Ахмет Байтұрсынұлы | Қазақша сөз жазушыларға


Бұл күндері адамдардың сөйлесетін тілдерінің түбі мұнарланған сағымдай алысқа барып жоғалады. Қанша қадалып қарасақ та, көзіміз оған жетпейді. Қай тілдің де болса қайдан шығып, қалай ғұмыр шеккенін ешкім анық білмейді. Тілдің ғұмыры ұзақ. Оның жолы жылдап емес, жүз жылдап емес, мың жылдап саналады. Сондай ұзын ғұмырының ішінде түрлі нәрселер себеп болып, өзгерілмеген тіл жоқ: я азып өзгерілген, я асып өзгерілген, ел бұтақтап өскен сайын, тіл де бұтақтанған. Біздің түрік тілі әуелде бір тіл болып, сонан соң ел бұтақтап, өскенде, тіл де бұтақтанған. Түбірі бір болса да, түрі басқаланып түрік тілінің арасына тарау-тарау жік түскен. Сондықтан бұл күнде неше бұтақ түрік тұқымынан ел болса, сонша тарау тілінде басқалық бар. Тілідің басқалануына себеп болған – әр түрлі бөтен жұрттармен сыбайлас болып араласқандықтан. .....
Әңгімелер
Толық