Алтай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Мұнартып кәрі Алтай бұлт ораған,
Алма бетін ақ қарменен сұлу тау опалаған.
Маржан таққан сәукелең шың басыңа,
Ноқат салып таспенен кербез тау шұбарланған.

Бүгін Алтай,
Жаңарғандай,
Жаңарғандай,
Ұйқысынан оянып,
Шаттанғандай,
Шаттанғанда-ай!.....
Өлеңдер
Толық