География | Қазақстан Республикасы климаты

Климаты. Кең байтақ Казақстан жерiнде оның геогр. орнына (яғни атмосф. ылғалдықтың негiзгi көзi — мұхиттардан тым шалғай орналасуына) және жер бедерiнiң сипатына байланысты қуаң континенттiк климат қалыптасқан. Басқа кез-келген аумақты аймақтар сияқты республика климатына да радиациялық және циркуляциялық факторлар кешенi ерекше әсер етедi.

Радиация. Қазақстан аумағы үстiнде бүкiл жыл бойы жоғары қысымды ауа қабаты үстемдiк етедi, ал оған көршiлес аймақтарға (солт., батыс және оңт.) төм. қысымды қабаттар тән келедi. Жалпы республика аумағының көпшiлiк бөлiгiнде антициклондық ауа райы басым. Сондықтан мұнда шұғылалы ашық күндер ұзақт. жылына солтүстіктен оңтүстікке қарай 2000 сағ-тан 3000 сағатқа дейiн артып отырады. Жылына солтүстікте 120, оңт-те 260 күн ұдайы ашық болады, бұлтты күндер саны тиiсiнше 60 күннен 10 күнге дейiн (Балқаш ойысында) кемидi. Мiне, осылардың нәтижесiнде жиынтық радиация мөлшерi де солтүстіктен оңтүстікке қарай 4200-ден 5500 МДж/м2-ге дейiн бiртiндеп артады. Сол сияқты төсенiш беттiң (жер бетiнiң) сәуле қайтару қабiлетiне байланысты сiңiрiлетiн радиация мөлшерi де оңт-ке қарай бiрқалыпты көбейедi. Сәуле қайтару қабiлетiн қыста тұрақты қар жамылғысы қалыптасқанда ең жоғары мәнiне 70 — 80%-ға жетiп, жазда көпшiлiк жерде 20 — 30%-ке дейiн төмендейдi. Радиацияның жылдық тиiмдi сәулелену мәнi солтүстікте 1500-ден оңт-те 2100 МДж/м2-ге дейiн өзгередi. Терiс мәндi радиациялық баланстың маусымдық ұзақтығы солтүстікте 3,5 — 4,5 ай (қараша — наурыз), оңтүстікте — 1 ай.

Қазақстанда жылудың булануға жұмсалатын жылдық шығынының мөлш. солтүстіктен оңтүстікке қарай 630-дан 420 МДж/м2-ге кемидi. Шөлдi өңiрдiң қуаңшылық маусымында жылудың көп мөлш. турбуленттi жылу алмасуға кетедi. Тек топырақтың көктемгi ылғалға қаныққан кезiнде, сол сияқты көгалды жерлерде буландыруға кететiн жылу мөлшерi ауаны турбуленттi жылу алмасу жолымен қыздыратын жылу шығынынан артық болады. Жазғы шұраттық құбылыс, яғни булану есебiнен күндiзгi ауа температурасының қала төңiрегiне қарағанда төменiрек болуы Алматыда жақсы байқалады. Радиация мен жылу балансының өзгерiсi ауа темп-расын өзгертедi. Қаңтар айының орташа темп-расы Қазақстанның солт. және шығыс С-қа дейiн көтерiледi. Шiлденiң°С-тан оңт. аудандарында 3°аудандарындағы — 18 С-қа дейiн.°С-тан 28 —30°орташа темп-расы бұл аудандарда тиiсiнше 19 Қазақстанның солт.-шығысында климаттың континенттiгi тым жоғары, бұл өңiрде С-қа жетедi. Оңт.°қаңтар мен шiлденiң орташа темп-расының айырмашылығы 41 С-тан жоғарырақ болады.°аудандарда 10 ай бойы орташа тәулiктiк темп-ра 0 С-тан°Республиканың солт-нде қыс ұзақ, қарлы әрi суық, аяз кей уақыттарда –45 С-қа°С-тан 45°С-қа жетедi. Жазы қоңыржай жылы, қысқа, кейде ауа темп-расы 35°–50 дейiн қызуы мүмкiн. Көктемнiң соңғы үсiгi шiлдеде, ал күздiң ерте үсiгi тамыздың аяғында түсуi мүмкiн. ....
Рефераттар
Толық

География | Қазақстан қызыл кітабы беттерінен

«Қызыл кітап» деген сөз 1966 жылы Табиғат және табиғат ресурстарын Қорғаудың Халықаралық Одағының (ТҚХО) түрлерді сақтап келу туралы Комиссиясы дүниежүзінде жойылып кету қаупі бар жануарлар түрлері енгізілген «Red Data Book» - «Фактілердің қызыл кітабын» дайындап шығарғанда пайда болды ( кейіннен оған сирек өсімдіктер де тіркелген ). Сонымен қатар ТҚХО жер бетінен жойылып кеткен өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің Қара тізімін де қоса жүргізеді.
70 – жылдары дамыған елдерде ұлттық Қызыл кітаптар шыға бастады. Оларға халықаралық Қызыл кітапқа енгізілген түрлермен қатар, сол елдің территориясында жойылып кету қаупінде тұрған түлер де кіргізілді.
Қазақстанда «Қызыл кітап» Республика – Үкіметінің 1978 жылдың 16 – қаңтарындағы қаулысы бойынша бекітілді ( Қазақ ССР Министрлер Советінің №90 - қаулысы ). Оның омыртқалы жануаларға арналған бірінші бөлімі 1979 жылдың қаңтар айында жарық көрді ( 1978 жылдың аяғында басылып шыққан еді). Бұл кітапқа омыртқалы жануарлардың 87 түрі мен түршелері, оның ішінде: сүтқоректілер - 37, құстар - 43, бауырмен жорғалаушылар -8, қосмекенділер –1 және балықтардың түрі тіркелді. 1981 жылы Республика Қызыл кітабының екінші бөлімі жарық көрді. Оған өсімдіктердің – 307 түрі, оның ішінде: жоғары сатыдағы гүлді өсімдіктер (288), жалаңаш тұқымдылар (2), қырыққұлақ тәрізділер (3), қыналар (3), саңырауқұлақтар (10), мүктер (1) сияқты өсімдіктер бар.
Қазақстан Ғылым Академиясы Зоология институтының бастамасымен Қызыл кітаптың екінші басылымы 1991 жылы дүниеге келіп, оған алғашқы рет омыртқасыз жәндіктер – насекомдар, молюскалар, құрттар енгізілді. Сирек кездесетін жануарлардың түрлері туралы жылдан – жылға жаңа мәліметтер жинау Қызыл кітаптың үшінші басылымының (1996) жарық көруіне алып келді. Осы басылыммен бір мезгілде Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 13.09.1996 жылдың №1258 қаулысымен жаңадан Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы туралы «Ереже» бекітілді. Осы ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы – республика территориясында кездесетін сирек, саны азайып және жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер түрлері туралы толық мәліметтер бар – негізгі құжат.....
Рефераттар
Толық

География | ҚАЗАҚСТАН ҚҰСТАРЫ

ШЫРША ҚАЙШЫАУЫЗЫ - тау өзеніненжағалай өсетін ағаштарда жиі кездесетін торғайдың бір түрі. Қоректері- қыста пісетін шырша тұқымдары. Шырша қайшыауызының тұмсығы атына сай айқасып тұрғандықтан, ол оның жемін оңай алуына көмектеседі. Бұл құстың ерекшелігі- көктемде жұмыртқаламай, керісінше қақаған қаңтар айында жұмыртқалап, балапандарын шығарады. Қоректі олаоға үнемі аталығы жеткізіп отырады. Ал аналығы балапандарын ұядан қашан ұшырғанша шықпайды. Олар балапандарын жемсауында,ы жібіген қарағай тұқымын құсып беру арқылы асырайды. Сәуір айында балапандары өздері қоректенетін болады.
САМЫРКЕШ
САМЫРКЕШ - ақшыл жолақтары бар, қоңыр қызғылт түсті орман құсы. Ол ұзақ уақыт бойы ағаш басында отыруды ұнатады. Самыркештің тұрақты- ұзақтап сәл кешірек. Ұя салар кезінде қалың орман ішіне еніп, адам көзіне түспеуге тырысады. Бұл құс көктем айларында шырша зиенкестері- бізтұмсық және қоңыздармен, ағаш қандаласымен қоректеніп, табиғатқа едәуір пайдасын тигізеді.
Самыркештің бір ерекшелігі- жазды күндері ол жемін ауламай жүріп, ағаштағы жаңғақтарды біртіндеп үзіп, оны түскен жапырақтардың астына тыға береді екен. Осылайша бір құс жылы күндері бір мыңға жуық шырша жаңғағын жинап, оны суық қыс айларында азық ететін көрінеді.

ҚОҚИҚАЗ.
ҚОҚИҚАЗ - дене бітімі ерекше, тұмсығы имек, сирек кездесетін құс. Қызыл қанат- деп те аталады. Қорғалжын қорығындағы Теңіз көлінде ғана ұялап, жұмыртқалайды. Ол басын суға батырып, түбін қопарып, судағы жәндіктерді аузына толтырып сүзіп алып қоректенеді. Ұя жасауға да су түбіндегі тұнбаны пайдаланады.
Қоқиқаздар жүздеп, мыңдап бір мыңға ұя салып, жұптарын жазбайды. Ұядағы 2-3 жұмыртқаны кезектесіп басып шығарады да алғашқы екі айда құрамы дәрумендерге бай құс сүтімен асырайды. Жеген тамақтарын асқазанында өңдеп, тұмсығын балапан аузына апарғанда 23-ы қаннан тұратын ашық қызыл түсты сұйықтық тамшылап ағады екен. Бұның сыры әлі күнге дейін ашылмаған.......
Рефераттар
Толық

География | Қазақстанның климаты

Қазақтанның климаты шұғыл континентті.Қазақстан климаттық жағдайлар солтүстіктен оңтүстікке қарай ғана емес,батыстан шығысқа қарай да өзгереді.Бұл климат қалыптастырушы факторлар әсерімен түсіндіріледі.(1-сурет)
Қазақстан климат қалыптастырушы негізгі факторлар (1-сурет)
Қазақстан географиялық орны мен әр түрлі ендіктерде орналасуына байланысты күн сәулесі солтүстікке қарай орналасқан бөлігіне аз түссе,оңтүстікке қарай бірітіндеп артады.
Сондықтан Қазақстан солтүстік-шығысында қыс өте қаталдығымен ерекшеленіп, ал оңтүстігінде қыс онша болмайды.Жазда Қазақстанның солтүстіктен басқа бөліктерінде жер беті қатты қызып,ауа температурасы едәуір жоғары болады.
Қазақстан бойынша жауын-шашын мөлшері мен түсу мерзімі әртүрлі.Жер шарындағы жауын-шашынның ең көп түсетін жер Қазақстандағы Батыс Алтайда,жалпы алғанда Қазақстан көпшілік бөлігінде,әсіресе ішкі аудандары мен оңтүстік-батысында климат өте құрғақ.Бұл құрлық аумағының өте үлкен болуына, ауа массаларының қасиеттеріне,жер бедерінің сипатына байланысты.
Қазақстан батысы мен солтүстігінде жазық өңірлердің басым болуы Атлант мұхитынан келетін жылы,ылғалды теңіздік ауа массалары мен Солтүстік Мұзды мұхит үстінен келетін суық желдердің оңтүстікке қарай еш кедергісіз қозғалуына мүмкіндік береді.Мұхиттардың Қазақстан климатына әсер ету дәрежесі мұхит ағыстарының қасиеттеріне,қысым аймақтарының орналасуына,басым желдерінің бағытына да байланысты.
Қазақстан шамалы аумақты алып жатқан биік таулы аудандарда климаттық жағдайлар биіктік белдеулер бойынша өзгереді.Биіктік климаттық белдеулер Тянь-Шань,Алтай тауларында айқын байқалады. Тянь-Шань мен Алтайда жылдың басым бөлігі аязды,ал жазы құрғақ болатын биік таулық климат тән. ....
Рефераттар
Толық

География | Қазақстан жері

Қазақстан жерінің зерттеу тарихы өте ұзақ және әріден, адам баласы мәдениеті дамуының ежелгі кезеңінен басталады. Мұның басты екі себебі бар. Біріншіден қазақ жері Еуразияның орта тұсында – Еуропа мен Азия елдерінің бір-бірімен тығыз қарым-қатынас жасаған жолдарының торабында орналасқан. Солтүстік Орал тауларымен, ал оңтүстігінде Арал, Каспий су айдындарымен шектелген жалпақ дала өңірін бойлап халықтардың талай ұлы көштері өткендігін тарихтан білеміз. Дені шығыстан батысқа қарай бағытталған бұл ұлы көші-қон Еуропаның, соның ішінде әсіресе Ресейдің тағдырына үлкен ықпал жасағаны белгілі. Қазақ жері талай ғасыр әлемдік маңызы бар құрлық керуен жолдарының үстінде жатты. Тағы осы кең «қақпа» арқылы батыс пен шығыс елдері бір-бірімен елшілік қарым-қатынас жүргізіп отырды.
Екіншіден, кең-байтақ даланы қоныстанған көшпенді ел тауар өткізетін қолайлы аймақ, ал оның жер байлығы арзан шикізат көзі ретінде әруақытта көрші назарын өзіне аударды.
Түрлі кезеңдерде Қазақстан жерін зерттеудің сипаты мен ерекшеліктері зерттеу жүргізген елдің әлеуметтік-экономикалық дәрежесіне тығыз байланысты болды. Сондықтан Қазақстанды географиялық зерттеу тарихын дәуірлеу ең алдымен жалпы тарихи дәуірлерге бөлуге негізделді. Сонымен бірге әр кезеңдегі зерттеу сипатының ерекшеліктері де есепке алынды. Осы негізде Қазақстан табиғатын зерттеу тарихи төрт дәуірге бөлуге болады.
I-дәуір Ежелгі заманнан XVIII ғ. 30-жылдарға дейінгі аралықты қамтиды.
Бұл кезеңде арнайы географиялық ғылыми-зерттеул жұмыстары жүргізілмеген, тек табиғат нысандары жайында үзік-үзік қарапайым деректер саудагерлер мен елшілердің кездейсоқ саяхаттары нәтижесінде жинақталған. Осыған орай Қазақстан табиғаты және оны жайлаған халықтар туралы алғашқы жазба деректер ежелгі Грек және Рим ғалымдарының еңбектерінде-ақ кездесе бастайды. Мәселен, Геродот(б.з.б. V ғ.) Каспий теңізінің тұйық алап екендігін, одан шығысқа қарай созылып кететін кең байтақ жазықты массагеттер мекендейтінін баяндайды. Сонымен қатар ол өз еңбегңнде тұңғыш рет Волга (Оар) және Жайық (Лик) өзендері туралы көмескі мағлұматтар келтіреді. Грек ғалымы бұл деректерді Қара теңіз маңына барып қайтқан саяхатының скифтерден естіген әңгімелерінен алған. Әрине, тікелей өз көзімен көрмегендіктен саяхатшылардың әңгңмелерінде шындық пен болжам араласып жүруі заңды құбылыс. ....
Рефераттар
Толық

География | Қазақстанның шекарасы

Қазақстан Еуразия материгінің орталық бөлігінде орналасқан.
Батысы – Еділдің төменгі ағысы,Каспий маңы мен Тұран ойпаты.
Шығысы – Алтай таулары.
Солтүстігі – Батыс Сібір жазығы.
Оңтүстігі – Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесі.
Батыстан шығысқа дейін – 3000 км,солтүстіктен оңтүстікке дейін – 1600 км.
Қазақстан жерінің ауданы – 2724,9 мың км².Жер шарының халық мекендеген құрлықтың бөлігінің 2%-ы және Еуразия ауданының 5%-ы біздің еліміздің үлесіне тиеді.Аумағының өлшемі жөнінен ол әлем елдерінің алғашқы ондығына кіреді және ішкі құрлықтық мемлекеттердің ең ірісі болып табылады.
Жер көлемі жөнінен дүние жүзінде 9-шы орын алады.Жалпы аумағы бүкіл жер шары көлемінің 2%-ын,Азияның 6,1%-ын құрайды.
Еуразия материгінде Ресей,Үндістан,Қытайдан кейінгі төртінші орында,ал ТМД елдерінің ішінде Ресейден кейінгі екінші орында тұрады.БҰҰ мүше 180 мемлекеттің ішінде – 9-орында.
Республика жерінің шеткі нүктелері 55˚26΄-40˚56΄ с.е. және 45˚27΄-87˚18΄ ш.б. аралығында орналасқан.
Шекара туралы барлық мағлұматты кестеден қараңыз.

Шекарасы Ұзындығы
Жалпы ұзындығы 13 331 км шамасында (2005ж)
Құрлықпен
Каспий теңізі арқылы
Ресеймен (батыс солтүстігінде)
Қытаймен (оңтүстік шығысында)
Қырғызстанмен (оңтүстігінде)
Өзбекстанмен (оңтүстігінде)
Түркменстанмен (оңтүстігінде) 12 900 км шамасында
600 км
7591 км шамасы
1460 км шамасында
980 км шамасында
2300 км шамасында
380 км шамасында

Ресей,Қытай,Орта Азия елдерімен шекаралас жатуы,еуразиялық көлік жолының аумағынан өтуі,егемендік алғаннан кейін 120-астам елдермен экономикалық-географиялық жақсарта түсті,сол тұрғыдан Қазақстанның төмендегідей артықшылықтары бар:
1.Тарихи – экономикалық дамыған елдермен шектесуі.
2.Транзиттік жол торабының үстінде орналасуы.
3.Жер бедерінің көп бөлігінің жазық болуы.
4.Минералды ресурстар қорының молдығы. ....
Рефераттар
Толық

География | Ландшафтану ғылымының дамуы

Табиғатта шындарын мәңгі мұз басқан сеңгір таулар жазиралы жазықтармен, түгін тартса, майы шыққан құнарлы өңірлер құла түздермен, ит мұрны өткісіз ормандар құм-шағылды шөлейттермен алмасып жатады. Бұл ғылым тілінде жер шары мен оның табиғатын түзген әр түрлі географиялық кешендер деп аталады. Бұлардың құрамдас және құрылымдық бөліктерінен зат пен энергия алмасуы арқылы біртұтас жүйе құрылады. Бір құрамдас бөліктің өзгерісі екіншісінің, бір кешеннің өзгерісі басқаның өзгеріске ұшырауына әкеп соқтырады. Сонымен қатар жергілікті жағдайға байланысты әр түкпірде әрқилы территориялық табиғат кешендері түзіледі.....
Рефераттар
Толық

География | ЛАНДШАФТЫНЫҢ ДАМУЫ

Қандай территориялық табиғат кешені болсын зоналық және азоналық факторлардың әрекеттеріне байланысты үздіксіз өзгеріп, дамиды. Бірақ ландшафтының даму тарихын зерттеп білу өте қиын іс. Өйткені адам әрекеті мен табиғи процестер арасында қайшылық жиі болып тұрады. Міне, осылардың нәтижесінде ландшафтының, даму тарихын баяндайтын белгілер із-түзсіз жойылып кетуі ықтимал. Дегенмен, ландшафтының даму тарихы, формасы, негізгі заңдылықтары туралы біршама жияақталған материал бар.
Ландшафтының даму формаларын алғаш рет Л.С.Берг зерттеп, тұжырымдады. Ол ландшафт өзгерісін қалпына келетін қайтымды және қалпына келмейтін қайтымсыз типтерге жіктеді. ....
Рефераттар
Толық

География | КҮНГЕ ЖАҚЫН ЖҰЛДЫЗ

Күн энергиясы. Күн — Күн жүйесінің орталық және ең үлкен денесі. Күн массасы Жер массасынан 333 000 есе артық және қалған барлык, планеталардың жиынды массасынан 750 есе көп. Күн — энергияның аса қуатты көзі, оның энергиясы электромагниттік толқындар спектінің барлық бөлігінде — рентген және ультракүлгін сәулелерден бастап радиотолқындарға шейін ұдайы сәуле шығарып, таратып тұрады. Бұл сәулелер Күн жүйесіндегі барлық денелерге күшті әсер етеді: оларды қыздырады, планеталардың атмосферасына әсер етеді. Жердегі тіршілікке қажетті жарық пен жылу береді.
Сонымен қатар, Қүн — бізге ең жақын жұлдыз, өзге жұлдыздардан оның айырмашылығы, біз оның дөңгелек шарасын бақылай аламыз да, телескоптын көмегімен өлшемі бірнеше жүз километр шамасындағы ұсақ бөлшектеріне шейін зерттей аламыз. Күн — нағыз жұлдыз,. сондықтан оны зерттеу жалпы жұлдыз атаулының табиғатын түсінуге көмегін тигізеді.
Жер орбитасының эллипстігіне байланысты Күннің көрінетін бұрыштық диаметрі едоуір өзгеріп тұрады. Орташа алғанда ол 32 немесе 1/107 радиан. Ендеше Күн диаметрі 1/107 а. б., яғни 1 400 000 км-ге жуық, Жер диаметрінен 109 есе артық деген сөз.
Жер атмосферасының шегінен тысқарыда күн сәулелеріне перпендикуляр орналасқан 1 м2 ауданға Күннің 1,36 кВт сәулелік энергиясы сәйкес келеді. Осы санды радиусы Жерден Күнге дейінгі қашықтыққа тең шар бетінің ауданына көбейтіп, Күннің толык сәуле шығару куатын (оның жарқырауын) табамыз, ол 4 • 1023 кВт-қа жуық. 6 000 К (Күннің эффектілі температурасы) температураға шейін қыздырылған дене осындай куатты сәуле шығарады. Жердің Күннен алатын энергия ағыны шамамен оның толық энергиясынын, 1/2 000 000 000-іне тең.....
Рефераттар
Толық

География | Климаттық өзгерістер

Қызыл крест пен Жарты ай ұйымдарының халықаралық федерациясы: қазіргі таңда климаттық өзгерістер - әлемдік қоғамға ең үлкен қауіп төндіруде,-деп ескертті.
Германия ақпараттық агенттігі Женевадан мәлімдеуінше, Қызыл крест пен Жарты ай ұйымдарының халықаралық федерациясы кеше дүйсенбі: Ауа-райы және климаттық өзгерістер салдарынан табиғи апаттардың көбеюі, бұл федерацияның гуманитарлық бағдарламаларды орындауында күрделі кедергі болып отыр,-деп жариялады.
Қызыл крест пен Жарты ай ұйымдары халықаралық федерациясының бас хатшысы Марко Нисколо: зерттеулер бойынша, ауа-райы өзгерістері мен ірі мұздықтар еруінің мысалдары, су ресурстарына қауіп төндіруде және алдағы жылдары ауылшаруашылық саласына шынайы зияндар тимекші,-деді.
"Соңғы жылдары жер шарының жылуы да малярия тәрізді аурулардың кең таралуына себеп болды, осыған орай гуманитарлық ұйымдар алдын-алу жұмыстарын жүргізулері тиіс",-деп қосты.
Климат өзгерісінің себебі –адам баласы
Экологтар адамдардың ыстық ауа толқындары, жауын-шашын және тропикалық дауылдардың қалыптасуына әсер еткенін мәлімдеді.
Бүкіл дүние жүзіне әсер еткен жаһандық жылынудың ықпалдарын зерттеген ғалымдар адам баласының климат өзгерісіне ешқашан бүгінгі күнгідей көп әсер етпегенін ортаға шығарды.
Түрлі елдерден көптеген экологтың ортақ туындысы «Proceeding of the National Academy of Science» атты журналдың интернет бетінде жарияланды. Аталмыш мақалаға қарағанда, адамдар ыстық ауа толқындары, жауын-шашын және тропикалық дауылдардың қалыптасуына көптеп әсер етті. ....
Рефераттар
Толық