Қылмыстық заң | ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢ

ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢ
Қылмыстық заң — Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Республика Парламенті қабылдаған құқылық акті болып табылады.
Қылмыстық заңның міндеттері — бейбітшілікті және адамзаттың қауіпсіздігін, адам мен азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті аумақтық тұтастықты, конституциялық құрылысты, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, табиғи ортаны қылмыстық қол сұғушылыктан қорғау және қылмыстың алдын алу болып табылады. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін қылмыстық заңдар қылмыстық жауаптылықтың негіздерін белгілейді. Жеке адамға, мемлекетке немесе қоғамға қауіпті іс-әрекеттердің қандайы қылмыс болып табылатынын айқындайды. Қылмыс істеген адамдарға қолданылуы мүмкін және өзге де ықпал ету шараларын белгілейді. Қылмыстық заң жазалау қатерімен тыйым салу арқылы адамның жеке басына, қоғамға, мемлекетке кінәлі түрде зиян келтіретін немесе зиян келтіру қаупін тудыратын қылмысты әрекеттерді істеуге тыйым салады. Қылмыстық заң сонымен қатар тиісті органдарға және лауазымды адамдарға іс-әрекетінде қыл¬мыс белгісі бар кінәлі адамды қылмыстық жауапқа тарту немесе көрсетілген негізге сүйеніп, оларды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатуды міндеттейді. Сонымен қылмыстық құқықтық норма бір мезгілде тыйым салушы және міндеттеуші нормалар болып табылады. Бұл нормалардың тағы да сақтандырушылық және тәрбиелік мәнібар.....
Курстық жұмыстар
Толық