Бауырсақ пісірудің оңай жолы

✅ Бұл дәмді бауырсақты үйдегілерге жиі пісіріп беремін. Ингредиенттердері өте аз: ұн, құрғақ ашытқы, тұз, қант және майонез.

✅ Алдымен 1,5 ас қасық құрғақ ашытқыны жылы суға былғап, 10 минуттай көтерілуін күтеміз. Содан соң 1 кг ұнды шұңғыл ыдысқа салып, 100 грамм майонезді жақсылап араластырамыз. Үстіне 1 ас қасық қант, 1 шай қасық тұз салып, ашытқы қосылған суды құйып, илейміз.

✅ Бұл жерде ең бастысы – жылы суды мөлшермен құю. Ұн илеуді бастағанда біртіндеп суды құйып, оның тым қоймалжың болып кетпеуін қадағалау керек. Егер суды көп құйып алып, қамырыңыз сұйықтау болып кетсе, үстіне еселеп ұн салып қойылтуға тура келеді.......
Кеңестер
Толық