Тұрақты кернеу стабилизаторлары

Қоректену көзінің кернеуі мен жүктеменің кедергісі өзгергенде түзетілген кернеудің тұрақтылығын қамтамасыз ететін құрылғылар кернеу стабилизаторлары деп аталып,олар түзеткіштен кейінгі фильтрлер мен жүктеме арасына қосылады.
Кернеу стабилизаторларының екі түрі бар:параметрлік және компенсациялық.Стабилизатордың бірінші түрінде кейбір электрондық аспаптардың , олар арқылы өтетін ток өзгеріп отырғанда кернеуді тұрақты мәнінде ұстап тұра алатын қабілеті пайдаланылады.Жартылай/шала өткізгіш аспаптардан осындай қасиетке стабилитрон ие екені белгілі.Стабилизатордың екінші түрінде кернеуді стабилизация жасау мәселесі жүктемеге келіп түсетін кернеуді автоматтық түрде реттеу негізінде компенсациялау әдісімен жүргізіледі.
Параметрлік стабилизаторлар
Бұл стабилизатордың схемасы/тәсілі/68.а-суретте бейнеленген.
Ол алғашқы стабилизатордан /Д1 мен Д2 стабилитрондар.Rб1 –резисторы/және шығыс стабилизатордан /Д3-стабилитрон/.баланстық резисторы Rб2-ден,жүктеме Rж-дан тұрады.Түзетілген кернеу Uт.қоректену кернеуінің өзгеру себебімен немесе жүктеме кедергісі Rж-ның өзгеруінен өз шамасынан ауытқыса,жүктемедегі кернеу тіпті шамалы өзгереді,өйткені,ол стабилитрон арқылы өтіп жатқан ток өзгерісіне байланысты өзгермейтін стабилитрондағы кері кернеумен анықталады./68,б-сурет/.Стабилизаторды есептегенде басты нәрсе,жүктеме кернеуі бойынша Uст= Uж деп алып,стабилитронның түрін таңдау және оның жұмыс жасау жағдайларын қамтамасыз ету.Бұл үшін жұмыс процессінде өзгеріп отыратын стабилитронның тогы IСТ вольтамперлік сипаттаманың жұмыстық бөлігінен шықпауы керек,яғни Iстmin -нан кіші болмай, Iстmax –нан үлкен болмауы керек/68,б-сурет/.....
Рефераттар
Толық