Этнопедагогикалық ойлардың туындауы мен дамуы

Абу Насыр өл Фараби (870 - 950) ірі сауда орны, мәдениет орталығы болған Отырар (Фараб -Қарашоқы) қаласында туып, сонда білім алған, кейін Бағдат (Сирия) қаласында ұстаз болып, сонда жерленген.
Ол - ғақлиялық (Ғылымилық) бағыттың бастаушысы. Ғалымның ғылыми еңбектерінің саны жүзден астам. Оларды топтасақ:
1. Астрономия;
2. Астрология;
3. Математика;
4. Логика;
5. Музыка;
6. Дәрігерлік ғылым;
7. Табиғат ғылымдары;
8. Социология - әлеуметтік ғылым;
9. Лингвистика - тіл ғылымы;
10. Поэзия - риторика;
11. Философия;
12. Педагогика.
Ол Дамаск (Шам) қаласындағы медреседе сабақ беріп, ұлағатты ұстаздық еңбектер жазып, әлемдегі екінші ұстаз (Аристотельден соң) атанған. Оның ұлы шәкірттерінің бірі Әбу әли ибн Сина (Авиценна) болған.
Әл — Фарабидің педагогикалық пікірлерінен төмендегіше тұжырымдарды аламыз:
1. Ғылым туралы: Ғылымда әл — Фарабидің "Бақытқа жету", "Ғылымдар тізбегі", "Ғылымдарды топтау" еңбектері ерекше орын алады. Ол математиканы жеті тарауға бөледі:
1. Арифметика;
2. Геометрия;
3. Оптика;
4. Астрономия;
5. Музыка;
6. Статика;
7. Механика - әдіс — айла жөніндегі ғылым.
Ол "Теориялық арифметикаға қысқаша кіріспе", "Риторика", "Софистика", "Поэтика", "Логика", "Этика", "Метафизика", т.б. көптеген оқулықтар, ғылыми трактаттар жазды. Оның оқулықтары мен ғылыми еңбектерін Әбу Әли Ибн Сина, Әбу Райхан Бируни, Омар Хайям сияқты шығыс ғұламалары, Роджер Бэкон, Леонардо да Винчи тәрізді еуропа ғалымдары да көп пайдаланған.....
Рефераттар
Толық

Этнопедагогика ғылымы туралы

Белгілі бір этнос адамдардың жан дүниесіндегі мінез-құлық, сана-сезім мен әдет-ғұрып, салт-дәстүр ерекшелігі ұрпақтан-ұрпаққа ана тілі арқылы жетеді.
Ұлттық сана-сезімнің өсуі мен етуі, бір жағынан, ана тілдің тағдырын анықтаса, екінші жағынан, ана тілдің даму дәрежесі ұлттық сана сезім деңгейінің өлшеуіші болып есептеледі.
Ұлттық тәлім-тәрбиені (этнопедагогиканы) іске асыратын ұлттық тіл (этнолингвистика), ал оның ішкі жан дүниесімен, сана сезіммен байланысты (этнопсихология) жүргізіледі.
Этнолингвистика - тілді этносқа қатысы жағынан зерттесе, психолингвистика - оны адам психологиясына, ал социолингвистика - қоғам дамуына қатысы тұрғысынан қарастырады. Этнолингвистика-ғылымы мына ғылымдармен тығыз байланысты:
1. Фольклористика
2. Этнология
3. Культурология
4. Мифология
Себебі, бұлардың қай-қайсысы болсын, этнос табиғатын ашуға қызмет етеді және олардың зерттеу нысанасы (обьектісі) да ортақ.
Мысалы, диалектология - этностың жергілікті сөйлеу ерекшелігін, этнология мен фольклористика - этностың әлденеше ғасырға созылған мәдени даму үрдісін, заттық және рухани мәдениетін, салт-дәстүрін зерттесе, мифология - этностың дүниетанымын, сенім-нанымын өзін қоршаған ортаға деген көзқарасын зерттейді. Олай болса, бұлардың бәрі де тікелей этносқа қатысты, бері де этностық ерекшеліктерді сипаттайды.
Ұлт мәдениетін сөз еткенде, тарих, археология, этнология ғылымдарымен қоса, этнопсихология, этнопедагогика және фольклористика ғылымдарының қағидаларына сүйену қажет. Себебі, өткен замандағы ұлттық мәдени мұралардан ұлттық психологиялық және этнологиялық (салт-сана, әдет-ғұрып, көзқарас т.б.) ерекшеліктер айқын сезіліп тұрады. Сол арқылы әр ұлттың өзіне тән салт-тұрмысы мен тіршілік кәсібін, сана сезімі мен ойлау ерекшелігін байқауымызға болады. ....
Рефераттар
Толық

Халық педагогикасындағы отбасы тәрбиесі

"Отан от басынан басталады".
"Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің".
"Көріп алған көріктіден, көрмей алған текті артық".
/Халық даналығы/.
"Отбасы-шағын мемлекет:
Мен-Президент, сен — Премьер"
/Қ.Аманжолов/.
Отбасы дегеніміз - туысқандық байланыста болатын, немерелер, ата-ана, ата-әже, балалар, немерелер, бірлесіп әлеуметтік өмір сүретін адамдар тобы. Отбасында мемлекеттік заңдар мен ережелерді сақтайды, демек некелік-отбасылық қарым-қатынастың биологиялық тарихы, әлеуметтік және праволық мәні бар.
Отбасындағы тәртіптің, оның мүшелері арасындағы адамгершілік-туыстық қарым-қатынастың, демократизмнің алатын орны ерекше. Отбасы тіршілігінің ежелден қалыптасқан заңы бойынша оны отағасы, ол болмаса отанасы, одан қалса үлкен аға немесе әпке басқарады.
Қазақ халқы балалар жасын кезеңдерге былай бөлген:
І.Нәрестелік жас - 7 ай бесік, 12-ай еңбектеу.
2. Бөбек - 1-3 жас
3. Сәби - 3-7 жас.
4. Жеткіншек - 8-11 жас
5. Бозбала - 12-15 жас.
6. Үлкендер - 15 жастан жоғары.
Отбасы қоғамдағы алғашқы ұйымдардың бірі. Оның өзіндік міндеттері болады, ол үшке бөлінеді:
1. Репродуктивтік. Мұның мәні — баланың өмірге келуі, өмірдің, ұрпақтың жалғасын табуы.
2. Шаруашылық-экономикалық. Мұның мәні-материалдық жағдайды қамтамасыз ету, үй және жеке меншік шаруашылығын жүргізу, отбасының қор-қаражат жинау, оны сақтау.
3. Бос уақьттты ұйымдастыру, яғни бала, ұрпақ тәрбиесімен айналысу.
Отбасы тәрбиесі ата-аналар ықпалымен жүзеге асатын қоғамдық, тәрбиемен ұштасып жатады. Ол қоғаммен, бүкіл қоғамдық қатынастар жүйесімен тығыз байланыста бола тұрса да, отбасы адамдарының белгілі дәрежедегі дербес сырлас тобы.
Отбасы өмірі материалдық және рухани процестермен сипатталады. Табиғи биологиялық және шаруашылық тұтыну қатынастары оның материалдық жағын құрса, ал рухани жағын құқықтық, адамгершілік және психологиялық қатынастар құрайды.
Адамгершілік тұғырға көтерер ең маңызды ұлағаттар, адамгершілік қатынастар отбасынан басталады.....
Рефераттар
Толық

Халық педагогикасындағы тәрбиенің мақсаттары

Халық педагогикасының негіздері ғылым жолымен іздестірілмей келгенін ашып айтқан жөн. Өйтксні халық педагогикасы тек өмірлік факті ретінде пайдаланылып, оның ғылыми негізде дамымауына тікелей империялық саясат кері әсер етті. Ал, империя атаулы өз езгісіндегі халықтардың ұлттық тарихының да, халықтық педагогикасының да бой көтеруін қаламайды. Себебі бұл екеуінен халықтың ұлттық санасы оянады.
Жалпы халық педагогикасының негіздері адамның өз бойынан, яғни оның физиологиялық кезеңдерінен құралады. Оның тән құрылысы -биологиялық заңдылықтардың бесігінде тербиеліп шықса, ал жандүниесі - тәрбиелік тәлімнен ғана нәр алады. Олай болса, бала тәрбиесінің физиологиялық өсу кезеңдері оның тәрбие жүйесінің негіздерін жасайды. Өйткені баланың өсу жолындағы әрбір кезеңінің өзіне тән тәрбие әдістері бар. Мысалы. оларды бүгінгі таңға орайластыра шартты түрде жіктесек:
1) отбасы болуға дайындық және ұрық тазалығы;
2) Ана құрсағындағы тоғыз ай;
3) Бесіктің тәрбиелік мәні;
4) Балбөбек кезеңі;
5) Балабақша тәрбиесі;
6) Бастауыш мектеп кезеңі;
7) Орта білім беру және кәмелеттік кезең болып шығады.
Тегінде ұрпақ тазалығы жөнделмей, жан тәрбиесі түзелмейді.
Өйткені ұрық тазалығы - адам тәрбиесінің алғашқы шарты. Таза ұрықтан бірте-бірте өсетін жан иесінің жүрек тәрбиесі (бала тәрбиесінің бұдан басқа тағы бір жүйесі - ақыл тәрбиесі бар) жалғасады. Ана құрсағындағы тоғыз ай тоғыз күнге созылатын өмірінде нәресте бүкіл жер бетіндегі тіршіліктің миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан баспалдақтарын басып өтеді. Бала осы кезенінде өзіндік биологиялық ерекшеліктерімен қатар кейін көкірек көзіне айналатын түйсіктік тәрбиелерін жетілдіреді....
Рефераттар
Толық

Халық педагогикасының асыл арналары

Қазақ халқының ауыз әдебиеті өлшеусіз бай. Батырлық дастандар мен лирикалық поэмалар, толғаулар мен жырлар, мақалдар мен мәтелдер, ертегілер мен аңыздар, жұмбақ-жаңылтпаштар, айтыс өнері - халықтық педагогикадан бастау алатын атадан-балаға, ауыздан-ауызға беріліп келе жатқан мұралар.
Халық ауыз әдебиетінің негізгі түрлері:
а/ Тұрмыс-салт жырлары;
ә/ мақал-мәтелдер;
б/ ертегілер;
в/ эпостық жырлар;
г/ лиро-эпостық жырлар;
д/ айтыс өлеңдер;
ж/ тарихи жырлар.
Қазақ халқы шығыс халықтарының ішінде ауыз әдебиетіне ерекше бай, өзіндік ерекшелігі бар халық. Мысалы, басқа шығыс халқында кездеспейтін ауыз әдебиетінің үлгілері - айтыс өнері, терме, тұрмыс-салт өлеңдері, шешендік сөздер.
"Қазығұрттың басында кеме калған, Ол әулие болмаса неге қалған". Бұл рухани мұраларда тәрбиелік, өнегелік мәні аса ауқымды небір ойлар мен тұжырымдар жинақталған. Халқымыз халықтық педагогика негізінде діннің қоғамдық өмірге қатысын, халық психологиясы мен мінез-құлқын немесе, сонымен қатар өз тарихын, тәрбие жүйесің рухани дәстүрін білдіреді. Ертеде қазақ халқының жазу-сызуы болмаған кезде педагогикалық идеялар ұрпақтан-ұрпаққа тек қана халық ауыз әдебиетінің үлгілері арқылы таралған болатын.
XIX ғасырға дейін жазуы кенже дамыған қазақ халқы үшін өмірде көркем өдебиетте, білім де-ауыз әдебиеті болды. Халықтың бүкіл тіршілігі әлеуметтік экономикалық өмірі - ауыз әдебиетінен мол көрініс тапты.
Қазақ халқының ауыз әдебиеті- сан ғасырдың жемісі. Оның түп-төркіні сонау патриархалдық-рулық заманнан басталады.
Ауыз әдебиетінің барлық жанры тұрмыс-салт жырлары, ертегілер, эпостық, лиро-эпостық жырлар, негізінен сол заманнан келеді.
Халық ауыз әдебиетінің үлгілері: ертегі, жыр, аңыз, мақал-мәтелдер, жаңылтпаш айтыс түрлері және т.б.
Ауыз әдебиеті - талай ғасыр жемісі халық жырлары, жыраулары, жыршылары, ертекшілері сонау ықылым заманнан өзінін асыл қазынасы ретінде сабақтасып ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп бүгінгі біздің дәуірімізге жеткен.
Әдебиеттік жағынан алғанда қазақтың әдебиеті әр алуан, Өркениетті мәдениетгі елдердегідей мектеп, халық ағарту жүйесі, институт, университет, баспасөз болмаған, дамымаған кездері ата бабаларымыз жас ұрпаққа ұсынар тағылымын бір буыннан екінші буынға толқындай ауыстырып, мирас еткен аса бай ауыз әдебиетіне шоғырландырылған.
Ал енді біз қазақ ауыз әдебиетінің: бесік жыры, жаңылтпаш және жұмбақтардың этно-педагогикалық мәнін қарастырайық.....
Рефераттар
Толық

Тәрбиеші шеберлігі

Мұғалім — мектептің тірегі ғана емес, ол оның бетке ұстар мақтаны. Сол себептен де шәкірт ұстазына қарап бой түзейді, оған еліктейді, сондай болсам деп киялдайды. Яғни, мұғалім - ұлт тәрбиешісі. Сондықтан болашақ ұстаздың бойынан еш уақытта маңыздылығын жоймайтын, жауапкершілігі жоғары болатын қасиет табылуы тиіс. Себебі, ұстаздың алдында еліміздің болашағы, әр ата-ананың көз қуанышы, үкілеген үміткері отыр.
Бүгінгі күн оқу пәнінің мазмұнын оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін одан әрі жетілдіруді, өмірмен байланыстыра нығайтуды міндеттеп отыр. Бұл тәсіл сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді кеңінен пайдалануға жетелейді. Сондықтан әр мұғалім өзіндік дайындығына, ой-санасының тереңдігіне қарай ізденеді. Бұл бағыттағы ізденістер еңбектеріндегі бір серпіліс болып табылады. Қазіргі кезде жоғары сынып оқушылары "Ұлттық бірыңғай тестке дайындаламыз, еңбектен күрделі пәндер бар" деп түрлі жайттарды себеп етіп, еңбек сабағына қатысқысы келмейтінін несіне жасырамыз. Оқушылардың еңбек пәніне деген қызығушылығын арттырудың бірден-бір әдісі шикізаттарды пайдалы іске асырып, ол мектеп тарапынан қолдау тауып, шығармашылық сайыстарда жүлделерге ілініп жатса, көрмелерге, байқауларға қатысып жүрсе мұғалімнің де жұмысы жеңілдейді. Мен өзім оқушыларға білім беруде ұлт байлығы — музыка аспаптарын жасатуды негізге аламын. Бұл оқушыларды патриоттық сезімге тәрбиелеуде де үлкен рөл аткарады. Сабақ — өте күрделі, жауапкершілікті, септілікті, ұқыптылықты талап ететін сан қырлы. Әрбір сабаққа койылатын басты талап: оқушының еңбекке, еңбектенуге қызығушылығын арттыру; көрнекі құралдарды тиімді пайдалану, оқушылар сезіміне әсер тигізе білу; балалармен ынтымақтастықта болу; сабақтың өмірмен байланысын нығайтып отыру.
Әрбір сабақта оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мақсатында басты назар аударатын жайттар: шикізаттан жасалатын затты нақты жоспарлау (домбыра жасау); сабақтың түрін, әдістерін өзгертіп, шығармашылық ізденіс, зерттеу жұмыстарын туғызу (домбырада күй тартып беру, ән салу, т.б.); сабақ барысында дайындалатын затты күнделікті шаруада да пайдалануға болатынын жете сезіндіру (мысалы: домбыра аспабын дайындауда әрбір қазақ үйінің шаңырағын домбырасыз елестете алмаймыз); қазақтың ұлттық аспаптары: домбары, қылқобызын жасап, оларда ойнау тәсілдерін үйретіп жатсақ артық болмас.
Мен шамам келгенше оқушылардың пікірін жоққа шығармай, олардың ой-өрісінің дамуына жете назар аударамын. Осыдан үлкен қызығушылықпен дайындалған шикізат домбыраға немесе қылқобызға айналғанда еңбек сабағына келген әр оқушы бар ынтасымен сабаққа қатысып, жыл соңында шебер, уқыпты оқушыға айналады.....
Рефераттар
Толық

Тіл қатынасы жөнінде түсінік

А
дам өзінің өмір қажетін өтеуге байланысты басқа біреулермен пікірлеседі, ой алмасады. Бұл үшін сол ұлттың, тілдің грамматикалық ережесіне сәйкес сөз тіркестерін пайдаланылады.
Адам баласының сана – сезімнің дамуында дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор. Сөйлеудің пайда болуы нәтижесінде адам организмі анатомиялық өзгерістерге түсіп, дыбыс артикуляциясына қабілеті бар сөйлеу аппараты жасалды. Осының арқасында адам жеке дыбыстарды ғана емес, түрлі дыбыс тіркестерін, тиісті мән-мағынасы бар сөздерді айта алатын басты белгісі. Ол бізді жануарлар дүниесінен ерекшелендіріп тұратын негізгі жан қуаты. Сөйлеу адам сананың пайда болып, біртіндеп қалыптасуын тек биологиялық жағдайлардан емес, ең бастысы қоғамдық -әлеуметтік, тарихи факторлардан іздестіруіміз қажет. Сана мен тіл адамзат қоғамның тарихи дамуының, олардың іс-әрекетпен айналасуының, еңбек құралдарын жасап, пайдалана білудің нәтижесі.
Тіл сөйлеу ежелден бері жеке адамның да, қоғамдық ой-санасын дамытып жетілдіруде аса маңызды рөль атқарады. Сөз ойлы да, мәнерлі де болуы тиіс. әйтпесе ол көздеген мақсатына жете алмайды. Тіл арқылы жеке адамның тәжірибесі, санасы ұжымның басқа мүшесінің игілігіне айналады. Ал жеке адамның жеке санасы да сыртқы ортаның ықпалымен, оқу-тәрбие процесінің әсерінің нәтижесінде үздіксіз дамып отырады. Бұл екеуінің дамуы бір-бірімен шарттас. Адамдардың арасында қатынас құралы ретінде тілдің қызмет атқаруы, оның негізгі қызметі. Тіл, сондай-ақ, адам сана-сезімінің, оның психологиялық көрсеткіші де. Тіл адамды қимыл-әрекетке де итермелейді. Бұл оның атқаратын екінші қызметі.
Тілдің бұл екі қызметі өзара тығыз байланыста болады. Олар үнемі қатарласа, бірі екіншісін демеп, кейде қарама-қарсы бағытта жүріп отырады. Мәселен, «мұғалім келді» деген сөйлемде мұғалімнің келгені жөнінде айтылса, «мұғалім келді ме?» деген сөйлем екінші бір адамды осыған жауап қайтаруға мәжбүр етеді.
Тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізуді сөйлеу деп аталады.
Сөйлеу-пікір алысу процесінде жеке адамның белгілі тілді пайдалануы. Бір тілдің өзінде сөйлеудің сан алуан формалардың арасындағы өзара түсінуді реттестіру үшін, пікір алысу үшін қызмет білімін, практикалық тәжірибесін байытып қана қоймай, сонымен қатар ғасырлар бойы жинақталған қоғамдық тәжірибесін меңгеруге де мүмкіндігін алады.
Ойдың т ілі - сөз. Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Сөзді дұрыс қабылдамай тұрып, оны ұғынуға болмайды. Жеке сөздерді қабылдаудың өзі оны ұғынуды қажет етеді. Қабылдау мен ұғыну бір мезгілде жүріп отырады, бірінсіз-бірі іске аспайды. Интонацияны қабылдау сөйлеу аппаратында, адамның мәнерлі қозғалысында түрліше реакция тудырады. Мәселен, бұйрық интонациясына келісу немесе келіспеушілік білдіреді.....
Рефераттар
Толық

Тәрбие негізі отбасында

Қазақстан Республикасы Ата Заңының 27–бап, 2–тармағында "Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу –ата–ананың табиғи құқығы, әрі парызы" делінсе, "Қазақстан–2030" бағдарламасында "Әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауға тиіспіз. Біз өз балаларымыз бен немерелерімізді сонау алыс болашақта, олар біздің жасымызға жеткен кезде қандай күйде көргіміз келеді..." делініп ұрпақ тағдыры айтылады.
Бала тәрбиесінде отбасының орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенің қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасының негізі баланы өмірге келтіру ғана емес, оған мәдени–әлеуметтік ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың, ата–бабаларадың, ұлылардың ақыл–кеңес тәжірибесін бойына сіңіру, қоршаған орта, адамзатқа, өз қоғамына пайдалы етіп тәрбиелеу. Үлкен ұрпақтың тәжірибесі, өмірдегі беделі, ақыл–кеңестері, ата–ананың өз борышын мүлтіксіз орындауы, бір–бірін құрметтеуі – үлкен тәрбие мектебі. Бала дүниеге келген күннен бастап ата–ананың ықпалында болып, өмірге бағыт беруші тәрбие мектебінен нәр алады.
«Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,
Өнерімен қуантады түбінде.
Бала нені білсе жастан, ұядан –
Өле–өлгенше соны таныр қиядан.
Өнер–білім берем десең басынан,
Бер оқуға балаларды жасынан,
Ата–анадан өсіп ұрпақ тараған,
Жақсы–жаман болса, бала–соларда», деп, ХI ғасырда Жүсіп Баласағұн айтқандай, ата–аналар балаларының жеке ерекшеліктерін жас күннен танып, соған қарай бағыт–бағдар, тәрбие берудің маңызы ерекше. Ата–ананың балаларына жақсы тәрбие беруде қоғам алдында жауапты. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы –бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата–ана және олардың балаларының өзара қатынасы мазмұнды, берілген тәрбие сіңімді және негізді.
Ата–ана бала тәрбиесіне ерекше мән беруі қажет. Ана–бала тәрбиесіндегі ерекше тұлға. Тәрбиенің негізі «ананың әлдиінен» басталады емес пе?! ....
Рефераттар
Толық

Тәрбие отбасынан басталады

Кімнің болса да жүрек түкпірінде туған жерге, Отанға, отбасына да деген қимастық сезімі болады. Осылардың ең биігі елжандылық, отансүйгіштік қасиет. Бұл қастерлі ұғым арқылы қоғамның негізі қаланады. Отан отбасынан басталады, демек өзіңнің ата-анаңды қалай қастерлесең, Отаныңды да сондай қасиеттей біл. Ер жігіт елі үшін туады деген ғой. Отан қорғау саласында еңбек етуімнің өзі елжанды болуымнан деп ойлаймын.

1. ҚИЫН БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС.
Қиын балалардың отбасындағы беріктігі және өнегелі отбасында өнегелі ұрпақ тәрбиеленетіні сөзсіз. Қиындықты шешудің негізгі жолы-отбасында қарым-қатынастарды орнату.
В.Сухомлинский тәрбиені отбасы жағдайын зерттеуден бастайды. Ол баланың сабақ үлгерімінің жақсаруымен қоса денсаулығының мықты болуына, ой-өрісінің кеңеюіне көңіл бөлді және балалардың 3-4 сыныптарға дейін бірқалыпты дәртіпті болып келіп, 4-сыныптан кейін бастайтындығын түсіндірді. Ересек кезең - бала тәрбиелеудегі ең қиын кезең екендігін айта келіп, ата-аналарды балалармен сырласуға шақырады.
Отбасының қоғам мен мемлекет, тіпті күллі адамзат алдындағы атқаратын қажеті сан қырлы. «Отан отбасынан басталады» десек, адам тәрбиесі. Отанды сүю, өмірге құштарлық, сұлулықты тану бала кезден жанұяда басталатыны баршаға аян.
А.С.Макаренко: «Тәрбие -баламен сөйлесумен, оған ақыл-кеңес берумен ғана шектелмейді. Тәрбие-тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі - өнеге көрсетуінде», - деген ғой. Баланы жас кезінен бастап сыйлап, қадір-қасиетін, ар-намысын бағалап, дұрыс сөйлеп, дұрыс қарым-қатынас жасаған абзал.
Баланың айхайын деген өтінішін, ақылдасқысы келген мәселесін ата-анасы тыңдап, ақыл-кеңес беруі керек. ....
Рефераттар
Толық

Тәрбие өнері мен тәрбиелеу технологиясы

Білім берудің кез-келген жүйесінің негізгі мақсаты - оқушы тұлғасының дамуы жөнінде айта келе, ең алдымен қазіргі замандағы педагогикалық психологияның негізгі ережелерінің бірін атап өту қажет, оған сәйкес оқыту адамның психикалық және жалпы алғанда, тұлғалық дамуының шарты ғана емес, сонымен катар оның негізі және құралы болып табылады. Оқыту мен дамытудың ара қатысының сипаты туралы сұрақ та маңызды. Бұл сұраққа жауап педагогикалық психология үшін өте маңызды.
Отандық психологияда Л.С. Выготский тұжырымдаған және зерттеушілердің көпшілігі кұптайтын көзқарасты ұстанады. Бұл көзқарасқа сәйкес, окыту мен тәрбиелеу баланың психикалық дамуында жетекші рөл ойнайды. «Оқыту дамуда тек қана жуық арада болатын салдар ғана емес, алыс болашақта болатын салдарға ие болады, оқыту тек қана дамудың соңынан ғана, онымен қатарласа жүріп отыра алады, ол дамудың алдына түсіп, оны ары қарай итермелеп, онда жаңа қасиеттер туғызып жүре алады». Тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне қарамай, міндет әртүрлі әдістермен шешіледі. Тәрбие процесінің барлық кезеңінде белгілі бір сапалар қалыптасады, бірақ әр жеке сыныпта тәрбие әдісі өзгеріп отыруы тиіс. Бірінші сыныпқа дәл келетіні, үшінші сыныптағыларға сәйкес келмейді, ал бесінші сыныптағылар оны қабылдамауы мүмкін. Тәрбиеленушілердің жекелік және түлғалық ерекшеліктері. Жалпы әдістер, жалпы бағдарламалар тәрбиелік өзара әрекеттегі тек бастама ғана. Жекелік және тұлғалық түзетулер (корректировка) қажет. Инабатты тәрбиеші өз әдістерінше әр тұлғаның өзіне тән қабілетгерін дамытуға, оның өзіндік қасиеттерінің сақталуына, "мендік" белгілерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін әрекеттерді жасайды.
1. Тәрбиелеудің жалпы сипаттамасы

Адамды оқыту мен тәрбиелеу арасындағы байланыс -педагогикалық психологияның ең бір маңызды проблемасының бірі Оны қарастыру барысында:
а) дамытудың өзі күрделі инволюциялық-эволюциялық алға жылжушы қозғалыс болып табылады, оның жүру барысында адамның өзінде - кейінді интеллектуалдық, тұлғалық, мінез-кұлықтық, әрекеттік өзгерістер жүреді (Л.С. Выготский, Б.Г. Ананьев);
б) дамыту, әсіресе тұлғалық өмірдің өзі тоқтаған сәтіне дейін тоқтамайды ол тек бағыты, қарқындылығы, сипаты мен сапасы бойынша ғана өзгеріп отырады. Дамытудың ортақ сипаттамалары: қайтымсыздық, прогресс-регресс, бірқалыпсыздық, алдыңғының жаңада сақталынуы, өзгеру мен сақталудың бірлігі болып табылады. Психикалық дамуды аныктаушы факторлар ретінде В.С. Мухина оның алғышарттарын, дамудың шарттары мен байланыстарын және баланың ішкі позициясын қарастырады.
Білім берудің кез-келген жүйесінің негізгі мақсаты - білім алушы (оқушы) тұлғасының дамуы жөнінде айта келе, ең алдымен қазіргі замандағы педагогикалық психологияның негізгі ережелерінің бірін атап өту қажет, оған сәйкес оқыту адамның психикалық және жалпы алғанда, тұлғалық дамуының шарты ғана емес, сонымен катар оның негізі және құралы болып табылады. Оқыту мен дамытудың ара қатысының сипаты туралы сұрақ та маңызды. Бұл сұраққа жауап педагогикалық психология үшін өте маңызды.
Бұл сұрақты шешуде әр түрлі көзқарастар бар. Мысалы, олардың бірі бойынша, оқыту дегеніміз дамытудың өзі (У. Джемс, Э. Торндайк, Дж. Уотсон, К. Коффқа), алайда, оқыту табиғатын (оқу, үйрету) барлығы өздерінше түсінеді. Басқаларға сәйкес, оқыту - бұл тек қана жетілудің, дамудың сыртқы шарттары. «Даму - мүмкіндік туғызады, оқыту - оны жүзеге асырады» немесе, басқа сөзбен айтканда, «оқыту дамытудың ең аяғында келе жатыр». Ж. Пиажеге сәйкес, «баланың ойы белгілі фазалар мен кезеңдерден қажеттілік болғандықган өтеді, ол баланың оқытылуы, оқытылмауына тәуелсіз».
Отандық психологияда Л.С. Выготский тұжырымдаған және зерттеушілердің көпшілігі кұптайтын көзқарасты ұстанады. Бұл көзқарасқа сәйкес, окыту мен тәрбиелеу баланың психикалық дамуында жетекші рөл ойнайды. «Оқыту дамуда тек қана жуық арада болатын салдар ғана емес, алыс болашақта болатын салдарға ие болады, оқыту тек қана дамудың соңынан ғана, онымен қатарласа жүріп отыра алады, ол дамудың алдына түсіп, оны ары қарай итермелеп, онда жаңа қасиеттер туғызып жүре алады». ....
Рефераттар
Толық