Тарих | Қазақ қоғамындағы батырлар мен билердің рөлі

Үш ұлы би тарихтың дәл мұндай тар өткелінде бірліктен қалған жұрттың Тірліктен де үміті үзілетінін ашық көрсетті. Қазақ батырларына үш жүзге сауын айтқызып, халықты алқалы жиынға шақырған да сол ұлы бабаларымыз
болатын. Үш ұлы бабамыздың даналығы, даралығы, міне осындай қысталаң шақта ерекше білінді. Олар елдің ертеңін дәл болжап, ұрпақты сақтап қалудың, туып-өскен жерді сақтап қалудың жолында асқан кемеңгерлік көрсетті.
Міне, осы сияқты бір мақсат жолында бірге күрескен он сегізінші ғасырда өмір сүрген үш ұлы бидің өмірінен бүгінде біз алатын тағылым толып жатыр. Үш ұлы бабамыз сонау бір қилы кезеңде осы Ордабасының биігіне шығып,
терістіктегі Арыс пен Бөгенге, күншығыстағы Қазығұртқа, Арқа жақтан мұнартқан Қаратауға қарап тұрып, ел бірлігі, халық ынтымағы туралы кезек-кезек ой толғаған екен. Кейін айбынды Абылай хан, Қабанбай, Жәнібек,
Наурызбай, Райымбек, Есет, Бөгенбайлардай талай-талай мықты білек, түкті жүрек батырлар сонда айтылған армандарға түгел жетіп, қазақ даласының төрт тарабын да басқыншы жаудан түгел арылтып алғанын білеміз.
«Осы арада тағы да ұлы бабалар даналығын еске аламыз»..... «Елдің бағын ашпаса, ер мұратқа жетер ме, ерінің сағын сындырса , ел мұратқа жетер ме ?! Есті еріңді ес тұтсаң - өзіңді өзің қорларсың, есеріңді ер тұтсаң – іргеңізден
жау кетпей, сойқаннан сойқан жолығып, сорларсың да зорларсың. Ел тірегі-ері ер тірегі елі бала білген қауымның басынан бағы кетер ме?! Ел мұраты – көрешек, ер мұраты- келешек. ....
Курстық жұмыстар
Толық