Күләш Ахметова (Таң)

Төгіл, шуақ!
Даланың көркін құрап,
Желмен ойнап желбіре, желпін, құрақ!
Жұмыр Жердің жүрегін дүрсілдетіп
Жүгіріңдер, еркін жел, еркін бұлақ!
Суы — сылқым даланың, бұлты — сылаң,
Бәрі ғажап өлкеде бұлқысын ән!
Құстар әнін тыңдатып үй тұсынан,
Алма бақтар оянсын ұйқысынан!
Таңның нұры!
Ай жүзін жасырасың.......
Өлеңдер
Толық

Күләш Ахметова (Орал кеші)

Сылдыр-сылдыр сырғалары
Жас ағаштар ырғалады.
Мөлдіреген көздеріңнен
Жүрегімде жыр қалады.
Көрсем деп ем көптен, осы
Қандай сұлу Орал кеші.
Еркелеші, кетпе деші,
«Қайтып тағы орал» деші.......
Өлеңдер
Толық

Күләш Ахметова (Шабыт)

Ірікпей, билей алмай сезім легін,
Келеді өлең жазып, көз ілмегім.
Боранда отырайын боп-боз болып,
Боздатып қара өлеңнің боз інгенін.
Қатты жел кар үйірсе бұрқыратып,
Оқысын өлеңімді жұрт ұнатып.
Өлең бе тыңдаушының жүрегіне
Жетпесе сан-сүйекті сырқыратып.......
Өлеңдер
Толық

Күләш Ахметова (Өткен ғасырда өмір сүрген ақын әйелдің айтқаны)

Тірлік, тірлік, тіріде қол босар ма?
Жағдайыңа қарайлау болмас онда.
Қөңілі түссе біздерді ақын ғой деп,
Ерлер сапқа қосады анда-санда.
Көңіл бөлсе бізге де егер ерек,
Жайқалар ек, жас талдай көгерер ек.
Еркектері мақтаншақ, жалқау қазақ,
Ақын әйел сендерге неге керек?
Жүру керек басынан азабы асып.
Мақсаты боп таза орын, таза қасық.......
Өлеңдер
Толық

Күләш Ахметова (Таңертең)

Түнгі жауын басылған да ашылған,
Таң күлкісі табиғатқа шашылған.
Таза сурет табылады қасыңнан
Дүние ашық бұлт пенен түн жасырған.
Бусанып тұр үйдің бұғат, жапсары,
Таңдағы ауа — таза иісі жақсы әрі.......
Өлеңдер
Толық

Күләш Ахметова (Түнде)

Төмен қарай түн төсімен құлапты,
Қараңғыда жатыр үнсіз сұлап қыр.
Беймезгілде жауған жаңбыр астында
Қарағайдың бұтақтары жылап тұр.......
Өлеңдер
Толық

Күләш Ахметова (Әпке)

Есімде жас күндерім...
Сіз едіңіз елдегі тамаша қыз.
Ететін атыңызды
Талас аңыз.
Ілесіп кететіндей еді жігіт,
Бұрылып жай ғана сіз қарасаңыз.
Біреулер қол соза алмай, қалса арманда,
Біреулер асығатын қарсы алғанға.
Тыңдайтын
Талас бойы түгел ұйып
Әпке, сіз сызылтып бір ән салғанда.......
Өлеңдер
Толық

Күләш Ахметова (Түпкі ой)

Мен сені жақсы көрем, қызым, өрен,
Өзіңсің өмірдегі қызық өлең,
Ашылып, не ыңғайсыз жатыр ма деп,
Қараймын түнде тұрып жүзіңе мен.
Нәзіксің, бар салмағың гүлдей-ақ қой,
Тағы да мені жеті түнде оятты ой.
Уыздай аппақ жүзің қандай тыныш,
Ұйықтай ғой, мен оянсам, білмей-ақ қой.
Ойлаймын біздер және сен туралы,
Белгісіз алда қандай жол тұрғаны.......
Өлеңдер
Толық

Күләш Ахметова (Ескі жұртта)

Жол түседі төмен қарай дөңестен,
Өткен өмір...
Шығардық біз оны естен.
Бір кездегі түйе жүрген жерлерде
Түйдек-түйдек түйе жапырақ шөп ескен.
Қақталады қалған ескі қалайы,
Құс сайрайды, болар, бәлкім, бал айы.
Жабайы өмір —
Табиғаттың анасы,
Ескі жұртта — шөп те,
Құс та
Жабайы!......
Өлеңдер
Толық