Қазақ әдебиеті | Қожа Ахмет Яссауидің шығармалары

Кіріспе.
Қожа Ахмет Яссауи Ибраһимұлы ибн Махмұт (1104-1167) XII ғасырда Түркістан маңындағы Сайрам жерінде дүниеге келген көрнекті ақын. Түркістан X—XI ғасырларда Шауғар, XII—XIV ғасырлар арасында Ясы, ал XIV ғасырдан Түркістан деп аталған. Осы күнгі Сайрам жерінде Қожа Ахмет Яссауидің әкесі Ибраһим мен анасы Қарашаштың екі ағасы Латиф пен Мүстафақұлының мазары болған. Жасында атадан жетім калған Қожа Ахмет Яссауи Түркістандағы (Шәуілдір) апасының қолында өсіп жетіледі. Балалық шағынан ғылымға, білімге деген құштарлығы оянып, болашақ ақын Бұхар шаһарындағы мадан атты софыдан діни оқу үйренген. Хамадан Мервтегі селжүк сұлтандарымен тығыз байланысты болған. Одан иршат алған Ахмет Түркістан жеріне оралып, софылық кәсіпке түседі. Қазақ арасындағы кейбір аныздарда Ахметтің атасы Фатимадан тараған қожа, араб деп көрсетеді. Осы негізде оның тегін Ысқақбаптан таратушылары жоқ емес. Өзінің бесінші хикмет сөзінде ақын: «Затты ұлық қожам, сағынып келдім сені» дейді. Бірақ мұнымен Қожа Ахметті араб акыны деп дәлелдеуге болмаса керек. Оның сыйынып отырғаны — Арыстанбап. Жасында Ахметтің осы Арыстанбап тәрбиесінде болғаны туралы да деректер бар. Акынның Сайрам өлкесінде өскендігінде күмән жок. Ел аузында сақталған бір аңызда, оның әкесі Ибраһим Сайрамда егін салады екен. Бір күні егіннің отағын отап жатса, баласы келіп бір ауыз дұғамен отақ атаулыны жоқ кылыпты. Ахмет Түркістанға келіп асасын жерге шаншып қойса, сол жерден бұлак көзі ашылып, егіншілік кәсіпке жағдай туады екен.....
Курстық жұмыстар
Толық