Алла Тағала Құранда

1. Ол сондай Алла, жерді төсеп, онда асқар таулар, өзендер жаратты. Әрі онда әртүрлі жемістерден екіден жұп етті. («Раъд» сүресі, 3-аят)

2. Расында біз көкте жұлдыздар жаратып, қараушылар үшін аспанды көріктендірдік. («Хижр» сүресі, 16-аят)
3. Тағы малдарды жаратты. Әрі олардан жейсіңдер. Алла сендерге су арқылы егін, зәйтүн, құрма ағаштары, жүзімдер және бүкіл өсімдіктер өсіреді («Нахл» сүресі, 5-11-аят)

4. Алла Тағала өз жыныстарыңнан жұбайлар жаратты. Жұбайларыңнан сендерге балалар, немерелер пайда қылды. Сондай-ақ сендерді тап-таза нәрселеден ризықтандырды. Сонда да олар бос нәрселерге сеніп, Алланың нығметіне шүкірсіздік ете ме? («Нахл» сүресі, 72-аят), - деп адамдарға шүкірлік етулері үшін көптеген дәлелдер келтіреді.
Иә, Алла Тағаланың пендесіне сыйлаған игілік, ырыздығын санап біте алмайсың. Себебі, Ол – Сый берушілердің ең Ұлысы!......
Кеңестер
Толық