Тәрбиеге көңіл бөлейік ата ана

Бүгінде ел жұртты дүрліктірген атышулы «Синий кит» не «Тихий Дом» деп аталып жүрген интернет ойыны ата-ананы да, мектеп мекемесін де, мұғалімді де біраз әбігерге салды. Олай болатыны да орынды. Мәселе – балалар мен жасөспірімдер арасында туындағанымен өзекті. Суицидке саналы түрде жетелейтін бұл сұмдық, қауіпті психикалық ойынның БАҚ-та тарағаны сол еді, мектеп басшылығы қауіпсіздіктің алдын алу мақсатында әрбір оқушыдан жаппай сауалнама алып,тағы бір интрига жасады. Ойын туралы естімегендер керісінше одан ары қыза түсіп, ол ойынның қандай тартымдылығы барлығына екі есе құмарта түскен сияқты. Тап бір секта сияқты өзіне баурайтын ойынның құмарына қаныққысы келгендер де болғаны анық. Әр жамандықтың артында бір жақсылық тұрады демекші, «Синий киттің» сырлы таяғы сынды: ресейлік желідегі топтың басшысы Филипп Вудейкин құрықталды деп істі жылы жауып қойдық. Статистика бойынша, бұл ойынның құрбанына айналған Ресейдің әр аймағынан 12-16 жас аралығындағы жасөспірімдердің өлімі тіркелкен. Ал Қазақстанда «ҚР ІІМ мәліметінше, 2016 кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған іс-әрекеттер бойынша тоғыз қылмыстық іс жүргізілген, алайда олардың әлеуметтік желі арқылы жасалғаны расталған жоқ» - деген мәлімдеме жасалды. Сонда біз өз балаларымызды өлімге қиған кезден бастап, қозғалуымыз керек пе? «Жел соқпаса, шөптің басы қимылдамайды» ғой, демек, қоғамда орын алып отырған бұл фактор әр балаға қалай болса да әсер етері анық. Балаларыңызды қорғаңыздар, ата-ана! Олардың болашағы – сіздердің қолдарыңызда! .....
Әңгімелер
Толық