Уот Тайлер басқарған шаруалар көтерілісінің басталуы

Көтерілістің ең басты көсемі, деревняның қолөнершісі, үй төбесін жабушы Уот Тайлер болды және әдетте көтерілістің бәрі де соның атымен аталғанды. Ол соғыс ісімен әбден жете таныс, шебер ұйымдастырушы және ке-терілісшілердің арасында үлкен беделді адам болды. Эссекс пен Кенттің үлкен екі отрядтарымен шаруалар Лондонға таяп келіп жетті. Олардың мақеаты II Ричардпен кездесіп одан шаруалардың хал-жайын жеңілдетуді өтіну болған еді. Шаруалардың басым көпшілігі «Қайырымды корольге» сеніп, өздерінің бастарына түскен бәле-жаланың бәрін де оның ақымақ советниктерінен көретін еді. Мэрдің берген жарлығына қарамастан қала кедейлері көтерілісшілердің алдындағы қақпаларды жаптыртпады. Лондонға кіргеннен кейін шаруалар халықтың ең жексұрын дұшпандары — корольдің советниктерінің үйлерін өртеп қиратты және түрмелерді талқандап, тұтқындарды босатып жіберді. Лондон шаруалардың билігіне алынып, іс жүзінде ко-роль олардың тұтқыны болып шықты. Шаруалар халықтың ете-мөте жек көретін вельмождарын, соның ішінде ағылшын шіркеуінің бастығы және сонымен қатар Англияның канцлері архиепископ Кентерберийский Садбериді «опасыздар» ретіңде елім жазасына тартты. Шаруалар корольмен алғаш рет Майл-Эндте кездесті. Олар корольге «Майл-Энд программасы» деп атақ алған талаптар қойды. Олар корольдің алдына крепостнойлықты және барщиналықты жойып, біркелкі төмендеу ақшалы рента (акрадан 4 пенс) орнатып Англияның барлық қалалары мен селолық жерлерінде сауда бостандығын беру және бүкіл кетерілісшілерге кешірім жариялау талаптарын қойды. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | Ежелгі түркі ғұламаларының психологиялық тағылымдары

Қазақ халқының психологиялық ой-пікір мәдениетінің даму тарихы көне ғасырлар қойнауынан басталады.
Халқымыздың жалпы даму тарихына сүйене отырып, біз психологиялық ой-пікірлердің қалыптасуын басты үш кезеңге бөліп қарастырамыз.
Бірінші кезең-психологиялық ой-пікірлердің үлкен бастау, түп-төркіндері ,басы ҮІ –ҮІІІғасырлардан басталатын қазіргі түркі тектес халықтардың бәріне ортақ қоғамдық сананың алғаш дүниеге келу кезеңдері.Бұлар халықтық психология-Орхон Енисей жазба ескерткіштері,Қорқыт ата ,Әл-Фараби, Ж.Баласағұни, т.б. ғұламалардың тағылымдары.Екінші кезең-Қазақ хандығы дәуірінен басталып (ХІХ ғасырдың орта тұсы), Қазан төңкерісіне дейінгі психологиялық ой-пікірлердің даму жағдаяты.Үшінші кезең-психологиялық ғылымның Қазақстанда Кеңес өкіметі жылдарында даму тарихы.
ҮІ-ҮІІІғғ. Ежелгі түркі жазбалары.
Қорқыт ата.
ҮІ ғасырда Жетісу,Алтай,Орта Азияны мекен еткен ру-тайпалар бірігіп, түркі қағанаты дейтін үлкен мемлекет құрды. Зерттеушілердің айтуынша «Түрік» деген халықтың аты 542жылдан белгілі болса керек. Түрік қағанатының қоғамдық-экономикалық, саяси-әлеуметтік өмірінде сол кездері жауапкершілік дәстүр маңызды орын алады.Олардың алғашқы көсемдерінің бірі- Бумын қаған айналасындағы көрші елдерді өзіне қаратады. Қағанаттың орталығы Орхон өзенінің (Қазіргі Монғолияда) жағасында болды.Истеми қағанның тұсында (ҮІ ғ.)елдің территориясы бұрынғыданда ұлғайып,әскери қуаты арта түсті. Көп ұзамай, өзара қырғын соғыстары басталды да, қағанат екіге (бірі Орталық Азиядағы Шығыс түрік, екіншісі Жетісу,Шығыс Түркістан,Орта Азия Батыс түрік қағанаты) бөлінеді.Батыс түрік қағанаты (астанасы Шу өзені алқабындағы Сүяб қаласы) аварларды батысқа ығыстырып, Еділ Жайық бойын өзіне қаратты.Білге Қаған мен оның інісі Күлтегін осы ұлан-ғайыр қағанаттың тәуелсіздігін Таң ( Қытай ) шабуылынан үнемі қорғап келеді. Батыс түрік қағандығының құраған әр түрлі тайпалар кейіннен қазақ халқының құрамына енгенін тарихтан белгілі. Осы кезеңнің саяси қоғамдық, әдеби өмірін баяндайтын жазба ескерткіштер бізге жетіп отыр. Солардың бірі- «Күлтегін» , «Білге қаған» , «Тоныкөк» дастандары.....
Рефераттар
Толық

Тарих | АЛАШ МҰРАТЫ ОТАНДЫҚ БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМДЫ НЕГІЗДЕУШІ КҮШ

Алаш тарихы – жаңаруға ұмтылған, тарихи сабақтастықты үзбеген, білім мен елшілдікті басым бағыт еткен ұлттық серпілудің тарихы. Сондықтан біз Алашты ауызға алған сайын осыдан 90 жыл бұрынғы саяси қозғалыс пен күресті ғана емес, бүгінімізді ертеңге жалғайтын жасампаздық істерімізді сараптағанымыз дұрыс. Алаш – біздің ұлтқа, дәстүрге қаншалықты адал екенімізді салмақтайтын ар өлшемі. Алаш – өткен тарихтың ғана олжасы емес, бүгінгі ұрпақтың да елдік іске олжа салар мүмкіндігі. Алаш – әлемдегі қазақтың да, қазақ ішіндегі әлемнің де тұтастығы, үйлесімділігі.
Кез-келген елді алға ілгерілететін ұлттық идея. Тіпті бүгінгі
әлем ұлт пен мемлекет ұғымдары арасына теңдік белгісін қойып отырғаны жасырын емес. Кеңестік түсінікте ұлттық идея әсіре ұлтшылдықпен теңестірілді. Бұл қай тұрғыдан қарасақ та ақылға сыйымсыз еді. Расында, қасаң да бұрқасынды жылдары ұлттық идея дегеніміз – мемлекеттік, елдік мүдде идеясы деген мағына беретіні ұмытылды.
Алаш идеясы – қазақтың ұлттық идеясы болатын. Зиялылардың Алаш атауын таңдауы да жайдан-жай емес-тін. «Керегеміз – ағаш, ұранымыз – Алаш». Кереге – мемлекет құрылысы, Алаш – идеология. Тоқтам осы-тын. Алаш – жаңа түрдегі елдігіміздің, байырғы айбарымыздың рәмізі еді.
Егер сол тұстағы қайраткерлеріміздің көздегені жүзеге асқанда, қазір біздің еліміздің қосалқы аты Алаш (Алаш Орда, Алаш үкіметі, Алаш Республикасы) болатындығына иманымыз кәміл. Осы ретте бәзбіреулер «сонда олар қазақ атынан жеріген бе?» деп сұрақ қоюы мүмкін. Бұған «әрин, жеріген жоқ» деп жауап береміз.
Есімізге олардың:
Арғы атам – ер түрік
Біз – қазақ еліміз, -
деген әнұраны түседі. Сонымен бірге зиялылар:
Азаматы Алаштың,
Аттанатын күн туды.
Тұлпар мініп, ту ұстап,
Баптанатын күн туды,
деген жоқ па?! Осыған қарағанда, Алаш ұғымында рухтық, асқақтық, өрлік мағына бар.
XX ғасырда қазақтың азаматтық тарихындағы ең ұлы идея қайсы десе, Алаш идеясы деп жауап берер едік. Бүгінгі тәуелсіздігіміздің іргетасы – осы идея.
Алаш идеясындағы қайраткерлердің жемісті еңбек жылдары – ақыл һәм жүрек айбатымен күрескен 1907 жылдан 1937 жылға дейінгі 30 жылдай уақытты қамтиды. Тағдыр мен тарих оларға осындай мерзімді ғана қиыпты. Одан кейінгі жайы белгілі: айдалды, атылды, ресми тарихтан, ел жадынан аты өшірілді.
Қазір жұрт парламентаризм деген ұғымды жақсы біледі. 1907 жылы Ресей патшасы «әлхамдулла, алты миллионға» (А.Байтұрсынұлы сөзі) жеткен қазақ секілді ұлттарды сайлау және сайлану хұқынан айырды. Зиялылардың табанды күресі осы шақтан басталды.

Петербор, Омбы, Ташкент, Семей тәрізді шаһарлар XX ғасыр
басындағы монархиялық билікке бас көтерген алаштық күрестің
шыңдалу мектебі болды.....
Рефераттар
Толық