Қазақ әдебиеті | Қазақ ағартушы – философтардың дүниетанымы

Қазақтың рухани мәдениеті мен менталитетінде өшпес із қалдырған алып тұлғаның бірі Шәкәрім Құдайбердіұлы. Ақынның шығармашылығының негізгі тақырыбы мораль философиясы мен мәдениетін қамтиды.
Абай сияқты Шәкәрім де қазақ елін қалай өркениетті, мәдениетті елдер қатарына қосамын деп талпынады. Оның ойынша, бұл азаматтық өтеудің басты шарты – туған елдің бүкіл тарихи мәдени құндылықтарын жоғалтпай, оларды заман талабына сәйкес қолдану.
Ол: «Ынсап, рақым, ар, ұят, сабыр, сақтық - әуел болар алты шарт. Ынсап, рақым, ар ұят табылмаса, өлген артық дүниені былғағаннан», -деп жазды. Арлы, рақымды, ұятты адам баласы қоғамның қай кезеңінде де өзінің адамдық сапасын жоғары сақтаған. Басты мәселе – ар ілімі, моральдың төңірегінде. Кәдімгі этиканы Шәкәрімнің «ар ілімі» деп атауында да үлкен мән бар. Шәкәрім – ойшыл ақын ғана емес, қоғамдық озық ойға өзіндік үлес қосқан философ. Ол адам бола білудің басқа да сан алуан сапаларын ашып көрсетеді.
Сабыр деген - әр іске шыдамдылық,
Қатты керек адамға бұл бір қылық.
Қолы жетпес талай жан ызданады,
Осыдан келіп шығады адамшылық. –
дейді. Ал басқа шығармаларында, адам өмірі даңғыл жол емес, ал жолда бірнеше кезеңдер жатыр. Ол жақсымен де, жаманмен де кездеседі, жақсыдан үйренеді, жаманнан жиренеді.....
Курстық жұмыстар
Толық