Әлеуметтану | Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі

Кіріспе
Адам жөнінде қамқорлықтың өсуі, оны әлеуметтік қорғау тек этикалық-моральдық пайымдардың ғана бұйрығы емес, сонымен бірге оның прагматикалық негізі де бар, өйткені XXI ғ. табалдырығында «адам капиталының» рөлі экономикалық өсудің басты қозғаушы күші ретінде шырқау биікке көтерілді. 192 елдің ұлттық байлықтарының талдауына сүйене отырып, Дүниежүзілік банктің сарапшылары 90-шы жылдардың орта шенінде өндірістік қорлардың үлесіне ұлттық байлықтың 16% –ы, табиғи қорларға -20% – ы, «адам капиталына» 64% -ы тигенін есептеп шығарды.
Әлеуметтік қорғау жүйесі әркелкі қоғамның барлық мүшелері үшін ең төменгі тұрмыс стандарттарын қамтамасыз етуді ұйғарады. Осындай тәсілдің теориялық негізін алғаш рет Джон Роулз қалады. Оның философиясының мәні былай тұжырымдалады, әр азамат өзінің болашағын нық сеніммен болжай алмағандықтан, кедейшіліктен немесе табыс көзінен айырылудан сақтандыру әбден тиімді болуы мүмкін. Қоғам ауқамындағы мұндай сақтандыру оның ең аз қамсыздандырылған мүшелері жөнінде қамқорлық нысандарын қабылдауы ықтимал: өздерінің ағымдағы табыстарының бір бөлігін осы мақсаттарға беру арқылы, әрбір азамат, болашақтағы қолайсыз жағдайлардан өзін сақтандырғандай болады.
Роулз критирийіне сәйкес қоғамның жалпы әл-ауқаты оның ең кедей тұрмысты жіктерінің әл-ауқат деңгейімен анықталады. Алайда, үнемелі теңдікке бағытталған саясат, өте қымбат қоғам игілігі ретінде (немесе тиімділіктен айырылу ретінде) қаралуы мүмкін, оңай игілікті тек дәулетті қоғам ғана пайдалана алады. Бұл арада орынды жеткіліктілік қағидасын сақтау ерекше маңызды.....
Курстық жұмыстар
Толық