Ахмет Байтұрсынұлы | Жазу тәртібі


Оқу керек. Оқу керек емес деп ешкім айтпайды. Сондықтан даулы нәрселер турасында жұрт бір итфақға келіп жеткенше, даусыз нәрсе оқуды тәртіпті жолға түсіру жайындағы ойымызды жұрт алдына салалық.

Қазаққа керек оқу екі түрлі: бірі – мұсылманша оқу, бірі – русша оқу. Осы күні алты-жеті жыл русша оқығандарымыз дұрыстап русша сөйлей алмайды һәм жаза алмайды. Русша жақсы білуге он-он бес жыл керек. Ондай уақыт оқуға жалпақ жұрттың бәрінің қолы жете алмайды. Сондықтан русша оқудан көрі жалпақ жұртқа керегірек һәм қолы жетерлік оқу жайын айтамын. Мұсылманша оқуға, мұсылманша болғанда қазақша оқуға, оншама көп жыл керек емес. Не үшін десеңіз, русша оқығанда уақыттың көбі тіл үйренуге кетеді. Қазақша оқығанда тіл үйренуге кететұғын уақыттар басқа нәрселерді үйренуге керек уақытқа ауысады. Cондықтан русша 6-7 жыл оқып білетұғын білімдерді қазақша үш жыл оқып білуге болады. Русша оқып дұрыстап хат жаза білуге аз болса 8-9 жыл керек. Қазақша дұрыстап хат жаза білуге бір-екі-ақ жыл керек. Қазақша оқу дегенде мен осы күнгі мұсылманша оқып жүрген жолменен оқуды айтпаймын, қазақтың тіліменен оқуды айтамын. Бұл күнгі мұсылманша оқып жүрген жолдың бұлғалақ-жырғалағы көп, оныменен жүріп хат жаза білуге жеткенше русша білуден уақыт кем кетпейді. Себебі, қазақ тіліменен оқытпай, ноғай, түрік, фарсы, араб тілінде жазылған кітаптар араласып бас қатып, мый ашып, балалар әуре-тәуре болады. Сондықтан оқу керектігі даусыз болса, оқуға керек құралдарды сайлау керектігі де даусыз. Жақсы құралменен іс істегенде көпке тиіп жанды қинамайды. Оқу құралы да сондай, жан қинамайтұғын болса, жақсы болады. Әр істің басы қиын. Басында қиналмай кетсе, онан әрі тың кетеді. Бұл .....
Әңгімелер
Толық