Балаңыз көркем сөйлеп шешен болсын десеңіз

✅ Баласының көркем сөйлеуін, шешен болуын қаламайтын ата-ана бар ма екен? Ғалымдардың пікірінше, бір жасқа толған нәрестенің тілдік қорында 7-10 сөз ғана болады. Екі жасқа толғанда сөз қоры 100-ден 200-ге дейін артады. Үш жаста бала 1,5-2 мыңнан аса сөз меңгереді. Төрт жасында 2-3 мың сөзді іркілмей сөйлеуі қажет. Бес жасқа аяқ басқанда, бала тілі ширап, қысқа ертегілерді, әңгімелерді баяндай алатын болуы керек. Сәби осы жаста анық сөйлей алмаса бұл оның сөйлеу қабілетінің кенжелеп қалғандығынан хабар береді.

✅ Зерттеу барысында 5-6 жастағы әрбір 100 баланың 65-інің тілінде ақау бар екені анықталса, мамандар бақылауындағы бір топ оқушының 20%-ы мәнерлеп сөйлей алмаған. Бұл кемшілік баланың сабақ үлгеріміне, шет тілін меңгеруіне кедергі келтіреді. Әдетте, бүлдіршіндер арасында «р» және «л» дыбыстарын айта алмайтындары көбірек кездеседі. Дер кезінде қолға алмаса, бұл проблемадан құтылу қиын. Осы кезде балаға жаңылтпаш көп көмектеседі. Отбасында балаңызбен бірге отырып, 10-15 минут жаңылтпаш айтып жаттықсаңыз жетіп жатыр.......
Кеңестер
Толық