Қазақстандағы көлік жүйесі

Қазақстандағы көлік (транспорт) өте маңызды рөлге ие. Елдің үлкен аумағы (2,7 млн км²), халық тығыздығының аздығы, өндіріс және ауыл шаруашылық орталықтарының бытыраңқы орналасуы, сонымен қатар әлемдік нарықтардан алшақта орналасуы көлік жүйесінің дамуын Қазақстан үшін маңызды етуде. Қазақстандағы теміржол көлігі Қазақстан үшін теміржол көлігінің маңызы өте зор. Қазақстанда теміржол барлық жүк тасымалы айналымының – 68%- ын, ал жолаушы тасымалының 32%-ын қамтамасыз етуде. Қазақстан теміржолының ұзындығы 15 мың км-ден асады. Қазақстанның теміржол жүйесін көршілес елдермен 16 темір жол торабы байланыстырады (11-і – Ресеймен, 2-еуі – Өзбекстанмен, 1-еуі – Қырғызстанмен, 2-еуі – Қытаймен). Қазақстан мен Ресейдің теміржол жүйелері бір-бірімен тығыз байланысты. Қазақстанның көлік жүйесін дамыту стратегиясы аясында 2017 жылға дейін 1400 км теміржол жаңадан салынбақ және бұрыннан бар 2700 км темір жолды электрлендіру жоспарлануда.

Мәтіндер
Толық

Илон Маск болашаққа қалай дайындалу керектігі жайлы үш кеңес берді

Әлемге танымал кәсіпкер, инвестор әрі миллиардер Илон Маск өзінің жоспарлары туралы толығырақ айтып берді. Кәсіпкер әлем елдерінің үкіметтеріне қай мәселелерге назар аудару керектігін және басқа да мәселелер жайлы айтты. SpaceX пен Tesla-ның негізін қалаған Илон Масктың сұхбаты жақында орыс .....
Жаңалықтар | Кеңестер
Толық

Жол ережесін бұзғандарға салынатын айыппұл мөлшері (кесте)

Жаңа жылдан бастап айлық есепкіш көрсеткіштің (АЕК) мөлшері 148 теңгеге артып, 1 АЕК 2 269 теңгеге жетті. Осыған байланысты жолда жүру ережесін бұзғаны үшін салынатын айыппұл мөлшері артты, деп хабарлайды Kapital.kz.

Жаңалықтар
Толық

Ескі көліктен қалай құтыламыз?

"Темір тұлпарлар" да тозады. Ал ескі көліктерді қайткен жөн? Елімізде өткен жылдың 21 қара­шасынан бастап ескі көліктерді қабылдайтын жоба бас­тал­ғаны белгілі. Сонымен, көне көліктерді қайда, қалай өткізу керек?
Кеңестер
Толық

Жол-көлік полициясы тоқтатқанда нені білу керек?

Жол-патрульдік полициясы қызметкері сізді қандай жағдайларда тоқтатуы мүмкін? Жүргізуші құқықтарын білесіз бе? ЖПП тоқтатқан жағдайда сіз нені білу керексіз? Осы және өзге де сауалдардың жауабын ұсынамыз.

Заңдық кеңестер
Толық

Алматыда жігітінен ұсыныс күтуден шаршаған бойжеткен жүкті болғанын көлігіне жазып кетті (фото)

Алматының "Нұрлы тау" БО тұрағында ерекше жазбасы бар көлік жұртты өзіне қаратты. Онда белгісіз бойжеткен Даник есімді жігітіне аяғы ауыр екенін жазып кеткен.
Жаңалықтар
Толық