Мұқағали Мақатаев (Жалғыз көкек)

Жетімсіреп, жем іздеп балапанға,
Жалғыз көкек жүретін жаға талда.
Әлдекімді жоқтайтын күн батарда,
Әлдекімді жоқтайтын таң атарда.
Иесіз қалған, бұзылған тамға барып,
Қонушы еді, қонағын қамдап алып.
Жоқтаушы еді оңаша отырып ап,
Оқшау шетте ұясы, талда қалып. .....
Өлеңдер
Толық

Мұқағали Мақатаев (Тағы да күз тағы міне сары таңды ұзақ түн)

Тағы да күз, тағы, міне, сары таңды ұзақ түн,
Уысында тағы да мен ұйқы дейтін тұзақтың,
Ой-хой, шіркін, тағы да бір күзді, міне, ұзаттым,
Өмірімнің есейгенін сезінемін күзде мен,
Алдағыма асығамын, өткенді әсте іздемен, .....
Өлеңдер
Толық

Мұқағали Мақатаев (Шұбат пен бота)

Ac артынан,алдыға шұбат келді,
Біреу татып,біреулер сынап көрді.
«Қызылқұмның» қиылып қыз-келіні,
Шұбат емес, бір шара шуақ берді.
Ақбоз үйдің есігі айқара ашық,
Гулесуде жігіттер тайғаласып, .....
Өлеңдер
Толық

Мұқағали Мақатаев (Ұқсастық)

Босанған Ана.
Көктемде дала бусанып,
Біріне-бірі болар ма ұқсас мұншалық.
Толғатып дала,
Есен-сау Ана ұл тауып,
Бара жатады көктемнің көкшіл бұлты ауып,
Тершиді Ана,
Тершиді дала қымтанып. .....
Өлеңдер
Толық

Мұқағали Мақатаев (Көктемде)

Мына келген көктем бе?!
Сүйісуде кептерлер.
Көз ұшында, көк белде,
Түйісуде көк пен жер.
Тулап, тасыр арналар,
Нөсер құйып кеткесін.
Қыздырынып тау қалар,
Жалаңаштап көк төсін, .....
Өлеңдер
Толық

Мұқағали Мақатаев (Жоқ дәрігер)

Жүрегіме жүк артып жүргенімде,
Қажыдың ба, байғұсым, білмедім бе?
Шайпау тиіп, шаршатып кім көрінген,
Уландың ба, білмеймін кірледің бе?
Бары ақиқат бір дерттің жүрегімде,
Дәрігер-ау,арқалап жүремін бе? .....
Өлеңдер
Толық