Мәдениеттану | Қазіргі қазақ журналистикасы

«Журналистика — күнделікті өмірдің жаршысы». Сондықтан журналистика әр кезде өз биігінен көрінеді. Кеңес үкіметі тұсында цензураның мысы қатты болды. Ол кездегі қаламгерлер саясат, экономика жөнінде өткір мақалалар жаза алмады. Сондықтан қаламгерлер өнер мен мәдениет тақырыбын азық еткенді. Ал қазір жағдай мүлде басқаша. Қоғам алмасқанда журналистиканың баяғы деңгейінің артта қалғанына көзіміз жетіп отыр.
Қазіргі қазақ журналистикасының деңгейі қандай?-деген сұраққа жауап беретін болсақ- қазіргі қазақ журналистикасы еркіндіктің босағасында, оның өзінің деңгейі мен дәрежесі бар. Кез-келген тақырыпта, кез келген мәселеге қалам тарта алады. Ол баспасөздің, Бақ құралдарының еркіндігі десек те болады. Бірақ дей тұрғанмен қазақ журналистикасының жолын дамыту бар ....
Рефераттар
Толық

Мәдениеттану | Қазақ мәдениетінің бастаулары

Қазақтар — Қазақстан Республикасының негізгі тұрғындары, әлемдегі жалпы саны 13 миллионнан асады, исламдық суперөркениеттің солтүстік шығыс жағын мекендейді, діні жағынан ханифиттік мағынадағы мұсылман сунниттер, Алтай тіл бірлестігінін түрік тобының қыпшақ топтамасына жатады. Бүл мәдениетті түсіну мақсатында алдымен оны кеңістік өрісі мен уақыт ағынында қарастырып, кейін қазақ мәдениетінің типтік ерекшеліктерін айкындайық. Қазақ мәдениеті еуразиялық Ұлы дала көшпелілерінің мұрагері болып табылады. Сондықтан осы ұлттық мәдениетті талдауды номадалық (көшпелілік) өркениет ерекшеліктерінен бастайық.
Сонымен бірге мәдениет сөзі «құрмет тұту, сыйлау, құрметтеу, табынушылық» деген мағыналарға да ие. Осылардың ішіндегі ең бастысы - дінге табынушылық. Көне замандағы адамдар әруақытта да құдайлар қоршауында болды, олардың санасынан тәңірі берік орын алды. Үйде де, түзде де құдайлар мен адамдармен бірге болды., оларды жебеп, қорғап отырды. Құдайлар қалаларда тұрды, қала заңдары мен қала азаматтарын бәле-жаладан қорғады.
Әрбір ұлттық мәдениет бос кеңістікте емес, адамдандырылған қоршаған ортада әрекет етеді. Мәдени кеңістік оқшау, мәңгіге берілген енші емес. Ол тарихи ағынның өрісі болып табылады. Мәдени кеңістіктін маңызды қасиеті — оның тылсымдық сипаты. Мысалы, «ата қоныс» ұғымы көпшелілер үшін қасиетті, ол өз жерінің тұтастығының кепілі және көршілес жатқан мекендерге де қол сұғуға болмайтындығын мойындайды. Қауымдык қатынас мекендер егемендігінен туады. Ата қоныстың әрбір жағрафиялық белгілері халық санасында киелі жерлер деп есептелінеді, яғни қоршаған орта киелі таулардан, өзен-көлдерден, аңғарлар мен төбелерден, аруақтар жататын молалардан т.б. тұрады. Олардың қасиеттілігі аңыз-әпсаналарда, жырлар мен көсемсөздерде болашақ ұрпақтарға мұра ретінде қалдырылған.
Белгілі бір парасаттылық, ізгілік, ұстамдылық, интуициялық жоғары қабілеттері жоқ адамдар қатал далада өмір сүре алмас еді. Кеңістікке үйлесімді мәдениетте адам мен табиғаттың арасында «қытай қорғаны» тұрған жоқ. Керісінше, мәдениет олардың арасындағы нәзік үндестікті (гармонияны) білдіретін дәнекер қызметін атқарады. Қазақтың төл мәдениетінде экологиялық мәселе әдептіліктік жүйесіндігі обал және сауап деген үғымдармен тікелей байланыстырылды. ....
Рефераттар
Толық

Мәдениеттану | Ежелгі Үнді мәдениеті

Үндістан — адамзат баласының ең көне мәдени ошақтарының бірі. Баға жетпес мәдени қазынаның иесі осы бір дарынды халықтың мәдени мүраларын басқа халықтардың мәде¬ни жетістіктерімен ауыстырып алуга болмайтындығын ерекше атап өткіміз келеді. Талай шапқыншылықты басынан өткізсе де өздерінің ешуақытта да басқыншылыққа бармауы, бұл ұлы халықтың ұлттық ерекше қасиеті де болар. Ал осы бір ұлттық ерекшелік — үнді халқының мәдени дамуына өз ықпалын тигізбеуі тіпті мүмкін де емес сияқты. Бірақ, өкінішке орай, ежелгі үнді мәдениеті жайындағы толық мағлұматтарды тек соңғы кездерде ғана ала алдық. Біздің ғасырымыздың
20-шы жылдарын-да гана археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде палеотит және неолит дәуіріне жататын баға жетпес материалдық мәдениеттің ескерткіштері табылады. Инд өзенінің аңғарында жүргізілген қазба жұмыстары б.з.б. ІП-П~мыңжылдықтардың өзінде-ақ үнді жерінде мәдениеттің дамуының жоғары қарқын-да болғандығын дәлелдеп отыр. Б.з.б. III мыңжылдықтың аяғында қалыптасқан Махенджо-Даро (Синд, Пәкістан) және Харапа (Пенджап, Пәкістан) мәдениеттерінің ескерткіштеріне қарағанда ежелгі үнділіктер дөстүрлі тас құралдармен қатар мыстан және қоладан жасалған заттарды да кеңінен пайдаланған. Бұл алқаптың тұрғындары дүние жүзінде тұңғыш рет мақтадан иіріп, тоқуды игерген. Кене үнді зергерлері мен қышшыларының даңқы бүкіл дүние жүзіне кең тараған. Осы дәуірде таптық қарым-қатынастардың дамуы, мемлекеттер мен қалалардың пайда болуы, ал олардың өз кезегінде көршілес жатқан елдермен сауда-саттық қарым-қатынастарын жасауы, сөзсіз, қала мәдениетінің өрістеуіне колайлы жағдайлар жасады. ....
Рефераттар
Толық

Мәдениеттану | Ежелгі Месопотамия мәдениеті

XIX г. соңғы ширегінде Тигр жөне Ефрат (Қос озен) өзендерінің бойында жүргізілген археологиялык казба жұмыс-тарьпіың ңәтижесінде ежелгі ескі қалалардьщ орны ашылып, өлеыге «Шумер өркеннеті» деген жаңа мәдениет белгілі болды. Адамзат баласының гасырлар бойы жинактаған мол мәдени мураларына қомақты үлес қосқан, дүннежүзілік оркениеттің тағы бір бастауына аііналған бүл жаңа мәдениеттің аты аңызға айналды, адамзат қауымының «фәлсафалык мәйегі», ілгерілеу мен дамудың каіінар бүлағы деп дәріптелді.
Жер бетіяде алгаш өркенуіетті қауым, іргелі мемлекет күрған шумерлердің ыәдениеті дүниежүзілж мәдени ошақтардың бірі Египет мәдениетіндей оте жоғары болды. Бірақ Ніл аңгарында үш мың жыл бойы бір-ак, халық коныстанып, бір-ақ қана мем-лекет Ежелгі Египет коныстанса, ал Қос озен бойында Шумер, Аккад, Вавилон, Ассирня, Иран сиякды түрлі мемлекеттік кұрылымдар тарих сахнасында бірінен кейін бірі алмасып турды, турлі халықтар өзара сауда-саттык жасаумен қатар, езара әскери кактығыстарға да жиі барьш түрды, соның салдарынан калалар мен әсем ғимараттар күл-талқан болып кирады да. Бірақ мұндай кактығысқа қарамастан бұл мемлекеггердіц мәдени гұлдену процесі тоқтап қалған жок.
Оған дэлел, Қос озеннің ең көне мөдениеті Шумер-аккад мәдениеті. В.В. Струве, В.И. Авуев, В.А. Тураев, Б.Й. Грозный сиякты аса көрнекті шыгыстанушы ғалымдардың пікірінше, шумерлер бұкіл Вавилон мэдениепнің негізін қалаушылар болып саналады. Ал шумерліктердщ вздері, олардың ата-бабала-рын Қос өзен оңіріне сонау таудың ар жағынан, солтүстіктен, яғни солтүстік-шығыстан келген.
Ғалымдардың айтуьшша, бүл келгендер «тау түргындары», «малшы кошпелілер» болып есептелсе керек. Шумердің 3100— 2800 жылдардағы халқы туралы белплі ғалым Л. Вулли: «Дәл осы кезеңде бүлардың халқынын басым көпшілігі келімссктерден күрылганы анық. Әр түрлі себептермен келген олар бүл елдегі халыктардың игере алмаіі отырған биік мөдениетін еркендетуге белгілі дөрежеде әсер еткен болса ке-рек», — деп жазады.....
Рефераттар
Толық

Мәдениеттану | Ежелгі Қытай мәдениеті

Біздің жыл санауымызға дейінгі VI ғасырда Қытайда жаңа философиялық - дүниетанымдық ілім пайда болды. Ол бертін келе дін дәрежесіне көтерілді. Бұл ілімнің негізін салушы Кун-Цзы (Европалық транскрипцияда - Конфуций) болды. Конфуций б.э.д 551 жылы туылып, 407 жылы қайтыс болған. Конфуцидің тоғыз кітап аталатын жинағының барлығы бірдей оның туындылары емес. Оның ішінде ғұламалардың шәкірттерінің де қосқан үлестері бар. Бұл аса көлемді еңбектердің бірінші сериясы бес кітаптан турады:
Өзгерістер кітабы. Бұл кітапқа құлшылық және тылсым дұғалары, өсиет сөздері топтастырылған. Ол алғашқы қауымдық құрылыстан бергіні сөз етеді, барлық кітаптардың ішіндегі көнесі болып табылады. Осыған қарағанда ол бір адамның қаламынан шыққан дүние емес, құрастырылған еңбек болуы ықтимал.
Көне тарих кітабы. Ол көне уақыттарда жасаған императордың аңызбен астасқан тарихынан мәлімет береді; Діни өлеңдер кітабы. Жинаққа әлемнің жаратылуы мен құрылуы туралы мифтер, діни мадақ өлеңдері енгізілген; Салтанатты рәсімдер кітабы. Күн - Цзының төл туындысы деп танылатын бұл кітапта Лу княздығының тарихы баяндалады.
Дао - Сюэ (Ұлы ілім), Чжун - юн (тепе - теңдік туралы), Лун - юй (әңгімелер мен толғаулар) және Күн - Цзының шәкірті және оның ісін алға апарушы Мэн - Цзының атымен аталған еңбек - екінші серияны құрайтын төрт кітап, зерттеуші ғалымдардың пікірінше, Кун Цзының шәкірттерінің қаламдарынан туған дүниелер.
Конфуций ілімі - тұтасымен дерлік адамшылдық, адамгершілік туралы ілім. Мұнда Кұдай турасында бір ауыз сөз жоқ. Құдайды танып білуге адамның ақылы жетпейді. Барлық өзге діндер үшін аса маңызды мәселе - әлемнің, адамзаттың жаратылуы, адам мен құдайға қатысты мәселелер Конфуций ілімінде мүлдем қарастырылмаған.
Дін деуден гөрі әлеуметтік - этикалық жүйеге жуық тұрған бұл ілім бойынша ең маңызды нәрсе - рәсімділік. Яғни, конфуцидегі құлшылық объектісі - көне замандарда жасалып, біржола орныққан, өмірдің барлық жақтарын қамтитын Ұлы Рәсімдер. Оның өмірі - осы Рәсімдерді сақтаудың үлгісі. Ол, өзінің айтуынша үш мың ереже мен жүз ғұрыпты орындаған ....
Рефераттар
Толық