Сәтбаев Қаныш

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев Арқаның сұлу төрінің бірі-(бұрынғы Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Ақкелін болысының 4-ші ауылында) қазіргі Павлодар облысының, Баянауыл ауданының ҚИ.Сәтбаев атындағы совхозында 1899 жылдың 30 наурызында (12 сәуір) Сәтбаевтардың үлгілі - өнегелі ауылында дүниеге келді.
Қаныштың жерлесі әрі досы Әлкей Хақанұлының мәліметтері бойынша, революциядан (1917ж.) бұрынғы қыр қазақтары арасында Сәтбаевтардан көп оқыған ауыл болған емес. "Қаныштың әкесі Имантай - ақылды, момын, терең ойлайтын, әр нәрсені ақылмен, сабырмен шешетін кісі болатын..."
"Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің" демекші, табиғатынан зерек Қаныш 1909-1911 жылдары өзінің туған ауылындағы орыс - қазақ мектебінде оқып, 1918 жылы Семей қаласындағы оқытушылар семинариясын бітіреді. Одан кейінгі бірер жыл Семей қаласында, өз ауылында мұғалімдік қызмет атқарып, 1920-1921 жылдары Баянауыл ауданындағы 10-шы учаскесінің халық соты болды.
1921 жылы жазда Қаныш Имантайұлы Баянауылға емделуге келген сол кездегі Сібір өңірінің ірі, мәдени орталығы Томск қаласының технология институтының профессоры (кейін академик болған) Михаил Антонович Усовпен танысады. Қанышқа М.А.Усов Қазақстанның геологиясы мен тау-кен байлықтары туралы көптеген қызықты әңгімелер айтады.
Өзі өмірден озғанша ұстаз санаған профессор М.А.Усовтың ықпалымен 1921 жылы Қаныш Имантайұлы Томск технология институтының кен факультетінің геологиялық барлау бөліміне оқуға түседі.....
Рефераттар
Толық

Саттар Ерубаев

Қысқаша өмірбаяны: Саттар Ерубаев 1914 жылы Түркістан ауданыныда дүниеге келді. Балалар үйінде тәрбиеленген.
1927 жылы Түркістан ауданы, «Комсомол» колхозында қызмет істейді. ҚазКСР Оқу халық комиссариатының жоғары оқу орнында даярлау курсын,Ленинградтағы философия және тарих институтын бітіреді. «Лениншіл жас» және «Ленинская смена» газетінің әдебиет бөлімдерін басқарды. «Лениншіл жас» газеті редакторының орынбасары әрі Алматы жоғары ауылшаруашылық мектебі философия кафедрасының ассистенті болды.
1934-35 жылдары «Қарағанды поолетариаты» газеті редакторының орынбасары. 1935 жылы Ленинград университетінің аспирантурасына түсті. 1936 жылдың қыркүйегіннен ҚазПИ-дің қазақ әдебиеті кафедрасының доценті. 1932 жылы «Тракторшы Камалдың жыры», «Үш шахтер туралы баллада» деген жырлары жарық көрді.
Аудармада; К.Чуковскийдің «Сарыарқаның ерлері», Ю.Березиннің «Сексенбайдың қысқаша тарихы», А. Сурковтың «Бір қатарда» атты туындыларын, жапон жазушысы Си Китидің «Қол соқпаған адам», И.Еренбургтің «Австрия таулары» атты туындыларын қазақша сөйлетті. Өз шығармалары 1957 жылы орыс тілінде жарық көрді, ал 1966 жылы тұңғыш Ленин комсомолы сыйлығын алды.
С Ерубаев 1937 жылы Алматы қаласында қызмет бабында жүргенде ауыр науқастан қайтыс болды.. ....
Рефераттар
Толық

Өтеген батыр Өтеғұлұлы

Өтеген батыр Өтеғұлұлы (Мүйізді Өтеген) (1699-1773) – XVIII ғасырдың І жартысында жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен батыр.
Ұлы жүздің дулат тайпасынан шыққан. Бабасы Сырымбет 1635 жылы Ойрат ханы Батырдың 50 мың әскеріне қарсы соққы берген Салқам Жәңгірдің сапында ұрысқа қатысқан. Өтеген батыр 15 жасынан жоңғарларға қарсы соғысқа қатысып, қазақ елінің түстігін, Жетісу мен Шығыс Қазақстан өңірін жаудан азат етуге зор еңбек сіңірді. Түркістан, Ташкент маңындағы кескілескен ұрыстарға, Аңырақай шайқасына қатысты. Осы ұрыстарда қалмақтың Бөтхишар, Сабан Тайшық секілді аты шулы батырларын жекпе-жекте жеңіп, қазақ әскерінің даңқты қолбасшыларының біріне айналды. Төле бидің, Абылай ханның серігі болды.
Батырдың ерлігі аңызға айналып, Күсен, Майкөт, Сүйінбай, Жамбыл, Тілеміс секілді ақындардың жыр-дастандарына арқау болды. Бұлардың ішінде бізге жеткені – Жамбылдың «Өтеген батыр» дастаны. Өтеген батыр туралы дерек-аңыздарды әдебиетшілер Е.Ысмайылов, Қ.Тұрғанбаев, Н.Смирнова, С.Бегалин зерттеді. Кейбір зерттеушілердің мәліметтеріне қарағанда, батыр Бұқара, Самарқанд, Кабул, Исфахан, Тегеран, Ыстамбұл сияқты қалаларда болып, білім алған. Өтеген батырдың соңында атағы ғана емес, Қосағал, Қосдәулет, Асау, Ылау, Бердіс, Тарпақ, Базарбай, Аюса, Жақұлы, Төке, Тоқтарбай есімді балаларынан тараған үрім-бұтағы да қалды. Атақты Байсерке күйші, Тілеміс шешен Өтеген батырдың ұрпағы.
Батыр әуелі Іле өзенінің бойына (қазіргі Қапшағай су қоймасының табаны) жерленген. Кейін оның сүйегін ұрпақтары Қордай ауданына апарып, қайта жерлеген. Жерленген жері Өтеген ауылы деп аталады. Алматы облысындағы бірсыпыра жер батыр есімімен аталады. ....
Рефераттар
Толық

Олжас Сүлейменов

СҮЛЕЙМЕНОВ Олжас Омар-ұлы (18.5.1936 ж. т., Алматы) — ақын, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы (1992). ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ, 1959), Мәскеудегі М.Горький атынд. Әдебиет ин- тын бітірген. 1962 — 84 ж. "Казахстанская правда" газетінде, "Простор" журналында бөлім меңгерушісі, "Қазақфильм" киностудиясыңда сценарийлік-редакциялық алқаның бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы баскармасының хатшысы, ҚР Кинематография жөніндегі мемл. к-т төрағасы қызметтерін атқарған. 1972 жылдан Азия мен Африка елдері жазушыларымен байланыс жөніндегі к-ттің, 1989 — 95 ж. Халықар. "Невада — Семей" қозғалысының төрағасы болды. 1995 жылдан Қазақстанның Венгриядағы, кейін Италиядағы төтенше және өкілетті елшісі. Түңғыш өлендер жинағы "Арғымақтар" 1961 ж. жарық көрді. Олжас С. шығарм-ның алғашқы кезеңі (1961 — 65) жалынды рухқа толы болды, ол тұстағы шығармалар мазмұнынан қоғамдық дағдарыс пен руханият мәселесін, жаман мен жақсының тайталасын, қоршаған орта мен адам табиғатының сырын ашуға, үлт тарихының тереңнен тартқан тамырын тануға деген ұмтылысты байқауға болады. Оның алғашқы поэтик. туындылары қоғамда үлкен резонанс туындатты. "Адамға табын, Жер, енді" поэмасы (1961, Қазақстан Ленин Комсомолы сыйл., 1964) ғарышкер Ю.Гагариннің ғарышқа ұшу «өтіне арналған, онда аспан кеңістігін бағындырған адамзат санасының салтанат кұруы марапатталған. 60-жылдардың орта тұсынан бастап Олжас С. шығарм-нда жаңа түр ізденістері, эпик. суреттеулер, шығармаларының сан түрлі жанрды қамтуы, сөз бен оның дыбысталуына ерекше мән беру, сөз өнері мәселелерінің түптамырын көне дәуірдегі тарихи кезеңдерден іздеу мәселелері орын алды. Осы тұста акынның "Қыш кітап" (1969), "Кактус", "Өлмейтін құмырсқа" поэмалары дүниеге келді. 70-жылдардың ортасынан ақын шыгарм-ндағы басты тұжырым, негізгі бағыттар дами түсті, оның поэзиясы бейнелілігімен, филос. тереңдігімен, астарлы ирониясымен ерекшеленді. Бұл кезеңнің басты шығармасы — "Көгершін кітап" еңбегінде алдыңғы туындыларында бой көрсеткен ұлттық сана жайындағы талдаулар жарасымды жалғасын тауып, әлемдік мәдениетпен үйлесімде синтездедді. Архив дереккөздеріне сүйене отырып, бірнеше тіл сөздерінің этимол. құрылымына жасалған талдаулар "Аз и Я" (1975), "Язык письма" (2000) атты филол. зерттеу еңбектерде көрініс тапқан. О.С. поэзиясының көркемдік әлемін тануда қаламгер шығарм-на тән екі түрлі дүниенің бір арнада тоғыса нақты көрініс табу ерекшелігін атап айтуға болады. Ол — орыс тілінде жазатын қазақ ақыны, екі бірдей эстет.-философ дүниетанымдық жүйеден сусындаған: туған халқының фольклорлық дәстүрінде, рухани-адамгершілік ұстанымдар үрдісінде тәрбиеленген, сондай-ақ орыс мәдениетінің рухани мұрасынан тәлім алган. Кейбір зерттеушілер оны "дуализмді" біріктірген билинг (қостілді) санап, орыс тіліндегі мәнерлі тіл айшықтары негізінде кең-байтақ даласының тарихын таныды деп бағалайды. Оның тілі "екі бірдей жалпыұлттық дүниетаным мен екі түрлі кұрылымдық тілдік жүйенің әрекеттесуі" негізінде көрініс тапқан дейді. Екінші бір зерттеушілер оны монолинг санап, орыс жазушысы деп те атайды (М.Д. Жүсіпов, А.Ж. Сәрсембаева). Сүлейменовтің поэтик. тіліне паронимик. аттракция құбылысы, афоризмдер, бейнелілік, халықтық поэтик. тілдің этимологиясын тануға деген ұмтылыс тән. Қазақ және орыс тіл дерінің поэтик. ....
Рефераттар
Толық

Омарова Жамал

Омарова Жамал (1912-1976) - әнші (контральто). Қазақстанның халық артисі. Өзбек ССР-нің Янгиюль қаласында туған. Ташкент педагогикалық училищесінде оқу бітірген. Ж. Омарова қазақ ұлттық операсымен ән мәдениетін дамытуға үлкен үлес қосты. Ол 1934-1936 жж. музыкалық драмалық спектакльдерден Мақпал (Б. Майлиннің “Шұғасы”), Қамқа (Ғ. Мүсіреповтың “Қыз Жібегі”), Айман (М. Әуезовтің “Айман-Шолпан”) образдарын жасады. 1937-1976 жж.- Қазақконцерт пен қазақ филармониясының солисі. Оның репертуарында “Бипыл”, “Қараторғай”, “Ертіс”, “Ләтипа”, “Шынарай” сияқты қазақтың халық әндері, Ш. Қалдаяқовтың “Менің Қазақстаным”, А. Телғозиевтің “Менің елім” және т. б. әндері бар. Ж. Омарованың орындауында қазақтың халық шығармашылығына ұлттық сипаттар, оның әуезділігі, фольклорлық жанрдағы патетика тән.

Қазақ ССР-ның халық әртісі Жамал Омарова (1912 –1976) көзінің тірісінде-ақ бүкіл елдің зор сүйіспеншілігімен құрметіне бөленген шын мәнінде нағыз халықтың әншісі. Жамал Омарованың өмірі мен шығармашылығы кеңес дәуіріндегі қазақ музыка тарихының жарқын беттерінің бірі, оны мәңгіге жазып қалдырған жарық жұлдызы. Әншінің ешкімге ұқсамайтын қайталанбас ғажап дауысы күн сайын радиодан шырқалып, республиканың барлық облыстарын аралаған гастрольдік сапарларында елге кең жайылып таралып жатты. Жамал Омарова Қазақстанды, қазақ өнерін жауапты концерттерде, одақ көлеміндегі декадаларда паш етіп көпұлтты кеңестік өнердің мақтанышы бола білді! Жамал Омарованың өмірі мен шығармашылық тағдыры сол кездегі кеңес дәуірінің халық музыканттарына және жалпы халыққа деген ресми үстемдігін, ақ-қара беттерін айна қатесіз көрсетеді. Жамал Омарова Ташкент облысының Янгиюль ауданында бай қазақ отбасында дүниеге келген. Коллективтендіру кезінде қатты қуғындалып, әкесі репрессияға ұшыраған. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | ҚҰРМАНҒАЗЫ САҒЫРБАЙҰЛЫ

Қазіргі Орал облысы, Жанғалы ауданының Жиделі елді мекенінде дүниеге келген. Күй атасы.
Шыққан тегі – Кіші жүз, он екі ата Байұлынан өрбіген Сұлтансиықтың Қызылқұрт бұтағы. Құрманғазының жетінші атасы Ерші деген кісі от тілді, орақ ауызды, сөз дарыған адам болыпты. Ал, нағашы жұрты – Беріш руы. Қалмақ шапқыншылығы кезінде асқан ерлігімен көзге түскен Ағатай батырдың есімі исі Берішке ұран болған. Одан берідегі Өтеміс би, Махамбет ақын, Исатай батыр бір ғана Беріш руының емес, исі қазақтың ардақты ұлдары.
Құрманғазыны күй өнеріне баулыған және оның ұстазы болған Ұзақ күйші еді. Құрманғазы жастайынан домбыра шертіп, көпшіліктің ілтипатына бөленді. Күйшінің шығармашылық табыстарға қол жеткізіп, өрлеуіне Бөкей ордасының Байжұма, Баламайсан, Байбақты, Соқыр Есжан сынды атақты күйшілері үлкен ықпал еткен. Олардан тәлім алып өскен Құрманғазы қазақ халқының ұлы сазгері атанды.
Құрманғазының күйлері қазақ елі өмірінің әлеуметтік жыр-сыры, азаткерлік рух ұраншысы іспетті, Ұлттық тарихымыздың әуен тілінде жазылған ұлы эпопеясы деуге болатындай. Күйші шығармашылығындағы өзекті мәселелер — халықтың азатгығы мен жеке тұлға бостандығы. Өз туындыларында XIX ғасырдың 30-жылдары Исатай Тайманұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліске ерекше назар аударған. Құрманғазы бұл көтеріліске өзінің алғашқы туындыларының бірі "Кішкентай" күйін арнаған. Одан кейінгі "Ақбай", "Ақсақ киік", "Түрмеден кдшкдн", "Адай" күйлерінде ол халықтың азаттықты көксеген арманын, әділетсіздікке қарсылықты, қоғамдық мүдделердің өзара қақтығысын білдіреді. Құрманғазы туындыларында қоғам мен адамның арақатынасындағы айрықша әлеуметтік-психологиялық жағдайлар бейнеленеді. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Қорқыт (IX ғ.)

Қобыз атасы, композитор, жыршы, ақын, музыкант, бақсылардың қамқоршысы. "Қорқыт ата кітабы" әдеби ескерткіштерінен ІХ-Х ғасырларда билік құрған оғыз тайпасынан шыққандығын білуге болады. Оны Ш.Ш.Уәлиханов қазақтың алғашқы шаманы, алғашқы ақыны деп атайды. Қорқыт жайындағы аңыз әңгімелер Ә.Науаи арқылы белгілі болып, түркі халықтары, әсіресе қазақтар арасында кең тарады.
Аңыздарда Қорқыт Қырмаш пен "жарық жүзді сұлудан" туылған делінеді. Оның есімінің өзінде магиялық мән бар. Уәлихановтық-потаниндік түсіндірме "қорқыт" сөзі — адамзат тұрмысының жағдайын көрсететін "қорқыту" сөзінен шыққан деп түсіндіреді. Өлімнен қорқу мен одан қашу — шаман халық аңыздарының жемісі.
Аңыздарда Қорқыт қобыз жасаған. Ол қобыздың музыкалық дыбысталуынан үшкіру, ауа, сиқыр өткізген.
Қорқыттың пайымдауынша, адамдар адамилық қасиеттерін сақтап қалу керек. Адам үшін ең қауіптісі — адамилықты жоғалту. "Қонақ келмес үйдің қирағаны жақсы, жылқы жемес шөртің шықпағаны жақсы, адам ішпес ащы судың ағысты жылғаларды кумағаны жақсы, атаның атын былғайтын ақылсыз ұлдың тумағаны жақсы". "Адам қанша қажетсінгенмен, ол өз үлесінен артық жей алмайды". Сол аңыздарда Қорқыт жер-жаһанды кезіп, "басқа елден әркімге өз елінде жақсы" деген ой түйіндегенін байқауға болады. Оның айнымас досы сиқырлы Желмаясы болды.
"Қорқыт ата кітабы" — кейіннен түркі халқының құрамына қосылған оғыз тайпасының эпикалық жазба ескерткіші, Кітап оғыздардың өмірі жайында баяндайды. Оғыз — қыпшақ тайпаларына ортақ тілде жазылған. Кітаптың араб әрпімен жазылған екі нұсқасы саққалған (Дрезден, Ватикан). Әр жырдың өзіндік сюжеті бар. Олардың әрбіріңде көріпкел, тайпа көсемі, ақылгөй Қорқыт ата бейнесі берілген. Әрбір жырдың соңы Қорқыт атаны мақтаумен аяқталады. Кітап ақыл-өсиет, мақал-мәтел, нақыл, шешеңцік сөздерге толы. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Қоңырбайұлы Ағыбай

Қоңырбайұлы Ағыбай (1802-1885) – қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күрескен әйгілі батыр, қолбасшы. Қазақ ханы Кенесары Қасымовтың Ресей отаршылығына қарсы жүргізілген көтеріліс басшыларының бірі. Туып өскен жері Қарағанды облысындағы Балқаш, Бетпақдала алабымен жапсарласып жатқан Арқаның Қызылтау, Ортау, Ақтау, Ұлытау деп аталатын сілемді таулары. Топырақ бұйырған жері - Ағадыр елді мекенінің оңтүстігінде 80-90 шақырымдай жерде ағып жатқан Қаратал өзенінің бойы, Тайатқан, Шұнақ тауларының алқабы.
Ағыбай батырдың шыққан тегі Орта жүз Арғын, оның ішінде Шұбыртпалы руынан өрбиді. Нағашы жұрты Орта жүздің ноқтағасы Тарақты елі. Абылай ханның сенімді серігі, әрі ту ұстаушы батыры Наймантайұлы Байғозының Қойсана есімді қызы Ағыбай батырдың анасы.
Тарихтан белгілі Абылайханнан тараған ұрпақтың ішінде Қарақалпақ қызы Сайман ханымнан туған Уәлихан бастаған балалары амалсыздан Ресей отаршылдығына мойын ұсынды да қалмақ қызы Топыш ханымнан туған Қасым бастаған балалары Ресей отаршылдарына қарсы бітіспес күрес жүргізіп өтті. Қасым сұлтан өз тұсында Көкшетау өңірінде орыс әскерінен қысым көріп, Арқаның бетпақ даламен жапсарлас өңірін қоныс ететін Қаракесек, Шұбыртпалы, Тарақты руларының жеріне ығысуға мәжбүр болған. Ағыбай батырдың да азаттық күресіне ертерек араласуы осы Қасым сұлтанмен, оның баласы Кенесары ханмен етене аралас, мүдделес болуынан басталады. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІ

Сәулеттік ерекшелігі мен әлеуметтік қызметі күрделі Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарының өзіндік сыры мол. Сондықтан да, кесенедегі жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарына арнайы тоқталудың маңызы ерекше деп білеміз. Қалпына келтіру дегеніміз – мұражай ісінде табиғи тозудың әсерінен пайда болған бүлінуді жойып, оны бастапқы қалпына келтіру деген мағынада қолданса керек. Қалпына келтіру тек кәсіби шебер-реставраторлардың қолымен ғылыми негізде іске асырылғанда ғана нәтижелі болатыны сөзсіз. Кесенедегі жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын сипаты мен маңыздылығына қарай бірнеше кезеңге бөліп қарастырған орынды.

Бірінші кезең: кесене салынғалы бергі ХХ ғ. бас кезі, яғни І дүниежүзілік соғыс басталғанға дейінгі кезеңді қамтиды. Екінші кезең: 1917 жылдан 1950 жылдардың бас кезіне дейінгі кезеңді қамтыса, үшінші кезең: 50 жылдардың бас кезінен, мұражай ашылған 1978 жылға дейінгі уақытты еншілейді, төртінші кезең: мұражай мәртебесі өзгеріп, “Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы” болып өзгеріп, “Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы” болып аталған 1989 жылдан осы кезеңге дейінгі уақытты қамтиды. Жөндеу және қалпына келтіру саласындағы әр кезеңнің көтерер жүгі жеңіл емес. Осы арқылы қоғамның мәдени мұраға деген көзқарасы танылатындығы сөзсіз.

Бірінші кезеңде атқарылған жұмыстар туралы белгілі шығыстанушы М.Е.Массонның зерттеу еңбегінен көп мағлұматтар кездестіруге болады. Қазақстан Ресейге қосылғаннан кейін Әзірет Сұлтан кесенесін жөндеуге алғаш рет 1872 жылы көңіл бөлінді. Ол жұмыстар кесене төңірегіндегі қоқысты тазалауға бағытталды. Ал, 1884 жылы қазынадан 15 мың сом қаржы бөлініп, кесененің төбесінен су өткізбеу шаралары жасалып, шөге бастаған кесене іргетасы бекітілді. 1886-1887 ж.ж. кесененің батыс бұрышын құлаудан сақтау үшін қабырғаның сыртынан кірпіштен тіреулер өрілді.

Үкіметтік шаралардан бөлек жергілікті тұрғындардан жиналған 12 мың сом қаржыға Асхана бөлмесі мен кесенеге әрлеу жұмыстары жүргізілді. 1910 жылы жүргізілген бұл жұмыстан бір жыл өткен соң Түркістан генерал-губернаторлығы арнайы комиссия шығарып, кесенені тиянақты жөндеуден өткізу үшін 100 мың сомның жұмыс көлемін анықтады. Бұл жерде әңгіме қалпына келтіру емес, тек қана жөндеу жұмыстары туралы болып отырғандығын атап айту керек. Сол кездің ақша бағамында бұл қомақты қаржы еді. Әйтсе де І дүниежүзілік соғыс зардабы аталған шараларды іске асыруға мүмкіндік бермеді. Бұл кезеңде жөндеу жұмыстарының ғылыми негіздемесіз тұрпайы технологиямен жүргізілгендігін көреміз. Мысалы, қабырғаның сыртқы бедеріне еуропалық үлгідегі кірпіш қаланып, әрлеудің стилін бұзды, өрнектер әктеудің астында қалды, тіпті орталық бөлмедегі сәндік плиталар алынып тасталды. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Қожа Ахмед Ясауи

Қожа Ахмет Ясауи (? – 1166 ж.) қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орыны бар ұлы ақын. Өз аты Ахмет, есімінің алдындағы «қожа» мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы «Ясауи» ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Бірақ нақтылық үшін айтсақ, Йасы қаласы оның туған жері емес, жастайынан жетім қалып, ағайын туыстарының қолына келіп, бала кезнен өскен жері. Ақынның туған жері қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы. Әкесі Ибрахим мұсылманша сауаты бар, сөз қадірін білетін білікті адам болған. Шешесінің аты Қарашаш.

Ахмет Бұхара қаласында Юсуф Хамаданидан діни білім алғаннан кейін, Түркістанға кліп, сол кезде Орталық Азияда кең тараған софылық, діни-тақуалық идеялардың ірі насихатшысына айналады.

Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы – «Диуани Хикмат» (Хикмат жинақ). Бұл шығарма алғаш рет 1878 жылы жеке кітап болып басылып шығады. Содан кейін ол Стамбул , Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайыра басылады. Соның бірі 1901 жылы Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шыығарған нұсқасы болатын. Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейін өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұхара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кмшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді.

«Диуани Хикматтан» қазақ халқының ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады. Түркістан қаласында жерленген Қожа Ахмет Ясауи әзіреті сұлтан аталып, басына XIV ғасырдың аяғында атақты Ақсақ Темір күмбез орнаттырады.....
Рефераттар
Толық