Туристтік фирманың бухгалтерлік есебін жүргізу

Қазіргі жағдайда туризмнің дамуы қарқын дамып келеді. Ол туристік қызмет көрсету нарығын қалыптастырып, туристік бизнесті жолға қойды.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында туристік нарық мына бағыттарда бөлінеді:
• келу туризмі – Қазақстанға келген шетелдіктерге қызмет көрсетуге бағытталған;
• кету туризмі – Қазақстан Республикасы азаматтарының алыс-жақын шетелдерге сапарын ұйымдастыру;
• шоп-туризмі – «желаяқтылармен» («челноктармен») қызмет ету;
• ішкі туризм – ел ішіндегі туристермен жұмыс;
• әлеуметтік – мемлекеттің әлеуметтік мұқтаждықтарына бөлінетін қаражатынан демеу көрсетілетін саяхат;
• өздігінше (самодеятельный) – туристердің өз беттерінше ұйымдастыратын, жылжудың белсенді тәсілдерін пайдаланатын сапары.
Бұған қоса, туристік бизнестің өзінің ерекше терминологиясы бар:
• турист – уақытша 24 сағаттан 6 айға дейін қатар келетін немесе бір түнеп қана қайтатын, денсаулығын түзеуге, ел көріп, жер тануға, кәсіби іссапармен, спорттық, діни немес ешқандай мақсатсыз, бірақ ақысы төленетіндіктен елге келетін азамат;
• туристік ресурстар – табиғат, тарихи орындар, туристерге көрсетуге арналған әлеуметтік-мәдени объектілер, мондай-ақ туристердің рухани қажетін өтейтін, олардың күш-жігерін молайтуға ықпал ететін басқа объектілер;
• туристік индустрия – қонақүйлер мен басқа да орналастыру құралдарының, көлік құралдарының, қоғамдық тамақтандыру объектілерінің, ойын-сауық құралдары мен объектілерінің, танымдық, іскер, емдеу, спорт және басқа тағайындаудағы объектілердің және туроператорлық мен турагенттікқызметті жүзеге асыратын субъектілердің, сондай-ақ экскурсиялық қызмет көрсету мен жолбасшы-аудармашылардың қызмет көрсету субъектілердің жиынтығы;
• тур – туристердің орналастыру, жүктерін тасу, тамақтандыру бойынша қызмет көрсетудің, экскурсиялық қызмет көрсетудің, сондай-ақ жолбасшы-аудармашылардың қызмет көрсету мен сапардың мақсатына қарай болатын басқа да қызмет көрсетудің кешені;
• туристік азық-түлік – туристерге өткізуге арналған турға құқық;
• туристік азық-түліктің жылжуы – туристік азық-түлікті өткізуге бағытталған шаралар кешені (жарнама, мамандандырылған көрмелерге, жәрмеңкелерге қатысутуристік жобаларды сату, каталог, буклет шығару және т.б. бойынша туристік ақпарат орталығын ұйымдастыру);
• туроператорлық қызмет – заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің (туроператордың) лицензиясының негізінде жүзеге асырылатын туристік азық-түлікті қалыптастыру, жылжыту және өткізу қызметі;
• турагенттік қызмет – заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің (турагенттің) лицензиясының негізінде жүзеге асырылатын туристік азық-түлікті жылжыту және өткізу қызметі;
• туристік жолдама – туристік азық-түлікті тапсыру фактісін растайтын құжат;
• туристік кепілхат (ваучер) – тур құрамына кіретін қызмет көрсетуге туристің құқын белгілейтін және оны көрсету фактісін растайтын құжат;
• туристік кәсіпорын – туристік азық-түлікті өндіру және өткізу бойынша бір немесе бірнеше қызметті орындайтын заңды тұлға, ерекшеленген шаруашылық бірлігі. ....
Рефераттар
Толық

Сараптау жүйелерін тұрғызудағы құрал-жабдықтар

Сараптау жүйелерінің пайда болуының алғы шарттары өткен ғасырдың 70 жылдарын қамтиды. Бұл уақыт кезеңінде мәліметтер базасымен қатар білім базаларын қолдану мәселесі пайда болды. Яғни білімді ұсыну бойыншы бір қатар модель түрлері құрылады. Мысалы Нью Эл және Саймон атты ғалымдар білімді ұсынудың продукциондық моделін, ал 75 жылы Минский білімнің фрэймдық моделін ұсынды. Сонымен қатар логикалық есептеулер үшін бір қатар сараптау жүйелері құрылды. Жалпы сараптау жүйелерінің бірнеше анықтамалары бар:
1.Сараптау жүйесі белгілі бір қолдану саласы мәселесін шешу барысындағы мамандардың іс-қимылын модельдеуге және имитациялауға арналған интелектуалды есептеу жүйесі.
2.Сараптау жүйесі кез-келген қолдану саласында пайда болған мәселені сарапшы маман жүзеге асырғандай етіп орындайтын жасанды интелектуалды есептеу жүйесі.
3.Сараптау жүйесі сарапшы мүмкіндіктерін компьютер мүмкіндіктерімен біріктіретін жүйе.
4.Сараптау жүйесі өте күрделі программалық кешен, себебі мұнда қолдану салаларының мамандарының барлық білімдері қамтылған және олар тәжірибиеде басқа деңгейдегі пайдаланушыға таратылады.....
Рефераттар
Толық

Информатика | Ақпаратты қорғау мен оның құпиялық стратегиясы

Есептегіш техникада қауіпсіздік ұғымы өте кең мағынада. Ол компьютер жұмысының сенімділігін де, құнды мәліметтердің сақталуын да, ақпараттың өкілеттілігі жоқ адамдардың өзгеріс енгізуінен қорғауын да, электронды байланыспен хат жазысу құпиясын сақтауды да меңзейді. Ақпарат қауіпсіздігінің қаупі ретінде ақпараттың жойылуына, тұтастығына нұқсан келуге, құпиялық немесе ақпараттың қол жеткізуге болатындығына әкеліп соқтыруы ықтимал оқиға, процесс немесе құбылыс түсініледі. Компьютерлік жүйелердегі ақпараттың қауіпсіздігіне төнетін қатердің көпшілігі екі жікке бөлінеді: кездейсоқ және қасақана қатер төндіру.
Әлбетте, барлық өркениетті елдерде азаматтардың қауіпсіздік сақшысы ретінде заңдар тұр, бірақ есептегіш техника саласында құқық қолданатын іс-тәжірибе әзірге дамымаған, ал заң шығарушы процесс технология дамуына ілесе алмайды, сондықтан компьютерлік жүйе жұмысының сенімділігі көбіне өзін-өзі қорғау шараларына сүйенеді.
Ақпаратты рұқсат етілмей (рұқсат берілмеген, тыйым салынған, символдық) қол жетуден қорғау мәселесі жергілікті, әсіресе, ғаламдық компьютерлік желінің кеңінен таралуымен байланысты елеулі түрде шиеленісті.
Ақпаратты қорғау иесі үшін бағалы ақпаратты жоғалту (жою) немесе жаңғыртып, жетілдіру (қасақана бұрмалау), тарап кету (жариялау) ықтималдығын азайту үшін қажет.
Ақпарат пен оның құпиялығын онлайндық немесе автономды жұмыс режиміндегі қорғау стратегиясы сайып келгенде біреу: ақпаратты бақылау. Сіз ақпараттың сақталу орнын, оған қол жеткізуді шектеу мен оның тұтастығын сақтауды бақылауыңыз керек. Негізгі стратегияларды атап көрсетейік.....
Рефераттар
Толық