Мағжан Жұмабаев өлеңдері жинағы

Өлең: Мағжан Жұмабаев (Оқжетпестің қиясында)

Өлең: Мағжан Жұмабаев (Оқжетпестің қиясында)

Арқада Бурабайға жер жетпейді,
Басқа жер ойды ондай тербетпейді.
Бурабайдың көлі мен Көкшетауды
Көрмесең, көкіректен шер кетпейді.
Қиясымен бұлт құшқан Оқжетпестей ....
Читать в полной версии ➜

Өлең: Мағжан Жұмабаев (Ертегі)

Өлең: Мағжан Жұмабаев (Ертегі)

Бүгін жаным өртке оранған жанға ұқсап,
Бүгін жаным тым аңсады от құшақ.
Жынды жүрек тығылады аузыма,
Тілім-тілім тілсе келіп у пышақ...
Бүгін жүрек отты қарақ іздейді,
Бүгін жүрек күшті арақ іздейді.....
Читать в полной версии ➜

Өлең: Мағжан Жұмабаев (Күннің батуы)

Өлең: Мағжан Жұмабаев (Күннің батуы)

Толқындаған дарияға
Қызарып оттай күн батар.
Жұқа, ақшыл бұлттар
Құрмет қып оны ұзатар.
Қарсыда, қара бұлттан
Қайғылы аппақ туар Ай.
Тұманды көкте жыбырлар
Жұлдыздар ұсақ ұшқындай. ....
Читать в полной версии ➜

Өлең: Мағжан Жұмабаев (Ертеңгі сәулелер)

Өлең: Мағжан Жұмабаев (Ертеңгі сәулелер)

Көкте жүзіп жарық күн,
Нұрын шаша бастады.
Оянсын деп жер жүзі,
Алтын сәуле тастады.
Бірінші сәуле ұшты да,
Бозторғайды оятты.
Сескеніп, сасып торғайың,
Жалмаң қақты қанатты.
Көтеріліп аспанға,....
Читать в полной версии ➜

Өлең: Мағжан Жұмабаев (Бала мен құс)

Өлең: Мағжан Жұмабаев (Бала мен құс)

-Жыршы құс, тілімді алып, келші мұнда,
Жасыл шөп, жасыл ағаш қалсын онда.
Қапаста жаның тыныш отырасың,
Жазы-қыс жейтін ұрық бәрі қолда.
Мен сені жан досымдай қадірлеймін,
Ерінбей, тамағыңды әзірлеймін.
Мөп-мөлдір саф күмістей, тәп-тәтті су
Күнде ерте, жалғаны жоқ: «Әзір!»- деймін. ....
Читать в полной версии ➜

Өлең: Мағжан Жұмабаев (Арабтан)

Өлең: Мағжан Жұмабаев (Арабтан)

Қаһармен қарғып, шапшып, ақырып ұмтылған,
Арыстанға қарсы шапқан ерлерің -
Барқылдаған бір төбеттен қаймығып,
Қалайша іздер таса, сая жерлерін?!
Жазғытұрым көл боп жауған жаңбырың
Жомарт ердің бергеніне жете алмас: ....
Читать в полной версии ➜