Айнаға қарап денсаулығыңызды байқаңыз

Әр күні жұмысқа кетерде айна алдына келіп өз бейнеңізге бір үңілмей жолға шықпайсыз. Дәл осы сәтте өз бет-әлпетіңіздегі өзгерістерге ден қоя назар салсаңыз, денсаулығыңыздағы өзгерістерді байқай аласыз. Бұл аурудың алдын алуға өте пайдалы.

Көзіңіздің үсті іссе

Бұл бүйректің әлсіздігінен немесе бүйректің қабынуынан дерек беруі мүмкін. Мұндайда дәрігерге барып қаралыңыз және қан қысымыңызды өлшетіп көріңіз.

Көздің айналасы қарауытса ......
Кеңестер
Толық

Қамыр илеу сырлары

Қамыр илей алу — аспаздық қасиеттің асқақтығының белгісі. Қамыр илеп үйрену үшін тәжірибе мен уақыт қажет, оған қоса осы өнердегі құпияларды біліп жүрген жөн.

Бәліштердің тәтті болып пісуінің сыры — ұнды елеп салу. Електен өткізу арасында ұнтағы артық құрамдас бөліктерден арылып, оны ауамен араластырып, қамыр жақсы көтеріледі. Пісірген нан келесі күні қатып қалмау үшін қамырға картоп крахмалын қосыңыз.

Нан, бәліш, құймақ қамырына ұнтақ жармасын (манка, жарты литр қамырға бір ас қасық) қосыңыз. Наныңыз ұзақ сақталып, қатпайды. ......
Кеңестер
Толық

Жүзіңізді жайнататын 5 әдіс

Жүзіңіздің іштей жайнауы - сымбатты көрінудің бірден-бір әдісі. Бұл үшін сыртқы күтім де, ішкі жан дүниенің тазалығы да керек.

Сонымен назарларыңызға жүзіңізді жайнататын 5 әдіс.

Ғашық болыңыз

Ғашықтық сезімі ағзамызда небір қызық процесстер бастайды. Мысал үшін, дофамин мен окситоцин шығарылады. Бұл бақыт гормондары теріні қоректік заттармен байытып, оны жайнатады.......
Кеңестер
Толық

АЛАҚАНЫМЫЗҒА НҮКТЕЛІК МАССАЖ ЖАСАЙЫК

Орындалуы оңай және өте тиімді ем-шара, бар болғаны 5-10 минут уақыт бөлгеніңіз ғана қажет!

1. Бұл массаж қуатты арттырып, шаршаған бұлшық еттерді қалпына келтіреді. Буындар мен олардың арасындағы байланысын күшейтеді
2. Жұмсақ терілер мен жасаушалардың ауыруын азайтып, жарақаттары болса тез қалпына келуге себеп. Ісіктер болса қайтады.
3. Қан айналымы мен ағзамыздағы зат алмасу барысын жақсартады.
4. Жүрек қантамырларының жұмысын реттеп оны ауырудан сақтайды.
5. Алақанда және буындарында көптеген рефлекторлық нүктелер бар болғандықтан массаждың әсері мен пайдасы жас мөлшеріне қарамастан жоғары дәрежеде.......
Кеңестер
Толық

Астың бетін ашық тастама

Ертеде бір кейуана болыпты. Ол аяғы ауыр әйелдердің босануына жәрдемдеседі екен. Әйелдер «қолы жеңіл» деп, оның алдына жиі келіпті.
Бір күні түн ортасында есігін біреу қағады. Кейуана есікті ашса, ешкім жоқ. Кемпір «қағыс естіген шығармын» деп, төсегіне қайтып келіп жатады. Бірақ оқиға дәл осылай екі рет қайталанады. Үшінші ретте есік алдында тұрған ақбоз атты кісіні көреді. Түр-тұрпаты бөлек, өзгеше екен. Жақын маңайдың кісілеріне ұқсамайды.
– Бір жас келініміз босана алмай жатыр, соған жәрдем берсеңіз, – дейді ол. Кемпір келісіп, жолға шығады.
– Апа, көзіңізді тарс жұмыңыз, біз белгі бергенше ашпаңыз. Әйтпесе, майып боласыз, – дейді. Кемпір көзін тарс жұмып отырады. Жолда гүрсілдеген, салдырлаған, оқыс дыбыстар шығып, зәресін ұшырады. Бір жерге жеткенде:
– Апа, көзіңізді ашыңыз, – деген дауыс естіледі. Қараса, бір үйге келіпті. Төрде жас келіншек босана алмай қиналып жатыр екен. Кемпір оны аман-есен босандырып алады. Нәрестенің кіндігін кесіп: ......
Кеңестер
Толық

Тоналды кремді қалай таңдаймыз

Әдемі әрі тегіс бет терісі – әрбір қыздың арманы. Бұндай бет-әлпетке тек Photoshop-тың көмегімен қол жеткізу мүмкін сияқты. Алайда, бұл олай емес. Бар болғаны өзіңізге сай келетін тоналды кремді таңдасаңыз болды.

✔ Бет терісіне сәйкес тоналды крем таңдау

Ылғалдандыратын, тегістейтін, лифтинг әсері бар, безеулерге қарсы – тоналды кремдердің бұлай бөлінуі жайдан жай емес. Дұрыс таңдалған тоналды крем бет бояуыңыздың ұзақ уақыт бойы сақталуын қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар терінің ұсақ кемшіліктерін жасырып, терінің сау, жұмсақ және жарқырап көрінуіне ықпал етеді.

Майлы теріге арналған тоналды кремнің құрамында абсорбенттер болу керек (мырыш, күкірт, А және В топтарының дәрумендері). Олар терінің артық май бөлуін реттеумен қатар тері ылғалының қалыпты мөлшерін сақтап тұрады.......
Кеңестер
Толық

Ерін далабы арқылы өзіңізді таныңыз

Ерін далабы арқылы өзіңіз туралы білгіңіз келе ме? Олай болса, дәл қазір қолданып жүрген ерін далабыңыздың формасына қараңыз. Төменде көрсетілген ерін далабының түрлеріне өзіңіздің далабыңызды сәйкестендіріп, таңдаңыз.

1. Конус тәрізді

Сізді бәрі жақсы көреді, айналадағы достарыңыз сіз туралы бәрін біледі. Көңіл-күйіңіз құбылмалы, сіздің ақ дегеніңіз – ақ, қара дегеніңіз – қара. Яғни, өзгелерге өз пікіріңізді дәлелдей аласыз. Оған қоса, қоршаған ортаңыздағы мұңайған көздерді тез байқайсыз, оған көмек беруге асығасыз. Себебі, көмекке зәру жанға жәрдем беру – сіздің міндетіңіз секілді. Ал әлемге қуаныш сыйлау – сіздің мақсатыңыз. ......
Кеңестер
Толық

Жаман ой жанды аздырады

Адам баласы туылған сәтке дейін, таза ақ парақтай періште болып келеді. Өмірге келгенен кейін өмірдің түрлі кезеңдері мен қиындықтары адамды құлазуға жалғыздыққа итермелейді.Соның салдарынан жаман ойлар мен үмітсіздік ұялап жанын азаптап аздыруға және соңы түрлі қиындықтарға соқтырады. Ойыңызды жаман әдеттен арылтып жақсы ойлауға тырысу үшін, психологтың көмегіне құлақ салыңыз:

Әр күннің бастауын түн кезінде жоспарлап ертеңгі күнге қадам басыңыз.
Таңды әдемі күлкіден бастаңыз.
Күніңіз жақсы өтсін десеңіз бір жақсылық жасауға тырысыңыз.
Адамдардың сізге жаман айтқан пікірін қабылдамауға тырысыңыз.
Адамдармен сөйлесу барысында, жақсы пікір айтуға тырысыңыз.
Ойыңыздағы жаман ойды арылту үшін де, спортпен айналысуға тырысыңыз.
Ренжіген болсаңыз мән бермеңіз.......
Кеңестер
Толық

Косметикасыз ақ кемшіліксіз көріну үшін

Қою қара қас, қайырылған қалың кірпік, жібектей жұмсақ шаш... «Бұларға тек қымбат косметикасыз ғана қол жеткізуге болады» деп ойлайтын аруларымыз аз емес. Десе де, ешқандай косметикасыз-ақ та кемшіліксіз көрінуге болады. Қалай екенін өзіңіз оқып көріңіз...
Бет терісінің саулығы үшін түймедақ гүлінен шай әзірлеңіз. Ол үшін 1 ас қасық түймедақ гүлін (дәріханада сатылады) термосқа салып, 1 стакан қайнаған ыстық су құйып, қақпағын жабыңыз. 30 минуттан кейін алып, сүзіп, 1 шай қасық бал қосыңыз. Дайын шайды күнделікті таңертең аш қарынға 1-2 ұрттап, емшараны 2 апта үзбей жалғастырыңыз. Түймедақ шайы жүзіңізге ерекше әр береді.......
Кеңестер
Толық

Бас ауруын дәрісіз емдеудің 8 тәсілі

Бас ауыруының түрлі себептері бар: қатты ашулану, дұрыс ұйықтамау, күйзеліс, уақытылы тамақтанбау, компьтердің алдында ұзақ отыру т.б. Ондай кездері дәріге жүгінбей-ақ, табиғи жолмен бас ауруынан қалай айығуға болады? Ол үшін төмендегі кеңестерге құлақ түріңіз.

1. Басыңыз ауырғанын сезсеңіз дереу таза бір стақан су ішіп алыңыз.

2. Басқа, мойынға, құлақтың сырғалығына массаж жасаңыз.

3. Лимон немесе бал қосылған жылы су ішіңіз.

4. Жалбыз қосылған көк шай ішіңіз.

5. Зімбір (имбирь). Зімбірден дайындалған шайды күніне 3-4 рет ішсеңіз, бас ауруынан мүлде арыла аласыз.......
Кеңестер
Толық