Қуандық Шамахайұлы - Кішкентай адам

Ірі мекеменің қарауындағы бір шағын ғана орталықты басқаратын Кішкентай Адам үйіне барып түстенген соң жұмысына қарай жетіп алмақшы болып, автобусқа жайғасқаны сол еді, қалтасындағы телефоны безілдеп қоя берді. Хабарласып тұрған хатшысы болса керек. Орталық деген аты ғана болмаса, онда бар-жоғы екі-ақ адам бар. Бірі – өзі, екіншісі – компьютерде мәтін теретін бір жас қыз және қабырғасы бір есікпен ғана бөлінетін табыттай тар екі бөлме. Төр жағында өзі, есік аузында хатшысы жайғасқан. Соған қарамастан, аты дардай. «Ұлы дала мұраларын бүгіншілеп тану орталығы» деп аталады. Орталықтың басшысы...
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Селода тұрады екенсің


Бағана басында сөйлеп тұрған үлкен радио "Қазалыдан сөйлеп тұрмыз. Жергілікті уақыт..." дей берген кезде, ойнап жатқан кішкентай балалардың шуылы сол сәт тына қалып, бір-біріне: "Тұра тұрыңдар! Тұра тұрыңдаршы! Қазалыдан сөйлеп жатыр!" деп тоқтау сала бастайтын еді. Әлгі радионың ішінде сөйлеп тұрған диктордың даусы кәсіби дикторлардың даусынан бірде-бір кем емес еді. Бұл дауысты естіген жандар мұны мойындаған.

Әшейінде апалары шақырғанда, ойыннан естімей қалып жататын балалардың осылай тына қалуына диктордың даусының кәсіби дикторлардың даусына ұқсайтындығы немесе радионың Қазалыдан сөйлеп тұрғандығы да себепші емес, олар қазір тура бір майдан хабарын тыңдағалы жатқандай, өз ауылдарының егін жинаудан нешінші орында келе жатқандығын білгісі келіп тұр. Өйткені осыған байланысты мәліметті дәл қазір ана радиода сөйлеп тұрған дауыс оқитындығын олар жақсы біледі. Енді радиодан бір сәт лекітіп барып, екпінге толы күйдің даусы төгіліп шығады да, .....
Әңгімелер
Толық

Сүлеймен Баязитов | Шәкен ағаға риза еді

Апыр-ай десеңші, алты ай қыс, алты ай жаз, лүп еткен желсіз, қақырата соғар қара дауылсыз, азынаған ақ түтек борансыз күн кешіп жатқандары мынау. Казармадан шыға қалса маңдайына тіреліп, көз алдына керілген көк пердесін көлденең тартқан қалың орман. Сол орманның арасында өмір сүру көкжиекпен астасып жатқандай көрінетін байтақ қырда кіндік кесіп, саф ауасымен көкірек кере дем алып, ұлылы-кішілі төбелер мен тауларға өрмелеп өскен айдын шалқарға қаз қонып, үйрек ұшқан.

Айдындардың еркесі, аққу, аялдаған көлдерге өзендерге шомылып, ат құлағында ойнап, еркін өскен қыр баласы сол байтағын, қалай сағынбасын, қалай аңсамасын? Талай түндерде кірпік ілмей, сол далаға деген сағыныш бесігінде тербелгені де күні кеше. Сондықтан да болар ол қазақ киностудиясы жарыққа шығарған фильмді көруге асығып ынтығып отыр. Фильм басталмастан бұрын бұл туралы полк командирінің саяси жұмысы жөніндегі орынбасары (бұдан әрі командирдің орынбасары): « Бүгін сіздер қалыптасқан дәстүр бойынша айына бір рет көрсетілетін одақтас республикалардың бірінің кинофильмін көресіздер. Кезек – Қазақстандікі. «Алдар көсе» фильмінікі», – деген еді. .....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Жас жұбайлардың анасы


Ана ауыр науқасқа шалдыққан еді. Төсек тартып жатып қалған. Осы кезде оның жалғыз ұлы үйленді. Ана өз өмірінде бұл тойды асыға күткен еді. Онда үнемі өзін тойдың ортасында мәре-сәре боп жүгіріп жүрген қалпында елестететін. Бірақ анаға қазіргі сәтте ауыр науқасы бұған мүмкіндік бермеді. Оның орнына тойда сіңлілері жүгіріп жүрді ғой. Сонда да ана төсегінде жатып алып, ұлының үйленіп жатқандығына қуанып жатты.

Той да өтті. Адамдар тарап кетті. Тек ананың жанында кеше ғана үйленген жас жұбайлар қалды. Жастар үнемі ас ішетін мезгіл болғанда, ананы да өздерімен бірге ас ішуге шақыратын еді. Бірақ ана оған жарамайды ғой. Дегенмен үнемі: "Мені өздеріңнің ас ішкелі жатқан бөлмелеріңе апарып жатқызыңдаршы, - дейтін ана. - Мен сендердің қатар отырып ас ішіп отырғандарыңды көріп жатқым келеді".
.....
Әңгімелер
Толық

Сүлеймен Баязитов | Ағзамның ақыр заманы

(Сықақ)

-Аздап ішеді айыбы,

-Әйтпесе...

-Деп күрісінетін зайыбы.

Соңғы күндері Ағзамды

Танымай қалды.

Сап тыйып жүз грамды,

Құран кәрімді қолына алды.

Төр алдында жүгініп,

Белі бүгіліп,

Еріндері жыбырлап.

Кейде көзі жұмылып отырғаны.

Жүзінен өткеніне опынғаны сезіледі.

Түн баласында жайнамазға жайғасып,

Таң атқанда көз іледі.

-Дәл мендей мінажат етпес сопы - дағы

Шамалы ма, дерсің оқығаны.

Оқыса да,

Не керең, не соқыр - дағы.

Әйтпесе ақыр заман болады дегенде,

Неге шошынады,

Әлгі молда біткен осындағы?

-Деп тамағын кенеген

Ағзам отырғандарға қарады.

- Тақсыр, сонда жинаған мал - мүлік

Кімге қалады?

- Деп сойдақ шал тіл қатқан.

Ағзам айтарын айта салмай, бірден

Бір мүләйім күйге кірген.

Сонан соң орағытып әріден:

- Қорықпаған бір Алланың кәрінен.

Қозғалақтап ырғалып.

- Құр қалмақшы бәрінен,

Ең бастысы, Иманнан

Пайда жоқ дүние жиғаннан.

Жұмаққа кірмекші өз жанын өзі

Қиған жан.

Өртеңдер мал-мүлікті

Ақыр заман...

-Дей бергені сол еді.

-Кім қашан өледі,

Ақыр заман қашан, қалай келеді,

Оны бір Алла біледі,-

Деп ақырғанда әлдекім

Әйелінің құм болып жігері.

Еңіреп жылап жіберді.

Онсыз да әрең шыдап жүр еді.

-Ақырзаман болад деп,

Мал - қораға ілдіріп қара құлыпты,

Істеп жүрген жұмысын тастап,

Жан-жақтағы балаларын шақыртып,

Жұмыстарын тастатыпты бақырып.

Бір жосын қылық бастап:

-Өлсек, бірге өлеміз.

Ақырзаманды бірге көреміз,

-Дегенді желеу етіп.

Тұрмысы күннен - күнге кері кетіп,

Құруға шақ қалған.

Есік қаққалы тұр деген ақырзаманы

Есік түгілі тесіктен сығаламай...

-Әуелден – ақ жарым ес ең

Ақылың шамалы,

-Деп әйелі, бала - шағасының

Сол сәтте жалтырады табаны,

Жоққа сеніп барынан айырылған-ды.

Кей жандарға не шара?!

Жаңбыр жаумай су болған

Аз емес - ау бейшара.

Тұманданар ақыл - есі, жігері,

Азаматтың ада болса айбыны.

Сүлеймен Баязитов .....
Әңгімелер
Толық

Сисекенов Н | Бақытты болуыңыздың кепілі


Кім болмасын бұл бес күндік өмірде бақытты болуды армандайды, сол жолға, сол қуанышқа, сол сәтке жетуге асығады. Кей жағдайларда адамдар өздеріміз қолымыз жетпейтін айға ұмтылып, басымыздағы бағымыздан айырылып, қолымыздағы барымызды бағаламай жатамыз. Әрине, бұның барлығы өмір. Біреу бақытты отбасым, жұмысым, елім, халқым, дос – туысқандарым деп есептесе, енді біреулер басқаша, өз өмірінің мәні санайтын заттармен елестетіп, соларды бақыт санап жатады. Бақыт – бұл әрбір қуанышты сәттердің қосындысы, жинақталуынан тұрады.

Өмір – бұл адамға бір – ақ рет берілетін баға жетпес сыйлық. Енді осы жерде талай заманнан бері адамдарды ойландырып келе жатқан Мен кіммін? Қайда барамын? Қайдан келдім? Не мақсатпен жүрмін? Түбінде не істеуім керек? деген сұрақтар тууы хақ. Менің ойымша, бұл сұрақтардың жауабын әр адам өз ішінен табады. .....
Әңгімелер
Толық

Балалар арасындағы қызғаныштың 8 себебі

Қызғану сезімі барлық адамның жаратылысында бар, одан ешкім толығымен бас тарта алмайды. Бұл сезімнің адам өміріне қосар үлесі көп. Дегенмен де, қызғаныш шектен тыс болған жағдайда өмірді қиындатып жібереді. Ал, егер қызғанушы кішкентай бала болса, өмір одан ары қиындай түседі... Балаларда қызғану сезімі, шамамен, 2 жасында басталады.

Негізінде, ата-ананың ұстанымдары мен баланың сыртта көрген көріністері баланы қызғанышқа итермелейді. Яғни, баланың өз бауырын қызғануына үлкендер өзіміз себеп болып жатамыз. Қазір сол себептерді тізбектеп, санап көрсек:

1. Әке-шешенің балалары арасында теңдік орнатуға тырысуы бауырлар арасында қызғаныштың басталуына себеп болады. Негізінде, әке-шеше балалар арасында теңдік орнатуға емес, әділдік орнатуға тырысуы қажет. Өйткені, әрбір баланың жаратылысы әртүрлі болуымен қатар, дүниеге келу уақыты да әртүрлі. Осы өзгешеліктерге мән бермей, екеуіне де тең қарау, екеуінің біреуіне әділетсіздік жасау болып табылады.

2. Әке-шешесінің өзіне әділетсіз әрекет еткенін сезген бала оларға деген сенімін жоғалтса, бұл сенімсіздігі оның қызғанышына себеп болады.

3. Тұңғыш балаға бұрыннан бері ие болған мәртебесін жоғалтпағанын көрсету керек. Әйтпесе, кішкентай бауыры дүниеге келген кезде тұңғышы алаңдайды және «анасы кішкентай бауырына көбірек көңіл бөліп, өзін бұрынғыдан аз жақсы көре бастады» деп қайғырады. Бұл жағдай баланың қызғанышын туындатып, бауырына күш қолдануға дейін апаруы мүмкін. .....
Әңгімелер
Толық

Сүлеймен Баязитов | Садықбек Адамбековке


Садықбек аға, өзіңді сағынад көзі көргендер,

Көрмесе де сөзіңнен маржан тергендер.

Сатираның сарбазы соңыңыздан ергендер,

Бүгінгі сұр мергендер.

Удай еді тіліңіз,

Әйтсе де бір мініңіз-

Парақорларға жақпаушы ең.

Жатып- ішер жалқауды,

Ашық ауыз аңқауды,

Ұры менен қарыны,

Жерді сызған қарыны

Жемқорларды қақтаушы ең.

Шыңғыртып сатира отына,

Салушы ең ардың сотына.

Олар да қарап қалмайтын,

Жағаңызды қармайтын,

Сақалыңызды талдайтын, .....
Әңгімелер
Толық

Асел Бимырзаева | Өзіңде өткен балдәурен


(ойтолғақ)

Шіркін, ауылдың қыстауын, жаз жайлауын айтсайшы. Қаладағы машиналар мен зауыттардың будақтаған түтіне тұншыққан ауасынан жусан иісі аңқыған ауылым артық. Иә, мен ауылдың таза ауасын,ағарғанның дауасын, сылдырап аққан бұлағын, жағасында жайқалып өскен құрағын, қырында қашқан қу түлкісін, әпкелерім мен жеңгелерімнің күміс күлкісін, әке мен ағаның қадір-қасиетін сезініп, бар жақсылығын бойыма жиып өстім.

Әлі есімде, апам қалаға барып келген сайын айтатын: «Жүрегім қысылып келдім, ауасы басымды ауыртты», - деп. Ал мен болсам түсінбейтінмін. Неге? Неге ылғи апам қалаға барып, шаршап-шалдығып келеді деп ойлаушы ем. Бірде сәті түсіп мені апам қаладағы ағамның үйіне жіберді. Қалаға баратын автобусқа мінген сәттен-ақ бір түрлі,ауылға деген қимас сезімім оянғандай болды. Қаладағы ағамның үйіне де жеттім. Мүлдем басқаша, тіпті қала тұрғыны мен дала тұрғынының арасында үлкен айырмашылық бар екен. .....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | 80 жылдардағы ұстаздар

Фото: Архивті фото

«80-жылдардағы ұстаздар» дегенде сол жылдардың ішінде өзімізге сабақ беріп жүрген ұстаздардың бір легі туралы оқушылық көзқараспен айтылып отыр.

Ұстаздар

I. Байманова Айнаш апай. №25 мектептің математика пәнінің мұғалімі. 4-сыныптан 10-сыныпқа дейін сабақ берген ұстаз. Жалпы, Айнаш апайды білетін орта ол кісіні ұлағатты жан ретінде таниды. Ол кісінің алдыңғы буын шәкірттері туралы көп айтылады. Бірде ұстазды сол алдыңғы буын шәкірттері – ұлдары мектепке іздеп келген еді. Өздерінің қалаулары сол болды ма екен, ұстаз оларды да сабағына қатыстырды. Олар үлкен жігіттер болатын. Оларды осы сыныптағы інілерінің жандарына отырғызып қойды. Олар да балалармен бірге сабақ оқыды, балалармен бірге есеп шығарды. .....
Әңгімелер
Толық