Педагогика | Эстетикалық тәрбиені қалыптастыру жолдары

Кіріспе
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында білім беру жүйесінің барлық сатысы жеке тұлға тәрбиелеуге бағытталған. Оның ішінде бастауыш мектеп білім, білік, дағдылардың тұтас жүйесін қалыптастырып, баланың танымдылық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға негізделген алғашқы баспалдағы.
Соңғы жылдары бастауыш білім ісін жаңарту, қайта құру барысында қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Осы салада алдыңғы қатарлы ғалымдардың, жаңашыл-педагогтардың, тәжірибелі ұстаздардың пікірлері талқыланып, жаңа тұжырымдамалар, жобалар, бағдарламалар жасалуда. Қазақстан Республикасының 2003 жылы жарық көрген білім беру ұйымдарындағы кешенді тәрбие бағдарламасында баланы адамгершілік тұрғысынан тәрбиелеуді көздеп, оның рухани дүниесінің қалыптасуы мен ақыл-ой дамуының тиімді құралы болып табылатын эстетикалық тәрбие маңызды орын алады.
Кез-келген мемлекеттің интеллектуалдық, экономикалық, адамгершілік және мәдени потенциалдары тікелей білім беру аясы жағдайы мен оны ұдайы дамыту мүмкіндіктеріне байланысты екендігі баршаға анық. Осы жағдайларды түсіну Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2015 жылға дейінгі тұжырымдамасын даярлауға әкелді, бұл қазіргі уақытта үздіксіз білім беру стратегиялық қайта құрудың бастауыш сатысын тікелей жүзеге асырудың ең бір тактикалық бағыттарының бірі ретінде қабылданды. Концепцияда бастауыш мектептің негізгі міндеті: баланың бастапқы қалыптасуы мен оның қабілеттілігін анықтап, дамытуды қамтамасыз ету болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық