Әдебиет | Қашаған Күржіманұлы

Қашаған Күржіманұлы 1841 жылы Түрікменстанның Ташауыз қаласның маңында туған.Ол жалшы отбасында дүниеге келіп,жастай жетімдік,жоқшылықтың тауқметін тартқан.
Қашағанның шығармалары 1935 жылы «Әдебиет майданы»журналында (№5) жарияланды.
«Есқали сұпыға айтқаны» деген өлеңінде қолында билігі барлардың іс-әрекетін,оның жағымсыз қылықтарын әшкерлейді.Онда ақын қыстың бір күні «Еспілдекті»деген жерге келеді.
Малшы жігіттердің сілтеуімен Есқали сұпының үйіне келгенде сараңдық пен таяздық танытып алдарын кес-кестей бергендерге ақын:
Жаз болса,мен осы үйге қонбас едім,
Өлеңім,он төрт жастан жолдас едің,
Бай,сұпы,хан-хәкімнен ығар болсаң,
Сен-өлең,мен Қашаған болмас едім.
Осы үйге қона алмасам,маған сын,
Сұпыны шығара алмасаң,саған сын,-
дейді.Одан әрі сұпының қуараңдаған тар мінезін көріп,жиылып қалған ел-жұрттың көзін ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Қамар сұлу романы

Сұлтанмахмұт Торайғыров – екі дәуір тоғысында,аса күрделі кезеңде тіршілік кешті.Ол Россия тарихының,Россияға біріккен қазақ халқы тарихының аса бір өрлеу кезеңінде – тарихи дамулар, күрес-көтерілістер,қиян-кескі соғыстар,дүрбелеңді революциялар дәуірінде жасады.
Сұлтанмахмұт 1893 жылы,29октябрь күні қазіргі Көкшетау облысының Қызылту ауданында туып,төрт-бес жасынан Павлодар облысының Баянауыл ауданында өседі.Ақынның арғы атасы – Торайғыр би,ел аузында аты аңызға айналған көптеген шешендік, билік,сөздері халық жадында сақталған адам.Ақынның өз әкесі, Әубәкір аты ұмытылып,Шоқпыт, Шоқа атанған момын кедей шаруа екен.
Болашақ от ауыз, орақ тілді ақын алты жасында әкесінен оқып ,хат таниды.Қара таныған баланы осыдан кейін кейде Шоқпыт өзі оқытып,кейде ауыл арасындағы молдаға беріп оқытып,
баласын оқудан үзбейді.Молдалардың ішінде Мұқан біраз оқыған, әдебиеттен хабардар,өзі де жадынан өлең шығаратын көңілінің желі бар жан екен. Ол араб,парсы ертегілерінен қазақша өлең етіп жазады;біреуді мақтап,біреуді мазақтап өлең шығарад ды. Дәріс беретін молдаға еліктеуші шәкірттің бірі – Сұлтанмахмұт. Ол Мұқан молдаға еліктеп он үш жасында өлең жаза бастайды.Тұңғыш жазған өлеңі – «Секілді өмір қысқа жарты тұтам» деп аталады. Тырнақалды өлеңінде Сұлтанмахмұт өзін оқытушы молдаларды,оқуы туралы,ақындыққа талпынып жүргені жайында сыр айтады.Сол кезде Баянауыл қаласында медресе ашылып,Сұлтанмахмұт 1908-1910жылдары сонда оқиды.
Өкініші – Сұлтанмахмұт бұл медреседе көп оқымайды.Бір қыс оқыған соң, «аузың асқа тигенде мұрның қанар»дегеннің кебі келіп,көз ауруына ұшырап,медреседен шығып қалады. «Жығылған үстіне жұдырық» дегендей осы кезде жөтел пайда болады,өкпесін дерт шалғаны байқалады.Ақынның теңіздей толқыған көңілі басылып,жадап-жүдейді.
1914 жылдың жазында Сұлтанмахмұт өзінің ауылы – Баянауылға кайтады.Ондағы мақсаты – ауылда біраз уақыт болып,қаржы жинап алып,үлкен қалалардың біріне тағы да оқуға кетпек болады.Осы оймен ол елде бала оқытады.ел жастарын оятпақ,оқуға, мәдениетке талпындырмақ әрекетіне кіріседі.
Сұлтанмахмұт әлеумет өміріне тереңдеу қазақ оқығандарымен араласады.Солар құрған қазақ комитетінің кіші хатшысы болып қызмет істейді,солардың газетіне өлең,мақала жазып тұрады.Бірақ,ол тап болған ортада ұлтшыл-алашордашыл оқығандар басым еді,олардың әсеріне ерді.....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Қаракерей Қабанбай

Қабанбайдың әкесі Қожағұл өз заманында аты әйгілі батыр болады. Бірақ ертерек дүниеден қайтып, Қабанбай жеті жасында әкеден жетім қалады. Қабанбайдың шын есімі Ерасыл- Оның бітімі кесек, ер тұлғалы болғандықтан, жеңгелері "Нарбала" атапты. Бойының сұқғақтығы сонша, он үш жасар кезінде тайға мінгенде аяғы жерге тиіп жүреді екен.
Ерасылдың ерлігі он үш жасында басталады. Жайылымда жатқан жылқыларын қалмақтар қуыи кеткендіктен, ағасы Есенбай жылқының соңына түсіп қуады. Бірак, қалмақтар жалғыз келе жатқан қуғыншыны алыстан садақпен атып түсіреді. Әкесі де' осылардың қолынан өлген еді. Қайнаған қанды кек оны қаршадайынан ерлікке, жау-гершілікке жетелейді, шайқас жолына ертерек түсуіне себепші болады. Ол көп ұзамай Өлжежырғы, Арсылан секілді қалмақ батырларын өлтіріп, әкесі мен ағасы үшін кек алады.
Түркістанға қауіп төне бастағанын естіген Қабанбай жол-жөнекей қазақ ба-тырларын өзімен бірге ерте сонау Аягөз маңынан Түркістанға келеді. Халық жасақтарын ұйымдастыра бастайды. Олар жоңғарлардын, Түркістаннан бетін қайтарады. Жаудың шапқыншылығы сәл саябырлағанын пайдаланып, Қабанбай барлық жасақтарды Қожа Ахмет Иассауи ғимаратынын, алдына жинап, жалынды сөз сөйлейді. Жұртты елдің тәуелсіздігін сақтап қалу жолын-дағы күреске шақырады. Бұл жасаққа Айшыбек батырды бас-шы етіп қалдырады да, өзі Кіші жүз қазақтарынан қалың қол жинап келуге аттанады.
Ел басына күн туған осынау аласапыран кезде Кіші жүз ханы Әбілқайыр отыз мың, Орта жүздің ханы Сәмеке жиырма мың әскер шығарады. Көпшіліктің қалауы бойынша Қабанбай батыр бас сардар болып сайланады. Енді ол басқыншыларға қарсы жер-жерде, бөлек-бөлек жүріп жатқан шайқастарды бір арнаға түсіріп, белгілі бір мақсатпен жүргізуді қолға алады. Жеке-жеке шайқасып жүрген кейбір жасақтар Қабанбайға ке-ле бастайды. Солардын, бірі Гауһар қыз бастаған топ еді. Ол асқан ерлік жасап, жау қоршауын бұзып шығады. Жаудық соғыс күші, дайындығы туралы жаңа мәліметтер әкеледі. Кейін Қабанбай мен Гауһар қосылады. Көптеген жорықтарға екеуі бірге қатысады. Жоғарыдағыдай әзірліктен кейін 1725 жылғы атақты Алакөл маңындағы шайқаста жоңғарлар қатты жеңіледі.....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Қасым Аманжолов

Қасым Аманжолов – қазақтың аса ірі ақындарының бірі. Оның көркемдік-эстетикалық деңгейі жоғары, қазақ әдебиеті тарихында айтулы орынға ие шығармашылығы, негізінен, поэзиялық туындылардан тұрады. Ақынның әдеби мол мұрасын 7-8 поэмасы мен алуан тақырыптағы лирикалары құрайды.
Қасым Аманжолов – көркем аударма өнерінің де үздік шебері. Ол орыс, Батыс пен Шығыс поэзиясының классикалық туындыларын: лирикалық өлеңдер мен поэма-дастандарын қазақ тіліне зор шабытпен аударды.
Қ.Аманжолов – өзінің батыл ойлы, шыншыл да терең сырлы, дауылды поэзиясымен әр буын оқырмандар сүйіспеншілігіне ие болып, жас таланттарға өте күшті әсер етіп келе жатқан біртуар дарын.
Өмірбаяны. Қасым Аманжолов қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Қызыл деген жерде 1911 жылы дүниеге келеді. Майданнан өлеңмен жазған "Ағайыма" деген хатындағы: "Қыс. Қыстау. Атамекен Қызылдағы" дегендегі Қызыл – сол туған жері. Әкесі де сонда қайтыс болады. Жас болса да Қасым соның бәрін есінде жақсы сақтап қалған. Әке-шешеден жастай жетім қалған, ол біраз жыл ағасының қолында өседі. Алғашында жаңадан ашылған ауыл мектебінде оқып, сауатын ашады. Кейін, 1924 жылы, ағасы Қасымды Семей қаласындағы интернатқа орналастырады. Қасым онда 1927 жылға дейін тәрбиеленеді. Одан әрі қарай үш жыл Семей мал дәрігерлік техникумында оқиды. Алғашқы өлеңдерін де осы кезде жазады. 1930 жылы Алматыға келіп, біраз уақыт "Лениншіл жас" газетінде істейді. 1931 жылы Ленинградтағы орман шаруашылығы институтына түсіп оқиды. Бірақ, денсаулығына байланысты және түскен оқуын да онша ұната қоймағандықтан, бірер жылдан кейін елге оралып, Орал қаласында "Екпінді құрылыс" газетіне қызметке орналасады. Жас ақынның көптеген өлеңдері осы газетте жарық көреді. Әншілік, әртістік өнерге бейім, домбыра, мандолина бастаған бірсыпыра музыкалық аспаптарда еркін ойнайтын ақ көңіл, жайсаң жанды "ерке Қасымның" Оралда болған, әсіресе 1935-1936 жылдары Оралдағы қазақ театрындағы қызмет еткен кезі өміріндегі ең бір қызықты, қымбат шағы болып қалады. Оның бойындағы туа бітті зор таланты да осында белгі беріп, ақындық жолына біржолата бет бұрады. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Қасымның қаламы нұрлы ақын

Қасым Аманжолов қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында 1911 жылы туды. Ата-анадан жастай жетім қалған Қасым Семейге барып интернатқа орналасады. Ол 1927 жылдан бастап Семейдегі мал дәрігерлік техникумында оқиды. 1930 жылы Қасым Алматыға келіп, «Лениншіл жас» газетінде қызмет істейді. Біраз уақыт ленинградтың орман шаруашылығы институтында оқыды. Бірақ денсаулығына және оқи бастаған мамандықтары ұнай қоймауына байланысты оқу орындарын тамамдамаған.
Ақынның бірсыпыра өлеңдері Оралдың облыстық «Екпінді құрылыс» газетінде жарияланған. 1938 жылы Қ. Аманжоловтың «Өмір сыры» атты тұңғыш өлеңдер жинағы шығады. Бұған оның ақындық сапарының алғашқы жылдарындағы жырлары енеді. Бұлардың кейбіреулері жалынды, жатық жазылғанымен, жалпы алғанда, жинақтағы өлеңдер сол тұстағы өзге көп өлеңдерден ерекшелене қоймайтын. 1938 жылы майда Жамбыл творчествосының 75 жылдығында Қасым өзінің «Жамбыл тойында» деген поэмасын окып берді. 1939 жылы Қасым Көкшетауды, Баянауыл жақты аралайды, Бурабайда болады, Біржанды, Балуан Шолакты көрген Ысқак, Смайыл деген қарттармен әңгімелесіп, өлең мен әннің думаны Біржан салдың, халық балуаны және өнерпазы Балуан Шолактың өмірбаяндарын сұрап қанады.
1939—-1941 жылдары Қасым творчествосында елеулі өзгеріс басталады. Бұл жылдары ол «Ленин және дүние», «Нар тәуекел», «Дауыл», «Көкшетау», «Орамал», «Заула, заула, Түрксиб», «Сұлтанмахмұт туралы баллада», «Ғашық едім қайтейін», «Сонет», «Жолдас маршал» өлеңдерін жазды. Осы кез — акынның Маяковскийден батыл үйренген кезі. 1941 жылы ақын бір топ өлеңін «Бар дауыспен» деген атпен кітап қылып шығарады. Кітаптың аты — автордың Маяковскийге бас иетініне, оны өзіне ұстаз тұтатынына жанды айғақ. Бұл кезде ақында тұр, өлеңнің ырғағы, үнділігі жағынан іздену көп. Ақын қаламынан лирикалық өлеңдермен жарыса, «Құпия қыз», «Бикеш» (алғашқы аты «Азғынбаев») поэмалары туады. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | ҚАЗЫБЕК БИ КЕЛДІБЕКҰЛЫ

Келдібекұлы Қазыбек би (1665-1765) - қазақтың Тәуке, Болат, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай хандары тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан мемлекет және қоғам қайраткері, Әз Тәуке хан құрған «Билер кеңесінің» мүшесі, атақты шешен, Орта жүздің төбе биі, «Жеті жарғы» аталатын заңдар кодексін шығарушылардың бірі. Шыққан тегі Орта жүздің Арғын тайпасының Қаракесек руынан.

Қазыбектің анасы Тоқмейіл ұтымды да тапқыр сөздерді көп білетін зерек кісі болыпты. Анасы айтқан есті сөздерді кішкентай күнінен жаттап өскен ол ер жете келе өзі де солай сөйлеуге машықтана бастайды. Осы өнерінің арқасында бала биден дана биге айналып, «қара қылды қақ жарған Қаз дауысты Қазыбек би», «алты алаштың ардағы» деген атаққа ие болады. Содан болар Тәуке хан мемлекет тұтастығына жарықшақ түсірмей, халықты бірлікте ұстау үшін үш жүзді өзінен шыққан үш биге билету арқылы басқарғанда, Орта жүзге осы Қазыбек биді тағайындайды. Ол ел басқару ісіне араласып, Қазақ хандығының ішкі сыртқы саясатына елеулі ықпал жасап отырады.

Жоңғар басқыншылығына қарсы халық күресін ұйымдастырушылардың бірі болған Қазыбек би елдің азаттық алуы жолында аянбай тер төгеді. Абылай сұлтан жоңғарлардың қолына тұтқын болып түсіп қалғанда, оны босатып алуға белсене араласады. Сондай ақ ол Ресей, Бұхара, Хиуа мемлекеттері арасындағы еларалық мәселелерге де араласып, бейбітшілік пен достықты дәріптеуші мәмілегер болған, аразды татуластырып, алысты жақындастырып отырған.

«Елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан» деп, ол елшілік қызметті де мінсіз атқарған тұңғыш дипломат. Оның тұңғыш рет он сегіз жасында елшілікке атшы болып барып, басшы болып қайтқаны ел аузында әлі күнге аңыз болып айтылады.

XVIII ғасырдың алпысыншы жылдарында Чиң империясы Қазыбекті өз жақтарына тарту мақсатымен оған елші жіберіп, мол сыйлықтар тартады. Бірақ ол Қытайдың қол астына қарауға қарсы болады. Сөйте тұрып, Абылайды Чиң империясымен тығыз қарым қатынас жасауға шақырады.

Үш жүздің ішіндегі шешуі қиын, ең күрделі мәселелердің басы қасында жүріп, хандардың сенімді ақылшысы, халықтың ханға бергісіз биі болған Қазыбек әр кез батыр жинап, ел шаппай, қылыш шауып, оқ атпай ақ ақылымен жол тауып, ел бірлігінің емшісі бола білген. Әбілқайырды өлтіріп, ел бірлігіне сызат түсуіне себепші болған Бараққа: «Сылтауратып сытыла алмайсың, не өліп тынасың, не жөніңмен жеңіп құтыласың, екінің бірі, Барақ» деуі,ақыр соңында оны мойындатып: «Уа, би аға! Айттың сен, көндім кебіңе» деуге мәжбүр етуі тек Қазыбектей айбыны ай жасырған текті бидің қолынан ғана келсе керек.

Шоқан Уәлихановтың «XVIII ғасырдың батырлары туралы тарихи аңыздар» деген еңбегінде: «Абылай ханнан үш жүздің батырларының ішінен кімді ерекше құрметтейсіз деп сұрағанда, ол: «Бізге дейінгі ерлерден екі кісіге таңқалуға болады. Оның бірі 90 туысын Қалдан Сереннің тұтқынынан құтқарған қаракесек Қазыбек те, екіншісі өзінің сондай тұтқындағы туысын құтқарған уақ Дербісәлі. Мұның алғашқысы Қалданға өзі барып, сұрап алды. Соңғысы өзінің аулында отырып, жауын қорқытып алды» деп жазады ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Қаздауысты Қазыбек

Тұңғыш рет Қазыбек би 13—14 жасқа толған шағында Жоңғар хандығына Тайкелтір бастаған елшіліктің қосшысы болып барады. Осы сапар барысын-да болған бізге белгісіз мынандай бір оқиға бар. «Ұзак жол қысқарсын» деп, жас Қазыбек Тайкелтірге жақындай келе, атын теңестіріп: «Алдияр, жоңғар ханының алдына барғанда сөзімізді неден бастағанымыз дұрыс, соны ойлансақ қалай болады», — дейді. Сонда Тайкелтір бұғанасы әлі қатпаған баланың бұлай сөйлеуіне разы болмай: «Оған ойланудың қажеті не, аузымызға қандай сөз түссе, содан бастаймыз да», — деп атына қамшы басып, желе жөнелген екен.

Бала... бала болса да—дана...
Жоңғар ханының ордасына келген соң Тайкелтірдің аузына сез түспей, тұтығып: «Өгізімді өлеңді жерге қойыппын, өз алдыңа келіппін» деп міңгірлеп, тоқтап калган көрінеді. Тақ үстінде отырған жоңғар ханы сөздің мәнін түсінбей, «өгізі кім» дегендей жан-жағына қарап, ешкім үн қатпаған соң, бес тал мұртын тікірейтіп, ашу шакыра бастайды.
Дәл сол сәтте қазақ елшілігінің арасынан ең төмен отырған жас Қазыбек орнынан атып тұрып, төсін оң колымен басып, бір иіле:
Ордың жалгыз ағашына таңба салғыздың,
Ол да сенің өнерің
Мұғалжардан тас алғыздың,
Ол да сенің өнерің.
Ертістен арық тартып ат суғарттың,
Ол да сенің өнерің.
Айналада алты хан бар еді,
Өзіңнен артық кім бар еді.
Қатты қарғысың болса,
Қайырлы жарылғасының бар еді,
Сол жарылғасыннан үміт қылып келдік, — деген екен.
Сол сәтте хан күлімсіреп «олай болса, шаруаларыңды айтыңдар», —дейді. Тоқтап қалған Тайкелтірге Қазыбек бір қарап, сөзін одан әрі батылырақ өрбіте келе ханнан шапқыншылықта қолға түскен тоқсан жесірді қайтаруға келгенін баяндайды. Жоңғарлықтардың ханы алғыр жігіттің иығынан кағып: «Елің үшін туған ұл екенсің, дана болуға лайықсың, сен сияқты ерлері бар елді тәуелді ету маған оңайға соқпас»,—деп күң болып жүрген жесірлерді босаткан екен. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Қазақ ағартушылары

Батыс Еуропа елдерінде XVIII ғасырда дүниеге келді. Бұл Батыс Еуропада феодалдық құрылым тоқырауға тіреліп, зиялы қауымның дамуға жаңа бағыт ціздеген кезі болатын. Ағартушылар мақсаты жоғарыда айтылғандай – сауат ашу, білім тарату. Әрине бұдан келіп Батыс елі ХҮІІІ ғасырда сауатсыз болды деген пікір тумаса керек. Ол кезде сауаттылар да, ғалымдар да болды. Бірақ олар тек үстем тап өкілдері еді. Олар мен қалың халық арасындағы алшақтық орасан болатын. Халық тегіс сауатсыз болғандықтан ағартушылар сол қалың елді, бұхараны сауаттандырып, көзін ашпақ болды. Сондықтан, олар қоғамдық-саяси ойдың қалыптасуына кезінде тиімді әсер етті. Егер ҮХІІІ ғасырдың аяғында Ұлы Франция революциясы «Бостандық, теңдік, бауырластық» деп ұранмен көтерілген болса, оның бірден-цбір түрткісі болған ағартушылар, француз философтары еді.
А) Қазақстан жеріндегі ағартушылық, негізінде, ХІХ ғасырда өріс алып, тарады. Бірақ, қазақ елінің Батыс елдерінен үлкен айырмашылықтары бар еді. Қазақ арасында үстем таптар мен кедейлер арасында сауаттылық жағынан айырмашылық аз болды. Бәрі дерлік бірдей сауаты кем болды. Бұл бір, екіншіден, қоғамдық санасы, бостандығы жағынан да айырмашылық күрделі болмады. Сөз бостандығы қазақ арасында күнделікті әдет еді. Дегенмен, қазақ елінің өзіндік проблемалары болды. Ол ел бірлігін сақтау, қазақ жеріне сырттан келіп, қол сұғушылыққа, отаршылдыққа халықтың наразылығын арттыру, көзін ашу, елді еңбекке, білімге шақыру. Сондықтан қазақ жеріндегі ағартушылықты екі бағытта алып қараған жөн. Біріншісі, бұл бір жағынан патшалық Ресейдің Қазақстан жеріне терең бойлау нәтижесінде қазақтың құнарлы жерлерін билеп-төстеп, қазақтарды шөлейт жерлерге ығыстырғанына қарсылық білдіріп, толғану болса, екінші жағынан, ақшалы тауар қатынасы күнделікті қазақ өміріне кеулеп кірген сайын, елдің дағдылы дәстүрі бұзылып, жаңа, халыққа тұрпайы қатынастар орнай бастағанын уайымдап, күңіреніп, елдің назарын соған аударып, санасын ояту болды. Өкілдері: Дулат Бабатайұлы (1802-1871), Шортанбай Қанайұлы (1818-1881), Мұрат Мөңкейұлы (1843-1906), Оларға дейінгі Бұқар жырау (1668-1781), Ақтамберді жырау (1675-1768) тағы басқалар.
Тоталитарлық тәртіп кезінде оларды патриархалдық өмірді көксеуші, Ресейге қарсы болған кертартпа идеология, «Зар заман» өкілдері деп қарады. «Зар заман» деген Шортанбайдың бір толғауы солай аталатын. Сондықтан, олардың аттары аталмайтын, толғаулары тарихтан сызылып тасталған еді. Байқап қарасақ, олардың елді кері тартпақ болған идеологиялары емес, қайта қазақ жерінің тағдырын ойлап, елге ұран тастап, А.И.Герценнің «Колокол» («Қоңырау») газеті сияқты халықтың санасын оятпақ болған екен. Олар екі жүзділік, зұлымдық, арамдық сияқты құбылыстар өмір салтына айналуда деп қынжылады. Екіншісі, Шоқан, Ыбырай, Абай бастаған ағартушылық қозғалыс. Олар қазақ халқын оқуға, білімге, кәсіпкерлікке, еңбектенуге шақырды. Ескі зиян салттарды сынады. Сөйтіп, бұл бағыттың әдістері әрқилы болғанмен, түпкі мақсаттары бір – елді прогреске ұмтылдыру болды.
Дулат Қазақстан жеріне еніп жатқан тауарлы-ақша қатынастарының халық мінез-құлқына, салт-санасына тигізген керағар әсерін былай толғап сынады:
Мынау азған заманда,
Қарасы – антқор, ханы арам,
Батыры көксер, басы аман,
Бәйбіше – тантық, бай – сараң,
Боз баласы – бошалаң,
Қырсыға туды қыз балаң. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Қажымұқан Мұңайтпасұлы Күш атасы Қажымұқан

Қажы Мұқан Мұңайтпасұлы — Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген Қажы Мұқан бабамыз.
Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы! Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 28 мемлекетте күреске түсіп, 56 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты ХХ ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды. Ресейдің балуандар тобында Қажымұқаннан күші асқан ешкім болмағанын да айтуға тиіспіз. Дүние жүзінің чемпиондары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Георг Гаккеншмидт, Поль Понс, Вейланд Шульц сынды жампоздармен қатар жүру, боз кілемдегі айқастарда осы балуандарды шетінен жығып, бәйге алу — сол заманда нағыз ерлік еді. Ол кезде империяның буына семірген Ресей күресінің қожайындары қазақты шын мәнінде менсінбеуші еді. Қажымұқан сондай ортада намысын жатқа берген жоқ. Кеудесін ешкімге бастырмады. Күрес қожайындарының, төрешілердің сан мәрте әділетсіздігіне белі бүгілмеді, еңсесі түспеді.

Өмірі

Тарихи деректерге сүйенсек ол 1871 жылғы 7 сәуірде Ақмола уезі, Сарытерек болысына қарасты Жәдік деген жерде дүниеге келген. Кейбір зерттеулерде, оның 1883 жылы туғандығы айтылады. Қажымұқан кедей шаруаның баласы болғандықтан, орыс байларына және дәулетті адамдарға жалданған. Сөйте жүріп, күреске түсіп, той томалақтарда елге көрініп, бала балуан деген атқа ие болған. Былай басталатын өлең жолдары оның сал-серілігінен де хабардар етеді:

Атандым Мұқан палуан, бала жастан.
Ішінде күштілердің болдым астам.
Талай-талай жерлердің дәмін татып,
Өтті дәурен осылай біздің бастан

Сонда сол циркте жеңген палуан, ең соңында жеңген палуан мен Қажымұқан күреске түседі. Оны жыға алмайды, дегенменен халық арасына танылады. Злобин деген цирктің қожасына ұнайды да, бұл жаңағы барлық зерттеулерде жазады ол «Ваня ағай» деген атақты алғашқы кәсіби Санкт-Петербордағы мектепті ашқан атақты Лебедевке хат жазып жібереді. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Қазыбек би

-Әке, мен төлн биге барып сәлем беремін, өзін көріп, сөзін тындағым келеді,- деп бала Қазыбек қолқа салғанда әкесі:
-Ойбар, балам-ау ол үлкен кемеңгер кісіне деп барасын, алдында сөз таба алмай күлкі боласын, барма,- деді. Бірақ Қазыбек қоярда қоймай әкесінен рұқсат алып,біраз жолдастрарымен Төлн бидың алдына сәлем бере келеді.
-Шырағым, «баз бала әкесіне жетіп туады, баз бала кері кетіп туады» - деген. Сен соныңқайсысын?-дейді Төле би сынап.
- Өткенімді алдымдағы өмірім біледі. Өз ойымша әкеме жетіп тудым-ау деймін,- дейді Қазыбек сөзден тосылмай.
- Ә, шырағым жарайсын! –деп Төлн би балаша жадырап ризалығын білдіреді.
- Алысыңыз қандай? –дейді Қазыбек те сыпайы сұрақ қойып.
- Алысым жақын болды.
- Тәттіңіз қандай болды?
- Тәттімшырын болды.
- Несиеіңіз қандай?
- Несием,шүкірөніп жатыр.
Қазыбек аулына келген соң әкесі оның қасына ерген серіктерінен: «Балам Төле бимен не деп сөйлесті, - деп сұрағаныңда:
- Екеуі былай десіп әңгімелесті, бірақ мәңісіне түсіне алмадық, - деседі олар.
«Олары несі екен», - деп қарт әке де түкке түсінбей таң қалды. Сонда жұмбақ сырды Қазыбектің өзі айтып береді.
- Төкеңнің «алысым жақын болды» дегені қос жанарын айтқаны. «тәттім шырын болдыә дегені ұйқысының қашқаның білдіргені, «шүкір, несием өніп жатыр» дегені балаларының жақсы бағып,жақсы күтіп отырғанын түсіндіргені, - дейді ....
Рефераттар
Толық