Күләш Ахметова (Қара теңізде)

Мына әлемде мазасыздық ұлғайған
Сен де тулап жатырсың ба түрлі ойдан?
Қаратауды түсірдің ғой есіме,
Қара теңіз, есіміңді кім қойған?
Шаншыласың көкке суды жарып тік,
Шамырқанып шашырайсың, жарықтық!
Екеуіңе қара деген сөз ортақ,
Ортақ сосын сұстылық пен алыптық.......
Өлеңдер
Толық