Ғалым Әріп | Ана

Бұл бір уылжыған жап-жас келіншек еді. Ерге шыққан, алты айлық бөпесі бар дегенге білмеген кісі сене бермейтін. Өйткені, тым ұялшақ еді. Және жат адамнан жалтақтап қашып жүретін әдеті бар-ды. Көршілер оны «Үркек Мәриям» деп атайтын.

Бұлар бір отбасында үш-ақ адам болатын: күйеуі, өзі және жаңа отыра бастаған ұлы -Талғат. Ері Әнуар - мұнайшы, қызмет бабымен жүріп, ол көбіне үйге кеш оралады. Мұндай беймезгіл шақтарда Мәриям елегізіп үйде отыра алмайды.

 Сен жоқта біз қорқамыз, - дейтін ол кейде күйеуіне. - Әсіресе, Талғат ұйықтап жатқанда қорқамын.

 Сонда сен Талғат құрлы болмағаның ғой, - деп күлетін Әнуар.

 Ол жігіт қой.

...Жаз айы. Тас төбеден шақырая төнген күн сәулесі күйдіріп барады. Жексенбі күні болатын. Қаладан батысқа қарай бет алған көгілдір «Москвич» теңіз жағалауының оқшаулау бір жеріне келіп тоқтады. .....
Әңгімелер
Толық