Ғабиден Қожахмет | Болашаққа бет алды білімді ұрпақ


(Ата-ананың мектепке алғыс тілегі)

Құрметті ұстаздар, түлектер және ата-аналар! Ең алдымен барлығыңызды да бүгінгі мерекелі күнмен құттықтап қоюға рұқсат етіңіздер!

Мінеки, араға жылдар легін салып, кеше ғана бүлдіршін болып мектеп табалдырығын аттаған біздің ұл-қыздарымызды жүйрік уақыт түлек етіп ұясынан ұшырғалы отыр. Мектеп қашанда жақсылық пен ізгіліктің, парасаттылық пен руханиятқа толы ойдың, таным мен тәрбиелі істердің ордасы болған. Біздің перзенттеріміз де осында өткізген оқушылық өмірлерінде осындай ұлағатты істердің ұшқынын бойына сіңірді, тәлімімен жүрегін суарды, байыпты бағдарын бағыт етіп ұстанды, біліми көкжиегін бойына дарытты. Біз әр сәт, әр жылдар сайын олардың бойындағы осынау өміршең өзгерістерді байқап, олармен бірге қуандық, бірге мақтандық. Енді оларды өздерінің асыл ұясы - мектебі түлек етіп ұшырғалы отырған күннің де куәсі болдық. Бойымызды тағы да ата-ана ретінде мақтаныш сезімі кернеп отыр. Бұл үшін мектеп анаға мың алғыс!
.....
Әңгімелер
Толық

Сүлеймен Баязитов | Оқшау ойда ой салар тұстар көп

Жүрдек қаламды сергек ойлы журналистер қашанда кез келген газеттің айдынын асырып, абыройын асқақтатқан. Бұл кеше де, бүгін де солай. Солай болып қала да бермек.

Тек кеше газеттегі билік басындағылар қарамағындағы қалам ұстаған жас журналистерге: «Сендер газеттің партиялық орган екенін, цензура барын неге ұмытасыңдар осы»,­ – деп тілші байғұстың айтпақ ойын өзінше шұбарлап, бірін- бірі сәулелендіріп тұрған сөз тіркестерін сызып тастайтын.

Әдеби тіл, көркем ой, олардың бағамдауларынша, сол кездегі «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде ғана орын алуға хақылы болатын. Бұл күнде сол тәртіп келмеске кеткен. Оған біз өзіміздің «Сарыарқа самалы» газетінің әр санында тұрақты берілетін «Оқшау ой» және де басқа да айдарларындағы материалдарды оқу арқылы көз жеткізіп отырмыз. .....
Әңгімелер
Толық

Бахыт Жанахметова | Триединство языков в Казахстане

Нашей стране нужны граждане, унаследовавшие от предков и впитавшие в себя чувство горячей любви к отчей земле и родному народу, которые бы беззаветно служили нашему независимому государству, обладали эрудицией и широтой мышления, были глубоко и разносторонне образованы, находчивы и сообразительны, смелы и ответственны, здоровы физически и нравственно.

Н. Назарбаев

Любая страна стремится выйти на передовые позиции в мире, улучшить свой потенциал, повысить уровень экономики, промышленности, свой политический статус. Наша страна с получением Независимости поставила перед собой цель – это укрепить международные связи, наладить сотрудничество со стратегическими партнерами, выйти на мировой рынок , стать конкурентоспособным государством среди других государств. Добиться всего этого мы сможем, если повысим качество знаний до уровня мировых стандартов. .....
Әңгімелер
Толық

Сүлеймен Баязитов | Ар соты алдында Балаңыз кітап

(Баллада)

-Варвара,- деді әйел,- менің атым

-Ал сенің?

-Ынтызар.

-Қиын екен тіптен атың

Жә, жарар,

Сені мен Иван дейін.

Түкте жоқ, -деді сонсоң таң қалатын.

Сен –Иван,

Мен- Варвара жарасып тұр,

Сен менің мазамды алып жылама құр.

Сөзіңе айтқан сенің сенбес едім,

Көзіме түспегенде арба құрғыр.

Қырық жыл жалғыз тұрам нанасың ба?

Күйеуім ерте қайтты науқас еді.

Қалмады артында бір баласы да,

Колхоздың бақшасын күтем баптап,

Қысы- қатал бұл өңір, жазы- аптап.

Жыл бойы осы жерде тұрып жатам,

Келемін әзір аман құдай сақтап.

Тірі жан аяқ баспайт қыста мұнда,

Жылдай ұзақ қыс түні батам мұңға.

Таң ата қойма жаққа бет аламын,

«А как же бас- көз өзің бар тұқымға»

Дегенін бригадирдің ел біледі,

Балақай, танып қойғын сен де мені.

Варвара осы әзілді әдейі айтқан?

Бала мәз боп күлед деп сенген еді.

Ал бала: «Мамам қайда, неге ол келмейді?»- .....
Әңгімелер
Толық

Емле ережесінің негізі дыбыстық жүйенің дұрыстығы


Сауатты жазу мәселесі тіл ғылымы саласында ауық-ауық шешімін іздеп тұратыны белгілі. Емле ережеміздің бекітіп берген қағидалары заман өзгерген сайын қолданыстағы әрекеттер барысында кереғарлық үдерісіне ұшырап жатады. Кейде оларды «орфоэпиялық заңдылықтарымыз» мойындамай қояды. Осыған орай, мерзімді баспасөз беттерінде біріккен сөздердің жазылуы, сөз тіркестерінің жазылуы, қосымшалардың дұрыс жалғануы, кейбір түбір сөздердің жазылуы төңірегінде ұсыныстар мен ескертпелер жарияланып тұрады. Ғалымдар ғылыми жол іздейді, жазушылар тіл тазалығын қорғайды, оқырман қауымы қолдану ерекшелігін негізге алады. Бәрінің мақсаты – ана тіліміздің ұлттық сипатын ұлықтау. Емленің екшелуі қателікті табудан емес, сол қателіктің орнына дұрыс ұсыныс айтумен ғана жүзеге асады. Қысқарған сөздерге жалғанатын қосымша соңғы сөздің толық нұсқасындағы соңғы дыбысқа байланысты жалғанады дейтіндер ҚазҰУ-нің деп жазады да, қысқарған соңғы дыбыстың айтылуына байланысты жалғайтындар ҚазҰУ–дың деп жазады. Бұл екі түрлі нұсқа басылым беттерінде қатар қолданылып келеді. Бұлардың екіншісі дұрыс нұсқа екендігіне бір ғана АҚШ қысқарған сөзіне қосымша жалғау арқылы көз жеткізуге болады. Егер бірінші қағида бойынша жазсақ – АҚШ-ның (Америка Құрама Штатының), ал екіншісі бойынша АҚШ-тың. Егер бұл ұсынысқа келіспейтіндер болса, қосымшаның басқа түрін жалғап көрсетіңіз: ҚазҰУ-не әлде ҚазҰУ-ға, АҚШ-на әлде АҚШ-қа. Дұрысы – соңғы қысқарған сөздің бас әрпінің айтылуына қарай қосымша жалғау. Біріккен сөздердің жазылуындағы әралуандық та бірізділік сипат ала алмай келеді. Бұл күрделі атаулардың біріккен тұсындағы қатар келген екі дауыстының біріншісі айтылмайтындықтан кейде оны түсіріп жазамыз да, кейде екі дауыстыны да қатар жазамыз: Сарыарқа, Жанұзақ (Жаныұзақ) Қараой, Ұлмекен (Ұл ма екен). Әрине, кез келген тұлғаның негізге алатыны – Орфографиялық сөздік. Сөздікте дәл осылай берілген. Ережесі кейбір жалқы есімдердің осылай жазылатыны турасында ғана. Егер біріккен сөздердің қатар келген екі дауыстысы «қысаң – ашық» тұлғасында келсе, екеуі де жазылып, «ашық – ашық» тұлғасында келсе, алғашқысы түсіріліп жазылады десек, емлеміз ережеден ақсай қоймас еді. Ереженің құрамына кейбір деген сөз қосылса, ол қағида ережелік сипатынан айырылады. Көріп отырғанымыздай, сөздердің дұрыс жазылуы морфологиялық салада көрініс тапқанмен (қосымшаның жазылуы, .....
Әңгімелер
Толық

Сүлеймен Баязитов | Әнші Шақтай Айдындағы аққулар

Көршіміз, Шақтай ақсақал,әлдене толы көнетоз сөмкесін арбаға салып жатып шешеме:

— Бәйбіше, ақсақалың бүгін түске қарай келіп қалар,- деп ескертті.

— Өзіңіз жол жүріп...

— Иә, жұмыс қой фермаларға барамын,- деп арбасына отырып, қыр асып бара жатты. Араға 3-4 күн салып оралды. Ал бұл тұста Қатынкөлге жайлауға көшіп келген құлағалы тұрған балағандарға жайғасқан. Қойлы ауылдың адамдары кәдімгідей-ақ ен жайлауда серпіліп, сергіп қалғандай еді. Әкем кешкі шай үстінде: «Шақаң ертең қозы суарам дейді. Сен де көмектес»,- деген.

Ертеңгісінде құлқын сәріден ауылдың үлкендері де, кішілері де осында еді. Тек олардың арасында Шақаң көрінбеді. Бірер сағаттан соң қозыларды бөліп те болдық. Отар өріске беттеді. Қойлар да, қозылар да жақ жаппай маңырап, айнала төңіректі азан-қазан етіп жіберді. Ауыл әйелдерінің бірі Шақаңа хабар салуға кетті. Әлден соң әлгі әйел екі шелекке құйылған суға араласқан дәріні алып, Шақаңды ертіп келді. .....
Әңгімелер
Толық

Жүсіпбек Аймауытов | Жазу мәселесі туралы соңғы сөз


Алдымыздағы шілденің 10-­ында болатын білімпаздар тобының қарсанында мүддемізді айтып қалайық.

«Еңбекшіл қазақтың» 154­-санында емле туралы. 178, 179- ­ыншы сандарында қаріп туралы менің жобаларым басылды. 159, 161, 162, 164, 195-­інші сандарында Елдестің қарсы дауы басылды. Елдес көп жазды. Балаға сабақ бергендей, «қазақ тілінде пәлен дыбыс бар, оның пәленше таңбасы бар...» деп, жұртты сендіре, өзгені пайдасына, қазақ тілінін бел баласы өзі тәріздене жазды. Мұндай зор мәселені қара борандатып, соқыр сезімге беріліп, қызуланып тексеру ағат. Бұл салқын ақыл, саналы ой керек қылатын мәселе. Кеп біреуді түйреуде емес, мәселенің дұрыс шешілуінде.

Жазу мәселесінде айтыстың шиеленіп, ауыр болуына зор себеп бар. Емлеге әркім әр жақтан, әртүрлі қарайды. Біреу тілдің тарихынан, біреу нағыз грамматика жағынан, біреу естілу (фонетика) жағынан, енді біреулер іс жүзінде қолайлы, жеңілдік келу жағынан қарап шешпек болады. .....
Әңгімелер
Толық

Жүсіпбек Аймауытов | Жазу мәселесі туралы соңғы сөз

Алдымыздағы шілденің 10-­ында болатын білімпаздар тобының қарсанында мүддемізді айтып қалайық.

«Еңбекшіл қазақтың» 154­-санында емле туралы. 178, 179- ­ыншы сандарында қаріп туралы менің жобаларым басылды. 159, 161, 162, 164, 195-­інші сандарында Елдестің қарсы дауы басылды. Елдес көп жазды. Балаға сабақ бергендей, «қазақ тілінде пәлен дыбыс бар, оның пәленше таңбасы бар...» деп, жұртты сендіре, өзгені пайдасына, қазақ тілінін бел баласы өзі тәріздене жазды. Мұндай зор мәселені қара борандатып, соқыр сезімге беріліп, қызуланып тексеру ағат. Бұл салқын ақыл, саналы ой керек қылатын мәселе. Кеп біреуді түйреуде емес, мәселенің дұрыс шешілуінде.

Жазу мәселесінде айтыстың шиеленіп, ауыр болуына зор себеп бар. Емлеге әркім әр жақтан, әртүрлі қарайды. Біреу тілдің тарихынан, біреу нағыз грамматика жағынан, біреу естілу (фонетика) жағынан, енді біреулер іс жүзінде қолайлы, жеңілдік келу жағынан қарап шешпек болады. Сонымен әркім .....
Әңгімелер
Толық

Махамбетәлиева Зере | Ел болам десең экраныңды түзе


Күнделікті күйбең тіршіліктен бір сәтке болсын жеңілдеу мақсатында көпшілігіміз көк жәшіктің көріне қамалып қалатынымыз бар.Түрлі қызықты бағдарламалар мен телесериалдарды көргенде уақыттың қалай зымырап өткенін де аңғармай қаласың.Құдды есірткіге тәуелді адам құсап,теледидарға қалай тәуелді болып қалғанымызды өзімізде білмей жатамыз.Иә,қызығы қызық шығар.Әйтсе де,теледидар жаңалықтың жаршысы екендігін естен шығармағандығымыз абзал.Дүкеннен өзімізге керек затты алған секілді,көк жәшіктің тек пайдалы жағын ғана алуымыз қажет.Әйтпесе,қайдағы жоқ жарнамалар мен пайдасынан зияны көп бағдарламалар зығырданыңды қайнатады.Бүгінде теледидар бүкіл әлемнің,бүкіл адамзаттың күнделікті бір бөлігіне айналды.Кішкентай балақайлардан,еңкейген қартқа дейін теледидардан көз алмай қажетін тауып,тамашалайды.Әрбір үйдің төрінен ойып тұрып орын алатын көгілдір экранның бейнесі жарқ-жұрқ еткен сәулелерімен дүйім жұртты қызықтырары анық.Бірақ,сол қызыққа (құмар ойынға құмартқан ағаларымыз секілді) әйтеуір алып-ұшып құмартамызда тұрамыз.Ол не пәлекет десеңші!?

.....
Әңгімелер
Толық

Назерке Ибадуллаева Менің мамандығым менің өмірім

Əрбір мектеп бітіруші түлектің ойында жауабы бұлыңғыр мыңдаған сұрақ тұрады. "ҰБТ-ға қаншалықты дайынмын?", "Ата-анамның маған артқан үміті ақталар ма екен?", "Болашақта қандай мамандық иесі боламын?", "Оның еліме, өзіме тигізер пайдасы қандай болмақ?" деген сансыз сауалдың менің де ой-санамды шырмағанына аз болған жоқ. Осылай ой жетегінде жүргенде, уақыттың қалай зымырап өткенін де байқамай қаласың." Нар тəуекел!" деп, бір мамандықты таңдайсың. Ол ата-анаңның не достарыңның айтқаны емес, өз жүрек қалауың болмақ! Барлық жас түлек өз мамандығын жүрек қалауымен таңдайды десек, артық айтқан болармыз. Алайда менің жүрегімнің қалауы болашағымның адастырмас қазығына айналарына сенемін.

Бүлдіршін шақта көпшілігіміз ұстаз болуды армандаймыз. Бірінші сыныпқа келген балақандарға əліпби үйретіп, қолына қалам ұстатып, жазуға баулуды бақыт санайсың. Алайда жоғары сыныпқа келген шақта, неге екені белгісіз, ол ойыңнан қайтасың да, мүлдем басқа салада қызмет атқаруды жөн көре бастайсың. Ойланып жүргенде, бұл мəселеге ата-анаң да кірісіп, қолдау көрсетіп, қажет болса, нұсқау да беруге дайын екенін білдіреді. Алайда менің ата-анам мамандық таңдау мүмкіндігін өз еркіме қалдырды. Оған өзім іштей мəз боламын. Еркін болғанға не жетсін!

.....
Әңгімелер
Толық