Жайлауда

Мақсаты: Жайлау және оның орналасқан жері, ағаш үйдің құрылысымен таныстыру. Сурет бойынша әңгіме құрап өз ойын толық жеткізе білуге, жүйелі әңгімелеуге үйрету. Үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру.
Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Дамытушылығы: Оқушыларды білімділікке, сауаттылыққа баулу.
Ойлау қабілетін арттыру, тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелілігі: Туған жердің табиғатының сұлулығын сезінуге, оны аялап қорғауға, адамгершілікке, қамқорлық сезімдерге тәрбиелеу.
Көрнекілік: Жайлау суреті, киіз үйдің құрылысы, төрт түлік малдың және жабайы жануарлар суреттері, малдан алынатын өнімдер суреті.
Әдісі: Әңгімелеу, ойын, түсіндіру, сұрақ - жауап, жұмбақтар, мадақтау......
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

И дыбысы мен әрпі

Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: Сауат ашу және жазу
Сабақтың тақырыбы: И дыбысы мен әрпі
Мақсаты:
1. И дыбысы мен әрпімен таныстыру.
2. И дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасату.
Білімділік мақсаты:
1. Балаларға и дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуға үйрету.
2. Балалардың сөздік қорларын байыту.
Дамытушылық мақсаты:
1. И дыбысына қатысты жаңа сөздерді оқыту арқылы балалардың тілін дамыту.
2. Сурет бойынша әңгіме құрастырып, сөйлеуге жетелеу.
Тәрбиелік мақсаты:
1. Балалардың өз ойын еркін айтуға дағдыландыру.
2. Балаларды шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Суреттер, сөзжұмбақ, текшелер, кеспе әріптер, бейнесөз, ажырату ойыны, сергіту, жұмбақтар,.....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Бәйтерек

Ертеде бір ауылда үлкен бір қария өмір сүріпті. Бір күні қария жолға шығады. Күн қатты ыстық екен. Ұзақ жүрген соң шаршап шалдығып келе жатырса, алыстан бір теректі көреді. Осы терекке бір жетіп алсам, демалып алар едім деп, жүре - жүре талға да жетеді. Оның көлеңкесіне отырып, тынығып алады. Бір уақытта талға тіл бітеді де:- Сен, кімсің?- деп сұрайды.
- Мен бір жолға шыққан қариямын.- деп жауап береді қария - кішкене тынығып алған соң, жолға шығамын.
Сонда тал:- Менің тамырларым шөлдеп, бұтақтарым сынғалы тұр. Жолыңда су болса, келеріңде құйып кетерсіз.
- Жарайды,- деп, қария жолға шығады.
Келе жатырса, аспанды қара бұлт торлап жауын келе жатыр екен. Қария теректің бір тілегін орындайын деп: - Бұлт, бұлт, жолыңдағы терекке нөсеріңді жауа кет,- деп айқай салады.
Біраз уақыт өткен соң, қария сапарының соңында ауылына қайтып келе жатырса, бұрынғы терегі үлкен бәйтерек болыпты. Қария қатты таң қалып, қуанады. Теректің саясында аңдар көлеңкелеп, төбесінде құстар ұя салып, әндетіп жүр екен.
Мұны көрген қария терекке келіп:- Енді, сен үлкен бәйтерек болдың. Жапырағың жайқалып, тамырың тереңдеп, көлеңкең кеңейіп өсе
түс,- деп тілек тілеген екен. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық