Экономика | Қаржылық есеп беру құрамы мен элементтері

Кіріспе
Жылдам шешім қабылдаудың негізі – толық және маңызды ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. Бұған есепке алу мен есеп беру арқылы қол жеткізіледі.
Есеп беру дегеніміз – меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметін және ұйымдық-құқықтық мәртебесін кешенді түрде сипаттайтын жиынтық көрсеткіштер жүйесі.
Берілетін есептің деректеріне жабдықтаушылар, бәсекелестер, қазіргі және келешектегі инвесторлар. Қызметкерлер сондай-ақ министрліктер, ведомстволар, қалың көпшілік мүдделі. Қаржылық есепте инвестициялық саясат ұсынуға және несие беру жөнінде шешім қабылдауға, болашақтағы ақша ағынын бағалауға, кәсіпорындардың ресурстары мен міндеттемелерін және оның басшы органдарының қызметін сараптауға қажетті ақпарат жинақталады.
Үкімет пен оның органдары берілген есеп ақпаратын сол кәсіпорынға қатысты экономикалық саясат пен салық шараларын белгілеу үшін пайдаланады.Оларға сондай-ақ субъектілер қызметін ретке келтіріп, салық салу саясатын жүзеге асыру үшін және табыстарды кіріске алу мен әр алуан статистикалық деректердің негізі үшін мәліметтер керек.....
Курстық жұмыстар
Толық