Ғабиден Қожахмет | Білім ордасында Ұстаз мерекесі

Әрбір мектеп бітіруші жанның шәкірттік бейнесін ешбір фотосуретшінің көмегінсіз-ақ сана түкпірінде сақтап қала алатын бір жан бар болса, ол - оның ұстазы. Ұстаз - өзінің есейген шәкіртімен жүздесіп тұрып-ақ осы бір ересек жанның сол кездегі балаң бейнесін, оның сыныптың қай бөлігінде, қай партада отырғанына дейін көз алдына елестете алатын бірден-бір жан. Себебі шәкірт ұстаздың өзінің мектепке жас маман болып кіріп, зейнеткерлік демалысқа шыққанға дейінгі саналы да мағыналы ғұмырының еріксіз бір ажырамас бөлшегі. Осы бір балаң бейне ұстазға ерекше түрде жақын. Ұстаз бүгінгі алдында отырған шәкірттерімен ғана емес, өткен шақтағы шәкірттерінің осы бір бейнесімен де үнемі бетпе-бет келе алар еді. Нақ осыны шәкірттің өзі де сезер, мүмкін ұстаздың шәкірт жанына жақын болуының да бір себебі - ұстаздың тек өзіне білім беруші жан ғана емес, балаң күнінің қастерлі куәгері екендігінде де болуы мүмкін. Себебі түлек болып кеткен жан да еріксіз бала күніне оралып отырады.

Бүгінгі түлектер - кешегі шәкірттер. Ол күні кеше ғана өз мектебінің үздігі, өнерлісі, білім немесе басқа да саладағы жарыстар мен сайыстардың жеңімпаздары атанды. Ол осы сәттерде өз ата-анасының мәртебелі мақтанышы болды. Осының барлығында да оның жанында ұстаз жүрді. Осының бәрінде де ұстаздың қажыр-қайраты, білімі мен білігі, еңбегі мен шәкірт көкірегіне сенім мен жігер тудырушы күш-қуаты жатты. Шәкірт пен ұстаздың бірігіп мақсатты жолға жауапты дайындықтарының басталуы мен нақты нәтижелерге қол жетулерінің арасында ұзақ жол жатады. Бұл жол шәкірттің ұстазға деген сенімі мен ұстаздың өлшеусіз еңбегінен құралады. .....
Әңгімелер
Толық