
ТМД, ЕурАЗЭҚ, ШЫҰ, ЕО, ЦАРЭС, СПЕКА сияқты және тағы басқа да халықаралық және өңірлік ұйымдар аясындағы ынтымақтастық маңызды аспектілердің бірі болып табылады. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қазақстан мен ЕО-тың дипломатиялық қатынастары

Әлемнің әлеуетті алып ұйымдары Қазақстанмен қатынастар көкжиегін кеңейтуге ықылас танытуда. Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс бабындағы сапармен келген Бельгия Корольдігінің астанасы Брюссельдегі Еуроодақ және НАТО басшылығымен кездесуі кезінде айқын аңғарылды.
Брюссельді Еуропаның орталығы деуге де болады. Өйткені, мұнда Еуропалық Одақтың негізгі басқару органдары және НАТО-ның штаб-пәтері орналасқан. Қалада мыңдаған халықаралық ұйымдар жұмыс істейді. Сондықтан Елбасы сапары тек Бельгия Корольдігі аясында шектеліп қалған жоқ. Сапар жөнінде мағлұматтар беретін бағдарламаға қарап, оның кең ауқымда болатындығын аңғарған едік.
Күткендегідей Елбасы өзінің алғашқы кездесуін Еуропалық Одақтың атқару органы болып табылатын Еуропалық комиссияның төрағасы Жозе Мануэл Бар­розумен кездесуден бастады. Бұл кездесу Еуропалық комиссия орналасқан “Берлемон” ғимаратында өтті.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы 2 наурызда вице-президент Ф.Андрияссен бастаған Еуропалық комиссияның делегациясын қабылдады. Қазақстан мен Еуропа Одағы арасындағы саяси байланыс міне, осы кезден бастап орнықты. 1993 жылдың желтоқсан айынан бастап Қазақстанның Еуропалық Одақ жанындағы өкілдігі ашылды. Қазақстанның Бельгиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Константин Жигалов қазір осы өкілдіктің басшысы қызметін қоса атқаруда. Ал 1994 жылы Алматыда Еуропалық комиссияның өкілдігі ашылды. Оны А. Вандер Меер басқарады.
Елбасының Еуропалық Одақтың өкілетті және атқару органдарының басшыларымен әрбір кездесуі ықпалдастыққа жақсы әсерін тигізіп, еліміз экономикасы үшін осындағы үлкен рыноктың есігі ашыла түсуіне қызмет етіп келеді. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қазақстан мемлекеті

Қазақстан Республикасы Конституциясында мемлекет жан-жақты қарастырылады. Конституцияның 1-бабында былай делінген: "Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары".
Қазақстан — демократиялық мемлекет. Қазақстанның демократия-лық мемлекет ретінде сипаттамасы Қазақстан Республикасы Конституцияның мазмұнынан және мемлекеттік органдардың қызметінен туындайды. Демократизм формальды түрде, яғни құқықтық нормаларда бекітілген болуы мүмкін. Демократизм формальды түрде ғана емес, нақтылы түрде де, яғни неше түрлі кепілдіктермен қамтамасыз етілген болуы да мүмкін. Қазақстан мемлекетінің демократиялық сипаты конституциялық принциптерде анықталады. Мемлекеттің ұйымдастырылуының ең негізгі принциптерінің бірі — мемлекет басшысының, Парламент депутаттарының, жергілікті өкілетті органдардың сайланып қойылатындығы болып табылады. Мемлекет қызметінің басқа бір негізгі принципі — мемлекет өмірінің неғұрлым маңызды мәселелерінің демократшылық әдістермен шешілетіндігі. Атап айтқанда, референдум өткізілуі, Парламенттегі дауыс беру рәсімдері осыған жатады.
Қазақстан мемлекетінің демократиялылығы мынадан да көрінеді: Конституцня азаматтардың өкілетті органдарға жалпы алғанда халықтың мүдделерін, әлеуметтік және ұлттық азшылықтың мүдделерін, жеке азаматтардың заңды мүдделерін білдіретін және сол мүдделерді қорғауға тілектес әрі соған қабілетті өз өкілдерін ұсынуға және сайлауға мүмкіндік туғызатын демократиялық нормаларды белгілейді ....
Рефераттар
Толық

Экономика | ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ

Біріккен Ұлттар Ұйымы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекеттерінің белсенділік танытуымен құрылған халықаралық ұйым. Ұзақ жылдардан бері әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ерекше рөл атқарып келе жатқан бұл Ұйымның дүниеге келуі оңай бола қойған жоқ . Осы жылдар ішінде аталған елдердің басшылары, сыртқы істер министрлері, талай мәрте бас қосып, Ұйымның мақсаттары мен міндеттерін талқылады. Сол кездесулердің барлығы қызу пікірталас жағдайында өткені тарихтан белгілі.
Біріккен Ұлттар Ұйымының ең басты әрі негізгі құжаты оның Жарғысы болып табылады. Тарихи деректерді алға тартсақ , Ұйым Жарғысының жобасы КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбританя мемлекеттері өкілдерінің қатысуымен жасалған. Құжат бес тілде – орыс, ағылшын қытай, француз және испан тілдерінде дайындалып, оған 1945 жылдың 26 маусымында Сан- Франциско конференциясында 51 мемлекет қол қойды. Ал Жарғы сол жылдың 24 қазанында аталмыш конференцияға қатысушы елдердің Жарғыны стратификациялауларына байланысты күшіне енгізілді. Содан бері 24 қазан халықаралық қоғамдастықта Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылған күні ретінде кеңінен аталып өтіп жүр. Көзі қарақы көпшілікке жақсы таныс, Ұйымға мүше барлық мемлекеттер кіретін бас Ассамблея Біріккен Ұлттар Ұйымының бас органы саналады. БҰҰ-ға мүше елдердің әрқайсысы шешім қабылдау кезінде бір дауысқа иелік етеді. Жалпыға ортақ ерекше маңызды мәселелер, атап айтқанда, бейбітшілік пен қауіпсіздік, Ұйымға жаңа мүшелер мен оның бюджетін қабылдау мәселелері БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің үштен екісі қатысып, дауыс беру қорытындысы бойынша шешіледі. Сондай-ақ Бас Ассамблея Ұйымының бюджетін қарап, бекітеді.....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қазақстан мен Германия

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұған дейін Германия Федеративті Республикасына төрт мәрте сапар¬мен келген еді. Әр сапардың, әр кез¬десудің өзіндік орны бар. Әсіре¬се, Қазақстан басшысының 2004 жылғы 17-20 сәуірдегі Германияға сапары жемісті болды. Осы сапар барысында Елбасы Нұрсұлтан На¬зар¬баев Германияның сол кездегі Федералдық канцлері Герхард Шредер¬мен кең көлемде келіссөз жүргізіп, мемлекеттердің ынтымақ¬тас¬тығын әрі қарай дамытуға қа¬тысты мәселелерді талқылады. Со¬ны¬мен қатар, Президент Германия¬ның көрнекті саясаткерлерімен және іскер топ өкілдерімен кездес¬ті. Қазақстан басшысы содан кейін 2006 жылы тамызда Санкт-Петер¬бургте өткен “Үлкен сегіздік” сам¬ми¬тінде Германияның жаңа Фе¬де¬ралдық канцлері Ангела Меркель¬мен кездескен еді. Кездесу қоры¬тын¬дысында Қазақстан Прези¬денті¬не Германия тарапынан осы елге сапармен келу туралы шақыр-ту түскен болатын.
Сарапшылардың болжамы бой¬ын¬ша, бүгінде Қазақстан мен Гер¬ма¬ния арасында түсініспеушілік ту¬дыратын проблемалар жоқ, халық¬аралық саясаттағы негізгі мәселелер бойынша елдердің ұстанған пози¬ция¬лары жақын. Мысалы, Қазақ¬стан Германияның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі болу ұмтылысын қолдайды. Ал Герма¬ния Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төр¬аға¬лық ету ұмтылысына және БСҰ-ға кіруіне қолдау білдіреді. Өйткені, Қазақстанның Еуропа мен Орталық Азия арасында диалогты дамыту үшін негізгі рөл атқару мүмкіндігі мол. Оның үстіне біздің еліміздің экономикалық жағдайы Орталық Азиядағы өзге елдерге қарағанда жақсы, саяси тұрақтылық берік орныққан.
Қазақстан мен Германияның сауда-экономикалық байланыстары жыл өткен сайын артып келеді. Әрі Германия Қазақстанның әлемдегі негізгі сауда әріптестерінің бірі болып табылады. Өткен жылдың қаңтар-қараша айлары ішінде екі ел арасындағы сауда айналымы 2,2 миллиард АҚШ долларын құрады. Бұл 2005 жылға қарағанда едәуір көп. Жалпылай алғанда, Германия – Қазақстанның Ресей, Италия, Швейцария, Қытай және Франция¬дан кейінгі алтыншы орында тұр¬ған сенімді сауда әріптесі. Екі елдің экспорт-импорт мәселесінде алыс-берістері баршылық. Мысалы, Гер¬мания біздің елге автомобильдер, электр тауарларын, медициналық дәрі-дәрмектер экспорттаса, Қа¬зақ¬стан Германияға мұнай, металдар мен химиялық шикізаттар жөнелтіп келеді. ....
Рефераттар
Толық