Тұтынушы тәртібі нарықты сигменттер және тауар тұрғысы

Тауар өндірісінің өзекті категориясы - тауар болып табылады. Оның мәнін әртүрлі түсіндіреді. Солардың ішіндегі басты екеуіне тоқтайық.
I. Маркстік теорияда, тауар - зат, біріншіден адам қажетін өтеу үшін, екіншіден - сату үшiн өндірген, бұл анықтамадан туындайтын салдарлар:
а) тауар деп адамның белгілі бір қажеттіктерін қанағаттандыратын заттарды айтады;
ә) тауар деп еңбек жұмсалған заттарды айтады. Мысалы, ормандағы жидектер оларды жинаушылар үшiн тауар болмайды, бірақ оларды жинауға еңбек жұмсалған соң, олар тауарға айналады.
б) тауар деп сатуға арналған заттарды айтады.
II.Австрияның экономикалық мектебінде (оның көрнекті өкілі К. Менгер) тауар айырбасқа арналған игіліктердің ерекше түрі деп анықтама береді.
Экономикалық игіліктерге К.Менгер шектеулі мөлшерде кездесетін -экономикалық қызметтің объектілері мен нәтижелерiн де жатқызды.
Бұл анықтаманың екеуіне де ортақ тұжырым бар, олар тауарды еңбек өнімі ретінде қарастырады. Ерекшелігі, екінші анықтамада шектеулі игіліктер мен шексіз қажеттіктердің арақатынасы ескеріледі, ал бірінші анықтамада бұл мәселе қарастырылмайды.
Тауарлы өндірісті талдаудағы әртүрлi көзқарастардың болуы, зерттеу барысындағы зерттеушілердің әртүрлi методологиялық әдістерін қолданудан туындайды. Экономика ғылымында екі методологиялық тәсіл бар:
1. «Каузальдық» (Маркстік) - себепті-салдарлы; тауар шаруашы-лығының категорияларын зерттегенде, оның шығу негізі, себебі, соңғы нәтижесі т.с.с. себептеріне сүйенеді.
2. «Функциональдық» (маржиналистер) - зерттеу барысында тек экономикалық құбылыстардың көлденең (по горизантали) өзара байланыстарымен шектеледі. Олар экономикальгқ құбылыстарындағы себепті-салдарлы байланыстарға, негізіне көңіл аудармайды, мысалы: бағаны нарықтаты сұраным немесе керісінше ұсыным анықтайды деп, көзге көрініп тұрған құбылыс бойынша қорытынды жасап, шешім қабылдайды.
Жоғарыдағы аталған көзқарастарға қарамастан, олар тауар - еңбек арқылы жасалған өнімдер және адамның нысаналы мақсаты еңбегі жұмсалған дайын табиғи заттар, сонымен бірге түрлі қызмет көрсетулері де тауарға айналатынын дәлелдейді.
Тауардың екі қасиеті бар. Біріншіден, тұтылыну құны. Тауардын тұлыну құны дегеніміз - тауардың адам қажетін қанағаттандыра алатын мүмкіншілігі. ....
Рефераттар
Толық

Қаржы | Коммерциялық банктердің операциялары және оның түрлері

Банктердің экономикадағы маңызын олардың атқаратын операциялары анықтайды. Коммерциялық банктердің операциялары негізінен мына топтарға бөлінеді: пассив (қаражат тарту); актив (қаражатты орналастыру); комиссиялық-делдалдық және сенімді операциялар.
Пассив операциялары – олар өз қарауына әр түрлі салымдарды тартып, басқа банктерден несие алып, өзінің бағалы қағаздарын шығарып және басқа да қаражат тарту операцияларын жүргізіп, банк қорын құру және оны ұлғайту операциялары. Олар банк балансының пассивінде көрсетіледі. Пассив операциялары тарихи дәстүр бойынша актив операцияларына қарағанда алдымен жүргізіледі, себебі актив операцияларын жүргізу үшін белгілі бір қор мөлшері қажет.
Пассивтік операциялар негізінде банктің ресурстары жинақталады. Сондықтан да пассивтік операциялардың Коммерциялық банктер қызметіндегі ролі жоғары.
Банк ресурстары пассивтік операциялар нәтижесінде құрылатындықтан, оған анықтама берген дұрыс. Қаржы және несие сөздігінде: «пассивтік операциялар – бұл несиелік және активтік операцияларды жүзеге асыруға арналған банктің өз ресурсын құру операциялары».
Пассивтік операциялар көмегімен банктер нарықтан несиелік ресурстарды сатып алады.
Пассивтің операцияларына мыналар жатады:
 салым қабылдау (депозиттер);
 клиенттерге шоттар (оның ішінде корреспондент банктерге) ашу және оларды жүргізу;
 өзінің бағалы қағаздарын шығару (облишация, вексель, депозиттік және жинақ сертификаттары);
 банкаралық несие алу, оның ішінде орталықтанған несие ресурстарынан;
 репо операциялары;
 еуровалюталық несие алу.
Пассивтік операциялардың мынадай формалары болады:
 коммерциялық банктердің бағалы қағаздарды алғашқы эмиссиялауы;
 банк пайдасынан капиталдарды немесе қорларды ұлғайту және құру;
 басқа да заңды тұлғалардан несиелер алу;
 депозиттер операциялар.
Пассивтік операциялар айналыстағы ақшалай қаражаттарды банктерге тартуға мүмкіндік береді. Алғашқы пассивтік операциялардың екі формасы негізінде банктік ресурстардың бірінші тобы, яғни меншікті ресурстары құралады. Келесі екі формасы негізінде екінші ірі топ – заемдық немесе тартылған ресурстар құрылады.
Сонымен банктің ресурстары екі топқа бөлінеді:
- банктің меншікті қаражаттары;
- банктің тартылған қаражаттары.
Банктің меншікті қаражаттары – банктің экономикалық дербестігін және қызмет ету тұрақтылығын қамтамасыз ететін әр түрлі қорлар мен бөлінбеген пайда жиынтығы.
Қазақстанда коммерциялық банктер мынадай екі ұйымдық формаларда құрыла алады:
 пай қосу арқылы, яғни жауапкершілігі шектеулі серіктестік формасында;
 акционерлік банк;
 шетел капиталының қатысуымен.
Банктің меншікті қаражатының түріне резервтік қор жатады.....
Рефераттар
Толық